Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас" 7 - сынып

Ашық тәрбие сағаты "Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас" 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті әріптестерім, мен сіздерге 7 - сыныбымда өткізілген "Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымды ұсынып отырмын. Сабақ жоспары бірізділікпен, жүйелі құрылған. Бұл сабақтан балалар достың адам өміріндегі маңызын,достықтың шынайы белгісі туралы түсінік алады;.оқушылар әдеби тілмен сөйлеуге дағдылана түседі,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына өз ойын,пікірін баяндай, жеткізе білулеріне көмектеседі;оқушыларды достыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелейді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ашық тәрбие сағаты «Дос және Достық»

7 – сынып

Сынып жетекшісі: Аубакирова Динара Бегежановна

Тақырыбы: «Дос. Жолдас. Құрбы - құрдас»
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына өз ойын,пікірін баяндай, жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды достыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар, хат қоржын, сиқырлы сұрақтар.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап, көріністер қою, ойын элементтері, сыйлық табыстау, ән айту.
Барысы:
I. Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.

ІІ.Негізгі бөлім
- Мұғалім:
Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог - психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын киелі орнына, маңызына байланысты екені даусыз.
- Асем: Біз бүгін 6 - сынып оқушылары арасында «Дос. Жолдас. Құрбы - құрдас» деген тақырыпта пікірлесу сабағын ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз бүгінгі шәкірттеріміздің – достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».

Мұғалім: Яғни, сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Олай болса, балаларамыздың орындауында «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдап жіберейік.

- Мұғалім: Асем, сен жалпы «достық» деген сөзді қалай түсінесің?

- Асем:

-Мұғалім: Жақсы, олай болса «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекетінің қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»- дейді. Достық адамның өмірінің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.

- Асем: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».

- Мұғалім: Жақсы, енді балаларамыздан достық туралы ойларың білейік.
(О қ у ш ы л а р д «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н плактта тірек – сызба арқылы жазып көрсетеді)

Мұғалім: Ал мен балалар «достық» деген сөзге мынадай анықтама бердім.

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.
- Мұғалім: Жақсы, ал Асем сен қалай ойлайсың, қандай адамдар досқа лайық?
- Асем: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай атамыз армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық деп ойлаймын.
- Мұғалім: Жақсы. Енді, балалардың дайындаған мына көріністеріне назар аударалықшы.

1-көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді

Мұғалім: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі! Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем - сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
2 - көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрсетіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у (Асем)
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» - деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3 - көрініс
2 - ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң...
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты...»
Бәрі шығып кетеді.
Мұғалім: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», - деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у (Асем)
Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір - біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой - ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Яғни Кенжегүлдей (жеке оқушы) адам – жаман дос.
- Мұғалім: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез - келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық. Жаңағы көріністен Кенжегүл мен Ақзираның достығы ұзаққа бармайды.
- Асем: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос - дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
- Мұғалім: Француз философы, жазушы Жан - Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т. б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан - Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у (Асем)
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», - деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.

- Мұғалім: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

- Мұғалім: Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

- Асем: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

- Мұғалім: Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.

- Асем: Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

-Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
- Асем: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
-
Мұғалім:Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін салайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

    
Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.

3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.

6.Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
7.
Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.
8. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
9.Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
10. Дос адам артық сұрамайды.
Махмұт Қашқари.
11. Дос достың кемшілігін кешіре береді.
Жүсіп Баласағұн.
12. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Абай.
13. Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Мұзафар Әлімбаев.
14. Қоссыз қазақ болса да,
Доссыз қазақ болмаған.
15. Дос табу оңай – сақтауы қиын,
Жау табу оңай - тоқтауы қиын.
Жүсіп Баласағұн.
16. Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос.
Таршылықты қайырылған дос та өзгеше.
Абай.

Жағдаяттар шешу.

(сиқырлы қоржын)
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

«Сиқырлы орындық» ойыны

А) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

«Досымды тап» ойыны
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады, оқушылар кім екенін табады

«Жалғастырып көр»
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
б) Сыйластық бар жерде...

Сауалға жауап іздеу
1) Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3) Сынып өміріне қандай өзгерістер енгізер едіңдер?

Хат қоржын (Хаттарға жауап).

Досым саған арнаймын…

(ақын өлеңдерінен көркемсөз оқу)

Мұғалім: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз

Ән: «Армандастар, құрдастар»(хормен)

III. Қорытынды
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа



Балалар өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлықтарын тапсырады.

















27 Қаңтар 2018
1379
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі