Ашық тәрбие сағаты "Батыр Мәншүк-95 жаста"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Батыр Мәншүк-95 жаста"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Батыр Мәншүк-95 жаста»

Мақсаты:   Аттары аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих  беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі  алауын  жаққан қазақтың қызы Мәншүк  Маметова жарқын өмірі  және Ұлы Отан  соғысындағы ерлік  істерін ұрпаққа үлгі  етіп, өнеге  ету.

  Оқушыларды қазақтың  қос аруы, шынары жұлдызы болған Әлия мен  Мәншүк  есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мәншүк, портреттері, слайд және мультимедиа материалдары,бейнефильм

Сабақ барысы:

Мұғалім:  Бүгінгі тәрбие сағатымыз Мәншүк апамыздың 95 жылдығына арналады. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қызы Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау ,Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

   - Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс
. «Мәншүк туралы бейнефильмнен үзінді»

Мұғалім: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

       Мәншүкті ардақтау, қазақты  ардақтау.

       Мәншүк  Мәметова 1922 жылдың қазан айында Орал  облысының Орда  қалашығында  дүниеге  келген. Мәншүктің   балалық  шағы  Алматыда  өткен Мәншүк  Әмина  Сүлейменованың тәрбиесінде  болған.  Мәншүк  Мәметова Ұлы  Отан соғысы   басталған   кезде Алматы  мед  институтында оқып  жүрді.  1942  жылдың   тамызында   ол  өз   еркімен Қызыл  Армия  қатарына  алынады.

   

   Аружан: Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.




-Сонымен, балалар,бүгін біз сендермен Мәншүк апаларымыздың өмірі ,олардың жасаған ерлігі жайлы көп мағлұмат алдық. Кәне,сол білгенімізді қорытындылап жіберейік.

Сұрақ-жауап:

-Мәншүк Мәметованың шын аты қалай? (Мәнсия) Ол қашан туған,қай жерде?

-Мәншүк кімнің тәрбиесінде болған?(Әмина Сүлейменованың)

-Мәншүк соғыс басталғанда қайда оқып жүр еді?(Алматы мед.институтында)

Қорытынды: Балалар Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын
берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

«Майшам»жаттығуы (рефлексия)

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

-Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Назарларыңызға рақмет!Сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
12830
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі