Ашық тәрбие сағаты "Дос және достық" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Дос және достық" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 31.01.2018ж

Сыныбы: 6 «б»

Тақырыбы: «Дос және Достық»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

Тәрбиелік:

  1. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  1. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін дамыту.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, дос туралы мақал-мәтелдер, видеопроектор, кеспе қағазадар, видиоролик

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Дос және Достық» деп аталады.

ІІ. «Дос және достық»

Видиоролик

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. 


ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары

DrawObject1

DrawObject2 Сыр бөлісетін адам

DrawObject4 DrawObject3 Мені өте жақсы түсінетін адам

DrawObject6 DrawObject5 Көмекке әрдайым дайын адам

DrawObject7 Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам

  1. Дос деген кім?


2.Достық дегенді қалай түсінеміз?

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

6. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

7. Дос қандай болу керек?

- Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.

Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.

Ән:

IV. Жағдаяттан шығу.

1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?


*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?

*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?


*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болды.Қимас досың сұраса берер ме едің?


Мәнерлеп оқу:


YІ.Мақалды жалғастыр


Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым қастық пен күншілдік.

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмыла бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік


1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».

2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».

3. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».

4. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».

5. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... ».

6. «Досы ... , өзі де жақсы».

7. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

8. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».

9. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп».

10. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

11. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

4. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

5. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

6. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

7. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

8. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

9. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

10. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Оқушылар арасында треннинг ойнату

«Досым......................» оқушыларға берілген жүрекше бойынша қарсы тұрған оқушыға тілегін арнау.


Сонымен оқушылар дос деген ұғымды қалай түсінеміз?

Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесіздік

Қорытынды:

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Сонымен, қорыта келгенде,біздің сіздерге айтарымыз:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл. .

  • 100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа

Хор: Достығымыз жарасқан

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
2264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі