Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Берекелі алтын күз" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Берекелі алтын күз" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгіліне байланысты өлеңдер, ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
1979
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алматы облысы Талдықорған қаласы

«А.С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын

орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Имашева Айгерім Мәлікқызы
















Берекелі алтын күз!

(ашық тәрбие сағаты)





Сынып: 3 «Ә»






Тәрбие сағатының тақырыбы: Берекелі алтын күз

Тәрбие сағатының мақсаты: жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

Елжан:
Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!
Іңкәр:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Мұғалім:

Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айт
ыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?

Мұғалім:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс қай кезде болады?

 Мұғалім:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай мезгілдің келгені.

Елжан:
Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Іңкәр:

Көбейді құт- береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Мұғалім:

Уа, халайық, халайық!


Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Сайысты біз бастайық.

Мұғалім:

Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Елжан:
Олай болса, бүгінгі «Берекелі алтын күз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім:

 Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

Іңкәр:

Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен  таныстырып өтейік.

Байқау бағдарламасы:
1.«Таныстырсам өзімді». (таныстыру)

2. «Сұрақ бізден, жауап сізден» (викториналық сұрақтар)

3. «Жұмбақтар шешу»
4. Әнді сүйсең, менше сүй»

5«Құралайды көзге атқан.» — нысана көздеу
6. «Қолшатыр» ойыны

7. Күзгі дастархан

 Елжан:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өздерімен
Тез арада таныстырып өтеді.

І – сайыс. — Ендеше, бірінші «Таныстырудан» бастайық. Әр сынып өздерін таныстырып өтсін.

ІІ – сайыс (Викториналық сұрақтар)

Іңкәр:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

  ІІІ – сайыс (Жұмбақтар шешу)

 Елжан:

Көзінің оттарын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, — дегендей келесі сайысымыз: 

 «Жұмбақтар шешу».  Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.


Екі топ сахнаға шығып тұрады. Себеттерден жұмбақтар жазылған жапырақтарды алып, жұмбақтың шешуін табады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Уақыт есептелінбейді.Жұмбақтың жауабын 3 тілде айтса 3 ұпай.

ІҮ – сайыс (Ән)

 Іңкәр:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің үйде дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.  

 «Әнді сүйсең менше сүй» сайысы


Ү - сайыс

Іңкәр:
Би болатын жігіттің

Төбеде болар жұмысы

Мерген болар жігіттің

Мергендік болар жұмысы-дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында нысана көздеуді тапсырамыз.







Мұғалім:

Әр топтан 1 оқушы шығып, сызық бойына тұрады. Ойын шарты: әуен ойнап тұрған уақытта себетке көбірек бүршік лақтыруы керек. Сигнал бойынша бастау. Қанша бүршік болса сонша ұпай қосылады. Дайындаламыз, бастаймыз. (музыка) 

Бұл сайысымыз аяқталды. Себеттеріңді әділқазылар мүшелеріне тапсырыңдар.


ҮІ – сайыс

Мұғалім:

Балалар, елестетіңдерші, сендердің үйлеріңі қонақтар келді. Сендер оларға бақта өсіп тұрған жемістерден ауыз тигізулерің керек. Бірақ далада жаңбыр жауып тұр. Сендер не істейсіңдер? (Қолшатыр аламыз)

Ондай болса, қолшатыр ойынын ойнаймыз ба? Ондай болса әр сыныптан 5 оқушыдан шықсын. Енды ойын шарты былай: Алдыңғы оқушы қолына қолшатыр ұстап, үстелді айналып өтіп, келесі оқушыға қолшатырды ұстатады. Бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Елжан:
Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс – жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең! (Әділқазылар алқасының алдыларына қояды)

Мұғалім:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сайысымыз да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне  тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Іңкәр:

Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , «Берекелі алтын күз» кешіміздің жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

 Елжан:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ   ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!