«ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ» атты әдеби-композициялық кеш
Қобыз үні. Сахнаға Ыбырай образында (ата-ана Абдикаримов Абай) шығып, «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Сахнаға 6 оқушы шығады. (Жүргізушілер: Асан Береке мен Қуанышбай Айбек)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар. Қымбатты Дарынның дарабоздары.
-
Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 30 жыл толып отыр. Біз, тәуелсіз елдің ұландары, бабаларымыз аманат еткен ұлан-байтақ қазақ жерін, тілі мен дінін, салт-дәстүрі мен мәдениетін мәңгілік ұлықтауға міндеттіміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
2-жүргізуші:
Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Осынау тарих қойнауында елінің болашағы балалардың сауатты болуын қалаған дара ұстаз Ыбырай Алтынсариннің де есімі бар. Төл мерекеміз, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген дара ұстаздың туғанына 180 жыл толып отыр. Бүгінгі кешіміз қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, «Қазақ хрестоматиясын» жазған, даланың дара ұстазына арналады.
Нұрмаханбет Аяулым:
Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Алайдарова Аяжан:
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де,
«Кел, балалар, оқылық»-деді Ыбырай.
Орынбасар Балнұр:
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!
Тұрғанбек Ақмира:
Талай дана-данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ы.Алтынсарин да туған. Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.
Ән, «Кел, балалар, оқылық». Орындайтындар: Сматилла Аруна мен Асан Ұлданай
1-жүргізуші:
-
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған бейнетаныстырылымды назарларыңызға ұсынамыз. Таныстырылым жасайтын Алтынбекова Нұрсыйла мамасы Карима апаймен бірге.
(Нұрсыйла мамасымен бірге таныстырым жасайды)
Көрініс. Ы.Алтынсарин әңгімелері бойынша.
Қатысушылар: Әже рөлінде - Әсияның мамасы, оқушылар – Әлібек А., Әділхан А., Кенжебек А., Сәрсен Ә., Жақсылық Ұ.
Әже: - Армысыздар, менің дарынды да білімді оқырмандарым. Бүгін біз сендермен дара ұстаз Ы. Алтынсариннің әңгімелерімен танысамыз. Жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалаған Ыбырай тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі - жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Кәне, балалар, назарларыңды экранға аударыңдар.
Видео көрсетіледі.
Әже: - Ал, балалар, бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
Әсия: – Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл әңгімесінде Ыбырай атамыз ата-ананың айтқанын орындап, жалқаулыққа бой алдырмауға шақырады.
Әже: – Жарайсыңдар, мен енді сендерге Ыбырай аталарыңның «Мұңсыз адам» деп аталатын келесі әңгімесін айтып берейін.
-
Бір патшаның ханымы ауру болып, жұрттан неше-неше дәрігер жидырып, ем еткізсе де ешбір дауасы табылмады. Патша мұнан соң бақсы-балгерлерді жидырып жарлық айтты:
Патша (Арайлымның папасы): — Балдарыңызды ашып, осы ханымға не ем болатынын табыңыздар, егер таппасаңыздар бәріңізді де астырып өлтіремін.
Уәзір (Құдірет)
-
Олай болса, барлық балгерлер мен бақсылардан сұрастырайық.
Әже:
-
Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде біреуі айтты:
Бақсы (Азиз):
-
«Мен бұл аурудың емін таптым». Дүниеде мұңсыз кісіні тауып, соның көйлегімен қақтырсаңыз, бұл ауруға сол ем екен.
Патша:
-
Олай болса, жер жүзіне жасауылдар аттансын. Мұңсыз адамды тауып, менің алдыма алып келіңдер.
Әже:
-
Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып, қанша іздесе де мұңсыз адам табылмады. Біреу бай, не бақты болса баласы жоқ, екеуі де болса не қатыны, не баласының мейірімі жоқ, болмаса біреулерден көрген кемшілігі бар, болмаса не өзі, не қатын-балалары сырқау, ең болмаса сол айтылғанның бәрін құдай берген болса, қанағат жоқ болғаннан уайымы көп — тағы ілгерірек болмадым деп.
1-оқиға. Бай (Азиздің папасы).
Бай: - Ей, дүние-ай, осыншама байлықтың, мыңғырған малдың барын қайтейін, бір перзентке зар болдық қой. Я,Раббым, маған бір перзент бере гөр. Әумин.
2-оқиға. Кішкентай құндақтағы сәби көтерген келіншек (Аружанның мамасы).
Келіншек:
-
Әлди, әлди, ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем,
Әлдиімді айтайын
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Е, Аллам-ай, ханымым ауырып қалған дей ме? Мен оған мұңсыз адам боп барар ем, бірақ, нәрестем, періштем ауру бала боп туылды емес пе? Менің бар уайымым осы ғой.
3-оқиға. Жігіт (Бейбарыс).
-Ханымыма мен көмектесер едім. Әкем де бар, анам да бар. Он екі мүшем сау. Әттең бірақ қолымды байлайтын қу жоқшылық. Анда тартсам, анда жетпейді, мұнда тартсам, мұнда жетпейді.
4-оқиға. Жігіт (Ғалымжан).
-Қарнымды тойдырдым, жұмысымды бітірдім, енді не уайымым бар, алаңсыз жатып ұйықтасам да болады.
Әже: - Бір күні патшаның баласы келе жатса, бір бұзылған үйдің жанында уайымсыз ұйықтап жатқан кедей баланы көреді де, мұңсыз адамды тапқанына қуанып жар салады.
Ханзада (Ернар):
- Мынау біз іздеп жүрген нағыз мұңсыз, уайымсыз адам ғой. Алып жүріңдер.
Ханның алдына барып:
-
Хан ием, мен мұңсыз адамды таптым.
5-оқиға. Патшаның алдына ханзада тапқан мұңсыз жігітті алып келеді.
Патша: - Ал, сұрағаныңды берем, сен маған көйлегіңді бер.
Жігіт: - Ойбуй, менің көйлегім жоқ қой, енді қайттім.
(Жігіт үндемейді, патша басын ұстап отырып қалады.)
Әже: - Ал, балалар, Ыбырай аталарыңның осы әңгімесінен қандай ой түйдіңдер?
Әділхан Арайлым: - Бұл өмірде бір жапырақ шүберегі жоқ адамның өзі еш уайымсыз жүре алады екен. Ыбырай атамыздың «Мұңсыз адам» әңгімесінің мағынасы осында.
Әже: - Жарайсыңдар, дұрыс айтасың. Ал, менің білуімше сендердің ата-аналарың да бүгінгі кешке дайындалып келіпті деп естіп жатырмын. Кезекті Ыбырай Алтынсариннің өлеңдеріне берейік, иә. Жүріңдер, отырып тамашалайық.
1-жүргізуші:
-
Ыбырай атамыз «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сиппаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы- қараңғылықтың мән-жайын ашып береді. Ақын сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.
2-жүргізуші:
-
Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді. Назарларыңызға Бейбарыс өзінің анасы Гауһар апаймен бірге оқитын «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін ұсынамыз.
Ата-ана (Бейбарыстың мамасы)
-
Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке,тапқырлыққа, халқын сүюге шақырды. Былай айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Осы өлеңінде ақын қазіргі технологияның дамыған кезін екі ғасыр бұрын дәл болжап қойғандай.
Бейбарыс:
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
1-жүргізуші:
-
Ы.Алтынсарин «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуге, сыйлауға шақырады. Өлеңді мәнерлеп оқитын Арайлым анасы Айгүл апаймен бірге. Қабыл алыңыздар.
Арайлым:
Ананың
сүюі
Кім сендерді, балалар, сүйе -
тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе - тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре - тұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Камқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Кұлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.
2-жүргізуші:
-
Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейтін, негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты, Отанды сүю сезімдерін дамыту мақсатында туған өлеңі «Өзен». Мәнерлеп оқитын оқушы Ғалымжан ағасы Бақытжанмен бірге.
Ы.Алтынсарин сөзбен сурет салса, қылқаламмен табиғат, өзен тақырыбында сурет салатын оқушы Аяжан анасы Эльмира апаймен бірге. Қабыл алыңыздар.
Ғалымжан:
Таулардан өзен ағар
сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып
жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан - алуан
балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін бе?
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісіне...
1-жүргізуші:
- Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Кең даланың құдіретін талай күйшілеріміз өз туындыларына қосты. Ендеше, сіздің бойыңызды тәтті күймен баурайтын жас күйші қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
(Жетпіс Аяулым мен Нұрмаханбет Аяулым. Күй)
2-жүргізуші:
- Ы.Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Келесі тыңдайтындарыңыз жас ақын қыздарыңыз Нұрай анасы Гүлчехра апай. Ы,Алтынсаринге арнау өлеңдері
БИ. «Шаттық» биі. Билейтіндер: Нұрсыйла, Аружан, Назерке, Арайлым, Аяулым, Ұлданай
Айжан:
-
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
Назерке:
-
Осындай ұлы тұлғаларымыздың мерейлі тойларын жоғары деңгейде тойлап, олардың шығармашылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік тууы, әрине, Тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз. Ендеше, егемен елдің бақытты ұландары, ата-бабаларымыз аңсаған азат жердің тәуелсіз ұрпақтарының шығармашылығына кезек берейік.
Сматилла Аруна мен анасы Ләззат апайдың өнері.
1 - жүргізуші:
Даланың дара ұстазы Ыбырай атамыз салған сара жолдың жолбастаушылары, мектептің жүрегі, өз ісінің білікті мамандары, аяулы ұстаздар қауымы, сіздер үшін, Тәуелсіздігімізге тарту ретінде «Туған ел» әнімен бүгінгі кешімізді қорытындылаймыз. «Туған ел» әнін қабыл алыңыздар.
Хор. «Туған ел» https://youtu.be/AYWw6C9T-xE Орындайтындар: Жігіттер түгел және Аруна, Аружан, Адина, Балнұр, Әсия, Н.Аяулым, Ақмира, Үлданай.
1-жүргізуші:
Осымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші:
-
Өзінің ізгі тілегін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Мұрат Сейтжанұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәмшат Төлепбайқызына береміз.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
«САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ №4 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ»
«Келісемін» «Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі Мектеп-интернат директоры
орынбасары Қ.Сүлейменов _________М.С.Дәне
«ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ» атты Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби кештің сценарииі
Сынып жетекшісі,
Курбанова Лескүл Ергешқызы, «педагог-шебер»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты «ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ» атты әдеби-композициялық кеш

шағым қалдыра аласыз