Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Психологиялық дайындық | АКТ. Шаттық шеңбер құруОқушыларды топқа бөлу
| Шаттық шеңбер құрады Қима қағаз арқылы 2 топқа бөлінеді
|
І. Білу | Сабақтың мақсатын айқындауарқылы оқушылар видео ролик көреді | Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.Видео ролик арқылы оқушылар оз ойларын жинақтайды және топпен бөліседі |
ІІ.Түсіну | Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
| Әр оқушы табиғи апаттарды атап және талдап көрсетеді , мағынасын ашады.Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады.
Дауылдар. Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.
Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті. Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күштерінен пайда болатын толқындар.
|
ІІІ. Қолдану | Постер корғау
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
| Оқушылар постер қорғап ,өз пікірлерін айтады.
«Жүректен-жүрекке» сергіту сәтін жасайды. |
ІҮ. Талдау
| Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Өрт шыққан жағдайда қандай арекет жасау керек?
Су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек? | Жер сілкінуіне дейінАлдын ала дайын болыңыз;- рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттар;- үш күнге жететін тамақ пен су;- жылжымалы электр фонары мен сөмке;- алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;- жылы киім мен аяқ киім; Алғашқы жер сілкінісі кезінде:Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз;- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үй ішінде болсаңыз:- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;- Лифтіні пайдаланбаңыз. Су тасқыны кезінде:- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау; |
|
|
|
|
|
|
Ү.Жинақтау
| 1. Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар нешеге бөлінеді? 2. Табиғи апаттарды ата? 3. Техногенді апатарға мысал келтір? 4. Жер сілкінісін қандай ғылым зерттейді?
| Оқушылар жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар нешеге бөлінетінін біледі.Табиғи апаттармен техногенді апаттарды ажырата алады.. Жер сілкінісін қандай ғылым зерттейтінін біліді. |
ҮІ.Бағалау
| «Табиғат адамзатқа аманат» тақырыбында слайд шоу тамашалайды | Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
|
VII. Рефлексия
| Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Смайликпен көрсет.(өте қызық, түсінбедім, ұнамады)
| Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету.
|
|
|
|