Ашық тәрбие сағаты
І. Сабақ тақырыбы: Ана тілім – айбарым
ІІ. Сабақ мақсаты: оқушыларды ұлттық тіліміздің өркендеуіне, ана тілімізді
сүюге, ана тілінің мәртебесін биік ұстауға,
Отанының патриоты болуға баулу.
ІІІ. Көрнекілігі: плакат, лозунг, ҚР рәміздері, бүктемелер, мақал-мәтелдер.
ІY. Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Ашық тәрбие сағаты ҚР-ның әнұраны
Бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Амансың ба,көрермен, о жамағат,
Алыңыз сәлемімді барша тарап,
Амандасу көнеден дәстүріміз,
9–сыныптан мың саламат.
Оқушы: Көгімізде елжірейді күніміз,
Төбемізде желбірейді туымыз.
Мейрамдарда, майдандарда
Батырларша мына біз
Біздің туды тік көтеріп шығамыз. (Ту алып шығады)
Жүргізуші: Біздің ұранымыз.
Хор: Отан, тіл бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілік сүйіп өтем.
Би : «Концерт» би Жанзакова Г.
Оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Оқушы: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Оқушы: Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Оқушы: Ана тілім – аяулы арым анық,
Орнағансың санама, жаныма нық.
Өзге тілдің ашарда әліппесін,
Өз тілімнің қоямын шамын жағып.
Ән: «Ананың тілі» қыздар тобы.
Оқушы: 1997 жылы шілденің 11-жұлдызында ҚР Тіл туралы заңы күшіне енді.
Оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп тастап мұңды жүрек түрдігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне
Паш еткендей жаңа кескен кіндігін.
Оқушы: Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Деген едің: «Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы атандың-ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.
Оқушы: Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.
Оқушы: Қуан халқым! Күшіне енді тіл Заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Ән. «Армысыңдар, адамдар!»
Оқушы: Халық қаһарманы Б. Момышұлы атамыз: «үш нәрседен қорқамын» деп өз еңбектерінде жазған екен.
-
Ана тілін білетін жастарым жоғалады ма деп қорқамын.
-
Бесік жырын, әлдиін айтатын аналар жоғала ма деп қорқамын, өйткені ана тілі ананың ақ сүтімен, бесік жырымен дариды.
-
Ұлтымыздың әдет-ғұрпын жалғастыратын ұрпағым жоғала ма деп қорқамын деген екен.
Оқушы: Туып өскен Торғайдың даласында,
Қайран елі, қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім ойланбай табасың ба?
Хор: Ахмет Байтұрсынов.
Оқушы: Елім деп соққан жүрегі
Ахметтей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп танытқан,
Ғұламаның есімін кім біледі.
Хор: Құдайберген Жұбанов.
Тіл туралы қанатты сөздер айтылады.
Оқушы: Ана тілі асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілде сөйлеп өскен балаңмын.
Көрініс: «хан мен Сырымның айтысы».
Оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Оқушы: «Бата» (Қария киімін киіп айтады.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Ана тілім - айбарым"
Ашық тәрбие сағаты "Ана тілім - айбарым"
Ашық тәрбие сағаты
І. Сабақ тақырыбы: Ана тілім – айбарым
ІІ. Сабақ мақсаты: оқушыларды ұлттық тіліміздің өркендеуіне, ана тілімізді
сүюге, ана тілінің мәртебесін биік ұстауға,
Отанының патриоты болуға баулу.
ІІІ. Көрнекілігі: плакат, лозунг, ҚР рәміздері, бүктемелер, мақал-мәтелдер.
ІY. Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Ашық тәрбие сағаты ҚР-ның әнұраны
Бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Амансың ба,көрермен, о жамағат,
Алыңыз сәлемімді барша тарап,
Амандасу көнеден дәстүріміз,
9–сыныптан мың саламат.
Оқушы: Көгімізде елжірейді күніміз,
Төбемізде желбірейді туымыз.
Мейрамдарда, майдандарда
Батырларша мына біз
Біздің туды тік көтеріп шығамыз. (Ту алып шығады)
Жүргізуші: Біздің ұранымыз.
Хор: Отан, тіл бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілік сүйіп өтем.
Би : «Концерт» би Жанзакова Г.
Оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Оқушы: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Оқушы: Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Оқушы: Ана тілім – аяулы арым анық,
Орнағансың санама, жаныма нық.
Өзге тілдің ашарда әліппесін,
Өз тілімнің қоямын шамын жағып.
Ән: «Ананың тілі» қыздар тобы.
Оқушы: 1997 жылы шілденің 11-жұлдызында ҚР Тіл туралы заңы күшіне енді.
Оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп тастап мұңды жүрек түрдігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне
Паш еткендей жаңа кескен кіндігін.
Оқушы: Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Деген едің: «Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы атандың-ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.
Оқушы: Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.
Оқушы: Қуан халқым! Күшіне енді тіл Заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Ән. «Армысыңдар, адамдар!»
Оқушы: Халық қаһарманы Б. Момышұлы атамыз: «үш нәрседен қорқамын» деп өз еңбектерінде жазған екен.
-
Ана тілін білетін жастарым жоғалады ма деп қорқамын.
-
Бесік жырын, әлдиін айтатын аналар жоғала ма деп қорқамын, өйткені ана тілі ананың ақ сүтімен, бесік жырымен дариды.
-
Ұлтымыздың әдет-ғұрпын жалғастыратын ұрпағым жоғала ма деп қорқамын деген екен.
Оқушы: Туып өскен Торғайдың даласында,
Қайран елі, қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім ойланбай табасың ба?
Хор: Ахмет Байтұрсынов.
Оқушы: Елім деп соққан жүрегі
Ахметтей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп танытқан,
Ғұламаның есімін кім біледі.
Хор: Құдайберген Жұбанов.
Тіл туралы қанатты сөздер айтылады.
Оқушы: Ана тілі асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілде сөйлеп өскен балаңмын.
Көрініс: «хан мен Сырымның айтысы».
Оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Оқушы: «Бата» (Қария киімін киіп айтады.)
шағым қалдыра аласыз













