ІІ.Түсіну
|
Сұрапыл апаттар
дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт
бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін
құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін
табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер
сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Әрбір зілзаланың өзіне
тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен
даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі
бар.
Зілзала кез келген
мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше
оқиға.
Қазақстан Республикасы
аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар
көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен,
20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25%
- зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш
көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар арасында ерекше орын алады.
|
Әр оқушы табиғи
апаттарды атап және талдап көрсетеді , мағынасын
ашады.
Жер
сілкіну – жер
қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол
өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді.
Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға,
тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар
опат болады.
Су
тасқыны -
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың
өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып
қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға
ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда
өте қауіпті.
Дауылдар. Дауыл — жойқын күші бар
және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың
пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып,
атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан
бұзылуы әсер етеді.
Құйындар – ауа ағысының
үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды
ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта
аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның
әрекеті. Цунамилер – теңіздер мен
мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күштерінен пайда болатын
толқындар.
Сел
–– тау өзенінің өз арналарынан
кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт
өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты
ағын. Қар көшкіні
-– бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам
лықсуы.
|