Сабақтың тақырыбы:
Армысың, алтын күз!
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Күз
мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу
2.Тәрбиелік: Күзгі енбек және табиғатты сүю,
қорғау
3.Дамытушылық: Эстетикалық, экологиялық білім
беру
Сабақтың көрнекілігі:
Суреттер, жеміс-жидектер, плакаттар, нақыл
сөздер,
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.
Оқушылармен сәлемдесу.
2.
сыныпты мерекелік шараға безендіру.
3.
Қонақтарды күтіп алу, мерекені өткізу.
ІІ.
Күй «Ата толғауы» ойнап тұрады. Оқушылар саппен келіп тақта алдына
орналасады.
1. Бастаушы: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және
осы кешке келген қонақтар! Бүгін «Армысың, алтын күз» атты
мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2. Бастаушы: Өрік, алма, шие, алша, Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр сәбіз Қоймаларға түседі Айтындаршы балалар Бұл
қай кезде болады? /Күзде/
1 оқушы: Қуандырып біздерді
Берекелі күз келді
Мерекелі күз келді
Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз!
2 оқушы Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай
жапырақ сары алтын,
Айналанын бәрі алтын
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел
жемісті-алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
3 оқушы. Күздің сыйын алайық
Қызығына қанайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық
4 оқушы Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шуағын.
5 оқушы Жүрексіз қоян безеді
Жөңкіле қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
6 оқушы Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша,
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша!
7 оқушы Күн
шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшып кенет жапырақ
8 оқушы Ой,
алақай, тамаша!
Шашу шашып, жапырақ,
Бақтын іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
9 оқушы Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық- алтын тау
10 оқушы Тамсандырып тандайды,
Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер
бетіне түседі.
11 оқушы Күз
Мен
күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе
қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп-төгіп
жіберемін. Әйтседе, менін жомарттығыммен ақ көңілділігімді бәріде
ұнатады.
Күз: - Рахмет! Ал балалар білеме, неге мені
«алтын күз» деп атайды?
12 оқушы Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап Мұны көріп, қалай күзді
Тенемейміз сары алтынга?
13 оқушы Қауын-қарбыз жемістермен
Толтырамыз қол себетті
Алтын күз деп аталады
Күз
айы да сол себепті
14 оқушы Рахмет, балалар, кім күз айларын
атайды?
15 оқушы Күз
айларына: Қыркүйек, Қазан, Қараша айлары жатады.
Бастаушы: Ендеше балалар! Ортаға осы кештің куәгерлерін,
яғни күз айларын шакырамыз
16 оқушы Қыркүйек:
Алтын күз!
Сізбен бізге шуак шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын,
Бақпен шаттық бізге қатар
қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын!
17 оқушы Қазан:
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық адал достықпен
Жалғасып күндер барады!
18 оқушы Қараша
Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі!
Бастаушы: Жапырақтың жауып алтын жанбыры,
Таусылмайды қоңыр күздің ән
–жыры
Алатаудың шындарынан шашырап
Далама құйылады таң нұры!
ІІ. Бөлім Күз
жұмбақтарын шешеміз
Бастаушы: Ал,
балалар, балалар! Күзді енді тындандар Қандай жұмбақ болсада Шешпей
оны қоймаңдар
1 жұмбақ: Іші
жұмсақ, сырты қатты Еті қызыл, сүті тәтті
/Қарбыз/
2 жұмбақ:Дөп-дөнгелек доптай Іші қызыл шоқтай Дәмін татып
корсем Одан дәмді жоқтай. (алма)
3 жұмбақ: Тәңертең де,түсте де Күнге бетін бұрады
Тостағанын кішкене Тосадыда тұрады, (күнбағыс)
4 жұмбақ: Көктемде көктеп масағы , Шілдеде жайнап шашағы
Тамызда толық толықсып Қауызын күзде ашады
(бидай)
5 жұмбақ: Тамырдан нәр тарады Жазда жайқалады, Күзде
сап-сары боп Жерден жай табады (жапырақ) 6 Беті де қызыл Еті де
қызыл Дәмдері жақсы Дәндері тапшы (қызанақ)
7 жұмбақ: Жерге қазық қақтым Басына айдар тақтым
(сәбіз)
8 жұмбақ: Асы
көп, Халық оны айтады, Дәм басы деп (нан)
« Ұйқасын тап !» ойынын ойнаймыз
Тақ-тақ-тақ (аяқ тарсылдатады)
Айтамыз біз не?(тақпақ)
Рақ-рақ-рақ (қол шапалақтап)
Күзде түсер не? (жапырақ)
Қол-қол-қол (қол бұлғайды)
Күзде егін (мол)
Тоқ-тоқ-тоқ (партаны
тақылдатады)
Шыбын-шіркей (жоқ)
4бөлім Ойын .
жапырақтарға жазылған12 айдың ішінен күз айлары жазылған
жапырақтарды кім тез жинайды? Бір оқушы күз айының атауын айтып
жүріп жапырақтарды (қыркүйек,қазан,қараша) Жинап
алады
5бөлім Сұрақ-жауап.
1.
Күз белгісі не? -жапырақтар сарғаяды. -құстар қайтады -күн суытып,
жаңбыр жауады: -жеміс-жидектер піседі. Астық
жиналады.
2.
күзді неге береке дейміз? -күзде барлық жеміс-жидектер
жиналады,егін пісіп,мал семіреді.
3.
күзді неге байлық дейміз? - піскен егін, жеміс-жидек дүкендерге
түседі,семірген мал сойылып,ет көп болады,молшылық
болады.
4.
күзді неге мереке дейді? -егін жиналып ,піскен кезде,егіншілер мен
жұмыскерлер өз еңбегінің жемісін көріп,қуанады,мерекелейді “ Сабан
той”жасап мейрам өткізеді.
5.бөлім. ертегіден көрініс “ Қасқыр мен қоян”
орындайтындар: Мақсат пен Тайман.
6.бөлім «жеміс-жидектерден композиция
жасау.
Қорытындылау.