Арыстың елі намыстың елі
Мақсаты : 1. Қасиетті Арыс қаласының 55 жылдық және мерей тойына байланысты оқушыларды қаланың тарихымен таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ондағы біртуар перзенттер жайлы айта отырып , олардың еңбектерін қадірлей білуге үйрету;
2. ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту;
3. ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : *Арыс орталық Азия қақпасы* журналы, Арыстың суреттері, слайдтар, ақындардың өлең жинақтары, нақыл сөздер.
Барысы.
Мұғалім: Арысым, өркенде, гүлдене бер,
Көрген жан ғажайып күйге енер.
Түлеген киелі топырақтан,
Ұл-қызың шетінен сүйген өнер.
Батырлар бесігі болған қала,
Еңбектің ерлері туған дара.
Тоғыз жол қақпасы- құт бастау,
Әкенің кәсібін қуған бала. деп Арыстың төл перзенті Темірхан Әбдіков ақын жырлағандай , Арыс- Оңтүстік –Қазақстан облысының батысында, ұзындығы Шымкенттен Қызылдың Құмына дейінгі , ені Қаратаудан Сарыағашқа дейінгі құс қанаты талатын байтақ алап.Шырайлы да құнарлы, кенді де кемел өлкенің ежелгі кезеңнен –ақ ырыс пен берекенің, бірлік пен ынтымақтың мекені болып, елдік пен ерліктің туын биік көтерген, қазақы салт пен дәстүрді, әдет пен ғұрыпты, тіл мен ділді, дінді киелісіндей теберіктеп, ұлт рухын асқақтатқан ғажайып өлке.
Тату елдің тойы ешқашан тарқамақ емес.
Ежелден қалыптасып бүгінге жалғасқан және ертеңге ұласатын аса бай, мәнді де мағыналы тарихымен, өміршең мәдениетімен, өлмес әдебиетімен және өнерімен мақтанады.
Арыс стансасы,Арыс темір жол торабы,Арыс қаласы,Арыс ауданы,Арыс өзені,Арыс елі.. Арыстықтар *Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл-қызымыз арыс болсын* деп мақалдайды.
Арыс елі қашаннан –намыстың елі. Биыл Арыс қаласына 55 жыл толды. Осы мерекеге арналған *Арыстың елі- намыстың елі*- атты тәрбие сағатымызды бастайық.
1оқушы: Арнау.
Сегіз өрім бала Ойғанақ, Сыр бойында қос мұңлық
Арыстың аты ежелгі. Бірін- бірі жоқтаған.
Қызықтап өткен шартарап, солардан қалған бұл аймақ
Бұралып аққан өзені. Гүлденіп өсті арайлап.
Жекен Шайық, Төрт құлақ, Ерлікпен ісі жарасқан,
Әулиелер жатқан жер. Жұлдызы жанып алаштан.
Басына ғұмыр бақ сұрап, Шойын жолды гүлдеткен ,
Құмырсқадай аққан ел. Салықбаев Әуесхан.
Аруанасын шөгеріп, Өнердің құты дарыған,
Асан Қайғы түнеген. Дулатын түркі таныған.
Көмекейден жыр өріп, Айтматов Шыңғыс келген жер,
Сөзімен халқын сүйеген. Ат мінген ұстап жалыннан.
Ақтабанда кешегі Киелі өңір Арысым,
Абылай хан тоқтаған. Ортаймасын табысың.
Бұқар жырау бұрқанып, Той жасап жатыр ұл-қызың,
Буынсыз тілмен ақтаған. Биік ұстаған намысын
Ханбас батыр қан жұтып, Бес батыры атойлап,
Босағаны жаудан ақтаған. Көрсеткен ерлік шын айғақ.
2 оқушы: Арысым...
Ауаңменен тыныс алып емделем,
Оңашада аңсап толқып тербелем.
Арманымның ақ сұңқары туған жер,
Алып ұшып сағынумен мен келем.
Қандай ыстық туған жердің түтіні
Сыбызғыдай сыңғырлайды тәтті үні
Алыс жаққа сапар шегіп кетсемде
Есте жүрер балғын шақтың пәк күні.
Неткен ғажап ..Балбыраған бал шырын
Ақтаратын тек өзіме жан сырын
Арысымның ор текедей толқынын,
Шәмші сүйіп жазды назды ән жырын
Атамекен кіндік қаным тамған жер,
Бес Батырың аты өшпес майдангер
Еңбегімен еленуде ерлерім,
Игілікке жаратады пайдаңды ел
Қазақ ұлтқа еңбегі сіңген азаматтарды*Арысым* деп мақтаныш етеді.
3 оқушы: Арыс - қасиетті ұғым. Арыс көне түркі сөзі. Биіктік пен тереңдікті , тазалық пен тектілікті, кеңдік пен алыптықты, мәрттік пен жомарттықты, ұлылық пен кішілікті білдіреді.
4 оқушы: Қазіргі таңда Арыс қаласы облыс пен республикада ауыл аймағы бар санаулы қалалардың бірі болып отыр. Жер көлемі 634095 гектарды алып жатыр. Халқы 64,180 адамды құрайды. Мұның 38,033 қалада, 26,177ауылда тұрады. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар-88,4 пайыз,орыстар-5,6. Татарлар-1,2, қалғаны басқа ұлт өкілдері .
5 оқушы: Шаруашылық нысандары: барлығы -520. Құрылыс-32, өнеркәсіп -14, көлік және байланыс-23, энергетика -8, сауда-118, банк филиалдары, асқалары-322. Мұның ішінде мемлекеттік кәсіпорын-11, ЖШС-228, өк-141, АҚ-12, басқалары-128.
6 оқушы: Білім беру нысандары: мектеп-39, колледж-1, кәсіптік мектеп-1, балалар саз мектебі-1, мектеп жасына дейінгі мекемелер-1, мұның ішінде жекеменшік-1.
7 оқушы: Денсаулық сақтау нысандары: аурухана-9, емхана-2. ФАП-21, отбасылық емхана-2, өндірістік кооператив-2,жедел- жәрдем стансасы-1, тіс емханасы-1.
8 оқушы: Мәдениет және спорт нысандары: мәдениет үйі, клуб-5, кітапхана-14, стадион -1, спорт мектебі-1, бокс мектебі-1.
9 оқушы: Арыс өңірінде киелі орындар көптеп саналады. Арқалы ақынға да көреген әулиеге де бұл өңір кенде емес. Оларды атап айтсақ Жекенсаяқ әулие, Жақып әулие, Ақын баба әулие. Мұңлық-Зарлық әулиесі. Сыр елінің мінажат етер киелі орындары. Ел аузында мынадай қағида бар, *Жақыпқа түне, Ақыннан тіле* дейді
Көрініс: *Жекенсаяқ әулие аңызы бойынша*
Әр әулиенің шығу тарихына қысқаша шолу жасалады.
10 оқушы: Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары арыстықтар да лек-легімен майданға аттанып , зұлым жауға қарсы алапат шайқастарда ерліктің нағыз үлгісін көрсетті. Соғыс кезінде ерлігімен халқын қорғай білген батырларымыз бар. Садық Смайлов , Бейсен Оңтаев, Берген Исаханов сынды аталарымыз Кеңестер Одағының Батыры атағын 1943 жылы алса, Иван Макарович Журба -1944жылы Нағи Ілиясов -1945 жылы алды.
Олар Тәуелсіз Қазақ Елінің іргетасын қалауға да қатысты.
Олар өздерінің жанқиярлық ерлігімен , жасампаздық еңбегімен, өршіл рухымен ел жадында мәңгілік қалды. Ерлік пен елдік қашаннан елге мұра, ұрпаққа ұран. Ұлы Отан соғысы батырларына- мың тағзым.
12 оқушы: Арыстың ардақты азаматтарының есімі әлемге танылып жатыр. Мақтанышпен айтар болсақ белгілі қоғам қайраткері, академик Төлеген Тәжібаев, ғалым-академик Мұрат Жұрынов ,сатира сардары, жазушы-драматург Садықбек Адамбеков, ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Президентінің аппарат қызметкері Бауыржан Досқараев, академик Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың луреаты, техника ғылымдарының кадидаты, доцент Садуақас Жапаев, өнер қайраткерлері Ақжол Мейірбеков , Шакизада Шанасұрова , Ержан Серікбаев, Нұрлан Еспанов, Жазира . Бұлар Арыс қаласының ғана мақтанышы емес, республикамыздың мәртебе-мерейін көтеріп жүр.
13 оқушы: Ән –жырдың арқауы - Арыс десек артық айтпаған болар едік. Халқымызда *Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас*деген сөз бар. Осы бір аталы сөз ақындардың қаламы арқылы сан қырымен құлпырып көрінеді. Әдебиет әлемінің ақ босағасын аттаған әрбір ақын , әрбір жазушы өзінің алғашқы шығармасынан бастап, соңғы шығармасына дейін туған елі мен жерін жырлайды. Ал, сазгерлер әнін,күйшілер күйін арнайды. Олай болса ендігі кезекте Арыстық ақындардың өлеңіне кезек берейік
14 оқушы: *Жайнай бер, менің Арысым!* Сабырхан Әлібекұлы.
15 оқушы: *Тіктеп жатыр.* Темірхан Әбдіков.
16 оқушы: *Арысымды жырға қоссам.* Роза Сұлтанәлиева.
Қорытынды: Міне,2011жылдың күзі де келіп жетті. Биыл қаламыздың құрылғанына 55 жыл, ал Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл. Біздің кешегіден бүгініміз, бүгінімізден ертеңіміз нұрлы . Республикалық ауқымынан қарағанда алақандай Арыстың атақ-абыройы, мәртебе-мерейі өзіне лайықты екені арыстықтардың жарқын болашаққа арнаған жасампаздыққа толы еңбегінің жемісті екені әрбіріміздің кеудемізде мақтаныш сезімін тудырады.
Арыс болашақта , Барыс қалаға айналады.
Жөн сұрасқан кез-келген арыстық «Қайдансың?»- деген сауалға «Арыстанбыз»-деп, кеудені керіп мақтанышпен жауап береді . Біз шынында да, Арыстанбыз.
Арыстан - аң патшасы емес пе?! Мақтанайық ағайын.
Тәрбие сағатының авторы: Шойбекова Нурипа Темірбекқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс қаласы
Шағыр ауылы
А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Арыстың елі, намыстың елі"

шағым қалдыра аласыз