Ашық тәрбие сағаты. Денсаулық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. Денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. Денсаулық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы, жылы:10.03.16ж

Тақырыбы: “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі”
Мақсаты:
1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал – мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар.
Барысы:

Бүгінгі біздің «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер.
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Ас – адамның арқауы. 
Ас – адамның арқауы Тамақты ішкің күнде сен, 
Деген сөз бар ежелден. Белгілі бір мезгілде. 
Бойға сіңіп, тарқауы, Таңертең, түс, түстен соң, 
Үшін керек ереже. Жатар алды кезінде.

Су – тіршілік негізі 
Су – тіршілік негізі, Үйде ванна, душ болса, 
Онсыз өмір сүрмейсің. Салқын сумен құйынғың. 
Гигиена егізі Ыстық сумен шомылсаң, 
Су деп және білгейсің.
Салқын сумен шайынғың.

Витаминдер. 
Аяжан: Витаминдер –тірегін, А – сы қажет көзіне, 
А,В,С,Д,Е –деп аласың. В – жүйкені тоғайтар. 
Жетіспесе бірі оның, С – дан микроб безінер, 
Ауырып сен қаласың. Д – сүйекті нығайтар.


Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
«Шымыр» тобымен мақтана алам.
Ұранымыз « Шынықсаң шымыр боласың».

Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу, біздің топтан табылады.
Ұранымыз«Сымбатты болу қолыңда»

ІІ. Мақалды жалғастыру
1. Бірінші байлық – ..............денсаулық
2. Тазалық –......................... денсаулық кепілі.
3. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса,.................. ауызыңды тый.
4. Ауру қалса да, .....................әдет қалмас.
5. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың.................... жолын ізде.
6. Дені саудың – ...................жаны сау.
7. Күш білімде,
.....................Білім кітапта.
8. Білекті бірді жығады,
Білімді
............................. мыңды жығады.

9.Денсаулық -........................ (зор байлық)

10. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
11. Емнің алды -................................ (еңбек)
12. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
13. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)

14. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
15. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
17. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/

Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру
ҮІІ. Жұмбақ шешу

1. Өзгенің тазалығы үшін,
Өзін құрбан етеді. (сабын)
2. Аузы жоқ, тісі бар. (тарақ)
3. Дамыл таппай жұтқаным –
Өмір нәрі ұққаным. (ауа)
4. Есіктің алды тұрағы,
Егесін күтіп тұрады (аяқ киім)
5. Ұяда 32 жұмыртқа бар,
Күнде жуып тұрмасаң, сынып қалар. (тіс)
6. Жуындырып жағаны,
Сылдыр қағып ағады.
(су)
7. Бір шешен, бір көсем
Алты ағайын бірге туған,
Білгің сен. (құлақ, көз, ақыл, тіл)
8. Жазда шалқып жатады,
Қыста қорқып қатады. (су)

9. «Жұмбақ сайысы».
10. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не?(сабын)
11. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
12. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
13. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/
Қорыту: Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар. Олар бар күш – жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні – түні аянбай еңбек етуде. Денсаулық төңірегінде сұрақтарыңыз болса дәрігерлерге қоюларыңызға рұқсат.
үйге: мақал мәтел




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі