400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Бауыржан ата - ерліктің өшпес ізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, тәлімгерлерге, оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бауыржан ата - ерліктің өшпес ізі

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі , шығармашылығымен таныстыру, ерлікке, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, кітаптар көрмесі, ұлағатты сөздер.

Барысы:

  1. Б.Момышұлының өмірбаяны.

  2. Елдік пен ерлік.

  3. Шығармашылығы

  4. Ақындығы

  5. Даналық мәйектері

  6. Кітаптар көрмесімен таныстыру

  7. Қорытынды

1-оқушы : Бауыржан Момышұлының өмірбаяны.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау қонысында дүниеге келген. 13 жасқа дейін ауылда, одан соң интернатта тәрбиеленеді. Мектеп бітіріп, біраз уақыт мұғалім болады.

1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендік өнерін игереді. Ауылына оралған соң қаржы оындарында жұмыс істейді.

2-оқушы: Елдік пен ерлік.

Әр елдің өзіндік ерекшеліктері, ұлттық мұрат-мүдде мен даму бағыт-бағдарлары болатыны белгілі. Осы ерекшелік пен мұрат-мүдде басқаша сипат алса ел азады, жер тозады, ақыл-парасатқа сызат түсіп, руханиятты көзқарас өзгереді.

Бұл айтылғандардың мысал дерегін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінен , ұлт тәуелсіздігі мен тұтастығы таразыға түскен «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан, орыс отаршылдығы мен кеңестік жүйе уүстемдік еткен тұстардан айқын аңғаруға болады.

Әңгіме арқылы Халық батыры, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы , оның ұлттық көзқарастарымен руханият әлеміне қосқан еңбек мұралары жөнінде болғандықтан бұл мәселелердің баршасы бүгін мен болашақ үшін маңыз-мәні жоғары екендігі ерекше дәлел-деректі тілемесі анық.

Бауыржан Момышұлының ұлттық көзқарастары туғаннан-ақ «мен қазақпын» деп қалыптаса қойған жоқ. Ол да ет пен сүйектен жаралды. Орыс мектебінен білім алды. Жеті жылдық білім мен мектеп мұғалімі болды.

Әскер қатарына шақырылып, азаматтық борыш-міндетін өтеген соң есп-қисап орындарында еңбек етті. Көп ұзамай қайта әскер қатарына шақырылып,онда әскери бөлімдерде взвод,рота командирі міндетін атқарды.Генерал-майор Н.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасқталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында болып, майданға аттанды.Соғыс жылдарында ел қорғаудың,батырлықтың үлгісін көрсетті.Ол туралы А.Бек,А.Кривицкий,Ш.Мұртаза,С.Мұқанов,Д.Снегин,С.Мауленов, М.Мақатаев,Т.Молдағлиев,О.Сулейменов т.б.өлең жырларын арнады.

9-оқушы: Даналық мәйектері. Б.Момышұлының еңбек-мұраларында өмір-тұрмыстан туындаған,уақыттың талап-тартысынан өтіп,ақыл-парасат жемісіне айналған қанатты сөздер көптеп саналады.Айталық Б.Момышұлының мақал-мәтелдерінде адалдық пен әділеттілік тұтастығы,елдік-ерлік салтанаты,өмір-өлім мәні,жақсы-жаман сипаты,дос-дұшпан арақатынасы,тағылымдық түйін-тұжырымдар салады.

Мақал-мәтелдер айтылады:

10-оқушы:1) Ұлттық сезім-қасиетті сезім,

2)Адал ұл ер боп туса-ел тірегі,

3)Ерлік-ердің қасиеті,

Жүректілік-жігіттің қасиеті,

4)Командир-аға,солдат-іні.

12-оқушы:1) Өмір үшін өлгенше күрес,

2) Ел дегенде езіліп,

Жұрт дгенде жұмылып қызмет ет.

16-оқушы: Жігіттің жігіттігін жау келгенде сына,

Ең ауыр айып-сенімді ақтамаушылық,

Табандылық-батылдық қалқаны.

20-оқушы: «Бауыржан»

Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі