Ашық тәрбие сағаты "Бастауышым - балбұлағым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Бастауышым - балбұлағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты әріптестеріме өз көмегін береді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі







4 «Ә» сынып

Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Бастауышым- балбұлағым»



Сынып жетекшісі: Қарғабаева Дина







2015 оқу жылы





Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Сіздер «Бастауышым –балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына

жиналып отырсыздар.Қадамдарыңыз құтты болсын!

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді.Енді,міне.бойлары да,ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық,

4-ші «Ә» сыныбын ортамызға.

Күй ойналып,ортаға сынып оқушылары шығады. Әнұран орындалады.

Бастау сөзі: Мектебіміздің директорының бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Момынова Динара апайға.

Ғабит:Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне,қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне,жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Асия: Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстайболашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп,кешегі сәби- еркелер.

Жүргізушілер қосыла: Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Хормен:Мектеп- кеме,білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Гүлбану:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне сағымдай боп өте шықты

Торт жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Ерғали: Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы,мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Жұпар: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырынымнан қаққан.

Ғабит: Жүзің жылы,құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Ниетқали:Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын,

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшармын.

Ғабит:Ән. «Аяулы әнім мектебім»

Орындайтын: Жәнибекова Ұлдана

Әсия: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына,қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі,небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Ғабит:Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.

Малика: Оқыңдар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген,ұстаздар.

Ән арнадық,арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

Ән. «Ұстазым»

Орындайтын: Кучкарова Жупар

Альмира: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Бексұлтан: Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Гүлбану: Беруші еді бізге айтып өлең,тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Ән. «Ұстазым менің,ұстазым»

Орындайтын: Сайдахмедова Асия

Шыңғыс: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.

Санай ашып «Әліппенің»парағын

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.

Ұлдана: Мектеп,мектеп-ашық жарқын көңілім

Мектеп,мектеп-шаттық толы өмірім

Мектеп,мектеп,әнім болып төгілдің,

Мектеп,мектеп,жан анам боп көріндің.

Ән. «Мектебім»

Орындайтын: Ниматова Гүлбану

Азамат: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің,мектебім.

Шәкірттің асыл қырағы.

Нұрдаулет:Мектебім-мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

Ән. «Мектебім»

Орындайтын: Неьматова Альмира

Бексұлтан: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

Би. «Үнді биі»

Шыңғыс: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,

Жүрген соң адам деген атақты алып.

Асия: Үлкенді сыйлау –қазақ халқының ата салты.Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешені сыйлаудан басталады.

Ғабит: Бала ата-ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата-ананың да еңбегі мол.

Асия: Олай болса, келесі орындалар ән ата-аналарымызға арналады.

Ғабит: ән Бағала орындайтын Жуматашева Малика

Асия:келесі жақсы лебіздерімізді, тілектерімізді бізді білім нәрімен сусындатқан, 4 жыл бойы қамқор болып, қанатының астына алған.

Ғабит:Ақыл кеңесін беруден ешқашан жалықпаған қамқоршы, ақылшы, сүйікті, мейірімді ұстаздарымызға арнаймыз.

Ғабиттың арнауы:Дина апайына.

Шыңғыстың арнауы:Динара апайына.

Ұлдана: Зейнеп апайға.

Альмира: Баян апайға.

Асия: Гульжамал апайға.

Гульбану: Абиба апайға.

Малика: Наргиза апайға.

Ұлдана: Мадина апайға.

Азамат: Мурат ағайға.

Жупар: Луиза апайға.

Малика: Ән-күй апайға. Шахзода апайға.

Ғабит: “Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады” деген сөз бар.Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті-тіршілік зәмзәмі.

Асия: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектерінізге оқушылар атынан мың-бір алғысымызды білдіреміз.Ал енді, 4 “Ә” сынып түлектерінің орындауында “Қоштасу” вальсін тамашаланыздар.

Малика: Қоңырау үні күмбір қағып,

Тынады үндер зымырап өте кетер бала күндер,

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Көз-жасын жасыра алмай мұғалімдер.

Бексұлтан:Бастауышым бал-бұлағым,

Лаулап жансын шам-шырағын,

­Өзің берген біліміңмен.

Самғап ұшты тау қыраның.

Асия: Өтті сендей қызық шағым,

Бастауышым бал-бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз!

Қош бол, қош бол!

Сүйікті бастауышым! (Бәрі айтады)

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар-деп келесі сөзді қонақтарымызға берейік.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі