70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Дос болайық бәріміз" 3 сынып
Тәрбие сағаты Бағыты: Рухани – адамгершілік тәрбие |
Мектеп:Бауыржан Момышұлы |
|||
Күні:24.04.2017ж |
Мұғалімнің есімі: Есенаманова Ж.А |
|||
Сыныбы: 3 Тақырыбы: ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ! |
Қатысқандар саны: 19 |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: |
-Оқушылардың адамгершілік қасиеттері,
бір-біріне деген достық сезімдері нығаяды, достарымен жағымды
қарым-қатынас жасауға үйренеді; |
|||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: |
|||
«Дос» сөзінің мағынасын, қадір-қасиетін сезінеді. |
||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||
Тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып,дәлелдей алады |
||||
Кейбір оқушылар: |
||||
Тақырып аясында сурет салып, өлең шығара алады. |
||||
Тілдік мақсат: |
Сөздік жұмыс: Дос - қайғыда да, қуанышта да жаныңнан табылатын серігің. Нағыз дос - жалғыз болсаң да жаныңда жүргендей сезінетін адам. Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, досына сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||
Басталуы 10 мин |
Шаттық шеңбері (Балалар бір – біріне тілектерін айтады) Жүректен жүрекке -Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере бір-бірлеріне ұсыну. Балалар:- Менің досым ақылды болса деймін... Менің досым өтірік айтпаса екен деймін... Менің досым әр уақытта қуанып жүрсе деймін... Менің досым еңбекқор болса деймін... Менің досым мейірімді болса деймін... Менің досым кешірімді болса деймін... Менің досым сабағын өте жақсы оқыса деймін... Менің досым сұлу болса деймін... Менің досым адал болса деймін... Менің досым әдепті болса деймін... Менің досым салмақты болса деймін... Менің досым төзімді болса деймін... Менің досым тәртіпті болса деймін... Менің досым ақкөңіл болса деймін... Менің досым кішіпейіл болса деймін... Менің досым салмақты болса деймін... Менің досым көңілді болса деймін... Менің досым білімді болса деймін... Менің досым инабатты болса деймін... Менің досым ибалы болса
деймін... Топтара «Алтын ережені» сақтау тапсырылады. |
жүрекше қызғалдақ гүлі (сары, қызыл) Алтын ереже |
||
Ортасы 20 мин |
Мағынаны тану «Дос, достық» туралы видеоролик. Миға шабуыл -Тақырыбы қандай? -Негізгі түйіні қандай? -Достың қанша түрі болады екен? Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады: Дос табу оңай-сақтауы қиын, Жау табу оңай-тоқтауы қиын. -Ендеше, тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай? Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі –адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Адал достық өмірлік нұсқа болады, Амал достық өрісі қысқа болады. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.
2 топтан 2 оқушы тақпақ айтады.
Зұлымдықтан әрқашан
жиренейік,
Екі деген – екі
дос,
Достық деген таусылмайтын
қазына,
Достығымыз достарым
арылмасын,
Достарымды сүйемін бірге
жүрген, Жағдаяттар шешу және оны көрініс ретінде көрсету. Алғашқы жауын жауғанша. Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын. -Плащыңды шеш. екеміз бірге жамылайық! - деді Бота. -Шеше алмаймын, үстім су болады! - деді Дана. Мектепке келгенде мұғалім «Даннаың үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» - деп сұрады. -Дананың плащы болды, ал менде көйлек ғана болды. - деді Бота. Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарың алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрніп тұр. – деді мұғлім. Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады: Дос табу оңай-сақтауы қиын, Жау табу оңай-тоқтауы қиын. Екі дос ертегі
Бір күні екі
дос орманда келе жатады. Біреуінің аяғын қайырып алғандықтан, ақсап
келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде досы
бталға өрмелеп жасырынып қалад. Ал ақсақ досы болса қалып қояды.
екіншісі. Ал балалар, біздің топтағы балалар қандай? «Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды.» Мұғалім: -Балалар тату – тәтті болу үшін, ең алдымен өзіміздің бойымыз жақсы қаситтерге толы болу қажет.
Тақтаға жалаңаш ағаштың бұтағы ілінеді. Оқушылар мақалдар айтып, сол бұтаққа гүлдер мен жапырақтар ілуілері керек.
1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме. 2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. 3. Күлме досыңа, келер басыңа. 4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас. 5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. 7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең. 8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. 9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды. 10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 11. Екі ердің достығы асулардан асырар. Мұғалім сөзі: Балалар, міне жапырақсыз ағаш, қандай көріксіз болса, доссыз адам да осындай болар еді. Осы мақал - мәтелдерді жатқа біліп, мағынасын түсініп, бойымызға сіңіре білсек, өміріміз де осы ағаштай гүлдеп, көрікті болады.
Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар. Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!
«Сиқырлы
орындық» жаттығуы.
Ойын: «Ренжістік,
достастық» /әуенмен/ |
АКТ Слайд Сахналау сахналау алма ағашы стикерлер орындық |
||
Аяқталуы 10 мин |
Тосын сый Енді достар бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе. Барлық уақытта дос ұстауды әдет қыл, себебі досы көп адамның кемшілігі білінбейді, ал жақсы қасиеттері көбейе түседі. Бірақ жаңа дос тапқанда, ескі достарыңнын безбе, олардан сырт айналма, сонда барлық уақытта досың көп болар. |
сыйлықтар |
||
Қосымша ақпарат 5 мин |
Бағалау РЕФЛЕКСИЯ «Менездеме беру»
тренингі Хор: «Дос болайық бәріміз» әні |
Бағалау парағы Смайликтер «Кері байланыс» парағы |
Алғашқы жауын жауғанша.
Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащыңды шеш. екеміз бірге жамылайық! - деді Бота.
-Шеше алмаймын, үстім су болады! - деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Даннаың үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» - деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек ғана болды. - деді Бота.
Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің
достықтарың алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрніп тұр. – деді мұғлім.
Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:
Дос табу оңай-сақтауы қиын,
Жау табу оңай-тоқтауы қиын.
Екі дос ертегі
Бір күні екі
дос орманда келе жатады. Біреуінің аяғын қайырып алғандықтан, ақсап
келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде досы
бталға өрмелеп жасырынып қалад. Ал ақсақ досы болса қалып қояды.
екіншісі.
Не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата
қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп
жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю
кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына
келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?»
дейді.
Сонда досы: «Досына
қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану
керектігімді, айтты»
дейді.

