2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың! 10 сынып

Ашық тәрбие сағаты Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың! 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге ата-аналармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-ананың парызын

Өтеу сенің қарызың

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата-ананы қастерлеп, құрметтеуді, үлкенді сыйлауды үйрету. Ата-ана алдындағы борышын сездініп, саналы ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,альбом, газет, шар, интербелсенді тақта

Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы.

2. Видио көрсетілім «Ата-анаға қамқорлық»

3. «Біз біргеміз!» жаттығулар

4. «Өтінемін!» ойыны

5Тығырықтан шығу (Рөлдік ойын)

6. «Менің баламның хаты»

7. Сұрақ-жауап

7. Ашық микрафон

8.Ой- толғаныс

Тренинг барысы

І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған, -

да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

«Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.

Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.

Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ата-аналарымызға арнаймыз.

І. Топтастыру (Ата-ананың парызын, Өтеу сенің қарызың) сөздері арқылы топтастыру.

Оқушылар ортаға шығып:

- Әкем-береу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда – мереке. Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Сіздерге аялы алақандарыңыз

жылы жүректеріңіз

мейірімді көзқарастарыңыз ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!


ІІ. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Әр бала өзінің анасының немесе әкесін әдемі сөздермен таныстыру керек. Мысалы: Бұл менің анашым қарапайым Қарлығаш.Бұл менің әкешім-мейірімді Марат. Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

- Құрметті ата-аналр сіздер балаларыңыз есімдеріңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыздар?

- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?


ІІІ. Видио көрсетілім «Ата-анаға қамқорлық»

Оқушыларға видиокөрсетілім көрсетіледі. Оқушылар мұқият көріп болған соң,сұрақтар қойылады:

-Видиодан не түсіндік?

-Ата-аналарымызға қаншалықты көңіл бөліп жүреміз?

-Ата-анамызды қалай қуанта аламыз?

АТА-АНАЛАР СІЗДЕР НЕ ТҮЙДІҢІЗДЕР; БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ПІКІРІМЕН КЕЛІЕСІЗДЕРМЕ?


ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету

«Біз бақытты жанұямыз!» Барлық оқушылар ата-аналарымен бірге «Біз бақытты жанұямыз» тақырыбын ашу үшін өлең оқиды немесе ән айтады, сурет салып баяндауғада болады.


ІV. «Өтінемін» ойыны.

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін, т,б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар -

- секіріңіздер

-өтінемін,балалар, ата-аналарыңды құшақтаңыздар

- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды ұстаңыздардар

-өтінемін билеңіздер

- қол шапалақтаңыздар

-өтінемін балалар ата-анаға алғыс айтыңыздар

-өтінемін орындарыңызға отырыңыздар

V. . Тығырықтан шығу жолы (Рөлдік ойын)

Телевизалық бағдарламалардың кейіпкерлерін рөлдік ойынға салып ойнау.

Ата-ананың парызын,

Өтеу сенің қарызың

1-топ оқушылары Айтуға оңай

2-топ оқушылары Дара жол


VІ. Менің анам....Менің әкем... (Сынып оқушыларына алдын ала берілген шағын шығармаларды, ата-аналарға оқып беріп, кімнің баласы жазғанын тауып алу)

Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» өлеңі.

Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа

күйе -тұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз

жүре –тұғын.

Кім сендерді, балалар

тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар,

жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын

көлдететін.

Кім сендерді сағынар

шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай,

көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз

сайын,

Хат жазып тұр, төбесі

көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді

келгеніңше,

Құлындарын көзімен

көргенінше?

Сендер қайтып келгенде

адам болып,

Еш арманым болмас

дер өле-өлгенше.

Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймын.

Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.

Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.

«Алты аға бірігіп - әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!

Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін, жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп, дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші адамның ісі емес. Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жанына қатты батса да, сабыр етіп, өзіңді дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың міндет.

Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!

СҰРАҚ-ЖАУАП

жүргізуші: Сұрақ-жауап,яғни сұрақтар өмірден алынған. Мысалы біз кейде балаларымызға «Ақымақсың сен қолыңдағының барлығын таратуға дайынсың...» дейміз, бұл - негативті қондырғы.Салдары жайлы ойласаңыз осы кезде балада өзін төмен бағалау,қызғаншақ,өзінің құрбыларымен қиындықтар өзімшілдік пайда болады Сіз былай жауап беруіңіз керек: «Жарайсың! Сен қолыңдағыны өзгелермен бөлісесің! »-бұл позитивті қондырғы.

1 жүргізуші. Қатысушыларымыздан әділ-қазылардың алдынан сұрақтарын алуын сұраймыз.Әр ата-анаға екі сұрақтан.

Сұрақтар:

1

1.«Басыма бәле болдың ғой».

2.«Бұл сенің ақылың жететің жұмыс емес, араласпа!..»


2

3.« Қалыңырақ киін, ауырып қаларсың!»

4.«Сен тура әкең сияқты жалқаусың...»


3

5.«Ешнәрсе істей алмайсың,қолыңнан түк келмейді!»

6.«Өмір өте қиын: өскен соң білесің!..»


4

7.«Сен өте жалқаусың, еріншексің!»

8.«Өзің ешқандай іс істеме,үлкендерден рұхсат сұра!»


жүргізуші:

1

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

1. Өзін кінәлі сезіну, өзін төмен бағалау, айналасындағыларға өшпенділік, бөтендік, ата-анасымен жанжал пайда болады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

1.«Бақытымсың,қуанышымсың!»


Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

2.Өзін төмен бағалау,психикалық дамуында іркіліс,өзінің пікірінің жоқтығы,бөтендік,жанжал туады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

2. «Ал,сен қалай ойлайсың?»


жүргізуші.

2

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

3.Өзінің денсаулығына деген жоғары уайым,уайымдау,қорқыныш,жиі тұмау аурулары пайда болады..

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

3. «Шынықсаң сау боласың!»


Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

4.Ата-анамен қарым-қатынастағы қиындықтар,бірбеткейлігі,ата-анасының қылығын қайталау қалыптасады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

4. «Біздің әкеміз тамаша адам!»


жүргізуші:

3

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

5.Өзінің күшіне деген сенімсіздік,өзін төмен бағалау,қорқыныш,өзінің денсаулығына деген жоғары қорқыныш,талапсыздық,мақсатқа жетуде жайбасарлық пайда болады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

5. «Тағы бір істеп көр,сенің қолыңнан келеді!»


Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

6.Сенімсіздік,қорқақтық,еріксіздік,тағдырға мойынсыну,бақытсыз жағдайларға бейімділік,күмандану,пессимизм пайда болады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

6. «Өмір қызық әрі тамаша! Барлығы жақсы болады!»

жүргізуші:

4

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

7.Өзін-өзі кінәлау,қорқыныш,өзіне және өзінің сыртқы келбетінекөңіл аудармау,достар таңдай білмеу.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

7. «Сен таза әрі жинақы кезіңде,саған қараған өте керемет!»


Салдарын жүргізуші оқып тұрады.

8.Қорқыныш,өз-өзіне сенімсіздік,мақсатсыздық,үлкендерден қорқу,тәуекелсіздік,өзгелердің пікіріне тәуелділік,беймазалық пайда болады.

Позитивті жауапты қатысушы айту керек.

8. «Сен күштісің,қолыңнан барлығы келеді.»


VІІ. «Ашық микрафон».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Ашық микрафон» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.


Ой-толғаныс

-Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. Солардың біріне тілектеріңізді не өтініштеріңізді жазып қалдырсаңыздар болады. Бүгінгі сабағымызға келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын. Сау саламат болыңыздар!




































06 Ақпан 2019
2787
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі