Материалдар / ашық тәрбие сағаты "Аяулы анашым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық тәрбие сағаты "Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік кештерге қосымша көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалқар ауданы,Сарысай негізгі орта мектебі

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Жубатканова Гулдана Кеулимжаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Аяулы анашым! »

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер,

әндер арқылы аналармен аруларды мерекемен құттықтау,

оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,

ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйларын арттыру,

ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Мұғалім: Құрметті аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезімменнұрын құйып,тағыда

8-Наурыз халықаралық әйелдеркүні келді.Осынау көркем мерекенің қайкезде де орны бөлек.Олай болатыны,анна ларға деген ыстық сезім,алғыспен құрмет ешқашан сөнбес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің ажыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілікпен кең дүниенің өзітек аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзіңдеп соқса,бүгінгі мерекелік кешімізде аналарға арналады.

Бізғана емес,қадіртұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,біздің сыныптың

қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдеркүні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сырбермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз!

Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүреберіңіздер.

Сіздерден өскен балалар

Батырлармен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтауға рұқсат

етіңіздер!.

Әйел- Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік көзі. Өмірбесігін тербетіп, адамзат

баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет,тұғыры биік.

Алмағайып заманнан ұрпағы аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп,ән мен әлпештеп, сөзбен айтпау мүмкін емес.

*Ана*-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!

1)Ұлдардың тақпақтары---

Әлпештеген баласын,

Ана -бақыт ана -күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!


Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Аяулы біздің Аналар

Ән: « Қошақаным »хор

Ойын: « Кім жүйрік?»*: яғни 2 қыз 2 анасы мен алма жеп жарысады. Кім

алманы берілген уақытта көбірек жейді, әділ қазыларға апарып көрсетеді.

Көп жеген топ жеңіске жетеді.

2)Қыздардың тақпақтары

Кәусар:Ерлік,еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ анам!

Мейіргүл:Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным»деп мақтаған,

Айналайын ақ анам!

Томирис:Ана- көркі көгімнің,

Ана –нұры жерімнің.

Ана бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Ақжайна:Анашым мен өзіңді мақтан етем,

Жол журсем сағынамын ой кетем,

Санамды сарғайтады-ау,жалғыз арман,

Қайткенде ақ сүтіңді ақтай алам?

Гүлхан:Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

Би:

Қазақша би(қыздар билейді)*

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендерүшін әнменен күй, өлеңмен би,

Сендерүшін мереке шашулары,- дей келе кезекті әнге берейік!

Ән: Нұртуғанның орындауында«Қазақтар әні»

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтыңдей келе

*Би: Ақжайнаның өнерін тамашаланыздар «арива биімен»

Көрермендермен ойын:

СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1.Орман дәрігері (Тоқылдақ)

2.Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3.Мемлекеттік тіл(қазақ тілі)

4.Басты байлық –денсаулық

5.Қазақстан Р.валютасы (Теңге)

6.Ұя салмайтын құс( сауысқан и көкек)

7.Абылайдың шын аты кім?(әбілмансұр)

8.Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше?

9.Жылдан құр қалған жануар?(Түйе)

10.Жүз жыл (ғасыр)

Балалар өздерінің сыйлықтарын аналарына табыстайды.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!