Материалдар / Ашық тәрбие сағаты «Ана - мәңгілік шуақ төккен ғасырлара»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты «Ана - мәңгілік шуақ төккен ғасырлара»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
1077
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана - мәңгілік шуақ төккен ғасырлара» мерекелік ашық тәрбие сағаты

Мерекелік тәрбие сағатының басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

«Шашу» биімен ашылады

(Би аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.


1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай мың бұрала билеген биші қыздарымызға қошеметтеп қояйық

(қыздар ортаа тағы келіп бас иеді)



2-жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып,

ортамызға, бүгінгі шараға арнайы келіп отырған аналарымыз шақырамыз.. Сөз кезегі өздеріңізде...

(1.Азелья және Алтынай ортаға екі ананы алып шығады,отырғызады таныстырады.

Азельяның анасы өзі туралы ақпарат айтып және қыз бала туралы, тәрбиесі туралы айтады)

(2.Алтынайдың анасы өзін таныстыра отырып, 8-наурыздың қайдан шыққандығы туралы, ақ жаулықты аналарымыздың қоғамда алатын орны туралы әңгімелейді)


Азелья: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып Азамат атты ұлдарыңыздың жүрекжарды тілегін ұсынады. қабыл алыңыздар


Азамат: Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді…

(қол шапалақ)

2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер. Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер. Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп ендігі кезекті  ... сыныптың байсалды да байыпты жігіттеріне береміз. қабыл алыңыздар!

-флэш моб ұлдар билейді

Азелья: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 


Алтынай:  Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,  Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің әзірлеген сұрақтарына жауап беріп көріңіздер

(ұстазға және келген аналарға сұрақтар қойылады)

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім? /ұстазға

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді? / Азелья анасына

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме? / Алтынай анасына

4. кластағы ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз? / ұстазға

5. Өлең айтып бере аласыз ба?/ Азелья мамасы

6. қыздарды, аналарды құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба? / Алтынай мамасы

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады? /Азелья мама

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?/Алтынай мама

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе? /Азелья мамасы

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?/ алтынай мамасы


1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.


2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.


Азелья: -Ия дұрыс айтасыздар... Ендеше ұл-қыздардың аналарына арнаған өлең шумақтары бар екен,соған кезек берейік

(ортаға оқушылар шығады, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді)


1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.


3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.


4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.


5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 


1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  сыныптастарымыздың орындауында «Жайдарманшылар» әзіл кеші... қабыл алыңыздар

(ортада ұлдар КВН көрсетеді)

2-жүргізуші:  Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ...

оқушымыздың орындауындағы «Қазақ қызы» әнін қабыл алыңыздар.

орындайтын:

1-жүргізуші:  Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. 

хор «ана»

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!  Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін аналарымыз бен ұстазымыға береміз...


2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен бүгінгі кеш аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!