Ашық тәрбие сағаты "Жарқын жол" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Жарқын жол" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелерімен таныстыру. Жолбелгілерін таныстыру, жолда абай болуды насхаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы

Ембергенова Балжан Амангельдиевна

1 сынып

Тақырыбы: «Жарқын жол» тәрбие сағаты


Мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Көшеде жүру ержесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам, билеттер, алатаяқ.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, викторина,

Барысы:

  1. Ұйымдастыру:

  • Балалар, бүгін біз таңғажайып «Жолда жүру ережелер» қаласына барамыз. Бірақ онда бару үшін поезға билеттер сатып алу қажет. Егер сендер КТЖ дегеннің не екенін дұрыс айтсаңдар, билеттерді тегін аласыңдар. (КТЖ – көшеде жүру тәртібі)

Дархан:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Жүргізуші:

  • Балалар, жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдарды жүргіншілер дейміз)

  • Жүргіншілерге қайда жүруге болады? (көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар. Адамдар жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағымен жүру керек.)

  • Жүргіншілерден басқа тағы кім бар? (жүргізушілер)

  • Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (шофер күәлігі)

  • Кім шофер күәлігін алғысы келеді? Маи –ға емтихан тапсырасыңдар.

Инспектор күәлік тапсырады.

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді.

(Бағдаршам)

Сом дене, табаны бар сонша тісті.

бір өзі бітіреді сонша істі. (трактор)


Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ,

Май жейді, су ішеді. (машина)

Қамшыласаң жүрмеймін,

Мініп алып тебінсең,

Кідіруді білмеймін. (Велосипед)

Арқаны бар тым ұзын,

Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім. (жол)


Дыз-дыз етіп жүрегі, сымнан ұстап жүреді,

Өзіне адам мінеді, ол не, кім біледі? (троллейбус)


Жолдардың торабын, абайлап қарағың,

Әйгілеп үш жүзді, бір дәу тұр үш көзді,

Оған жас-кәріміз, бағындық бәріміз. (Бағдаршам)


Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)


Көзін ашып- жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)


  • Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?

  • Көше тәртібін не басқарады?

  • Жолдың қай жағымен жүру керек?

  • Көшеде келе жатқанда немесе қақпадан шыққан кезде машинаны көрсең не істеу керек?

  • Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген?

  • Қалаға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырамыз?

  • Жол қауіпсіздігін сақтау үшін жүргізушіге нені білуі қажет?

  • Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды?


Нұрай:

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

Абзал:

Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.

Көркем:

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз.

Маи қызметкерлерінен,

Сан кешірім сұраймыз.

Кәусар:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау- саламат жүреміз.

Досымжан:

Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегенің,

Сырын жақсы біліп ал.

Диана:

Қызыл көз жанарда,

Тоқтай қал әманда.

Сары түс ескерту,

Дайын бол табанда.

Жасыл көз жарасты

Алдыңнан жол ашты,

Өте бер асықпай

Жолыңмен қарасты.

-Енді оқушылар, бағдаршам- өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам- жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны.Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті, оның кескін- келбетін де құрылысы да әлденеше рет

жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Инспектор:

Кел, достарым, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Басқа бекер тұрмайық,

«Бағдаршам» ойынын ойнайық!

«Бағдаршам» ойыны басталады.

Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Оқушылар шеңберге тұрады. Ортаға Бағдаршам тұрады, үш түсті көрсетіп тұрады. Шеңбердегі оқушылар

жасыл түске – жүреді;

сары түске – тұрады;

қызыл түске – отырады;

Бағдаршам болып киінген үш оқушы ортаға шығып өлең жолдарын оқиды.

1- оқушы: Қызыл көзі жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

2- оқушы: Сары көзі жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

3- оқушы: Жасыл жарық жол ашық,

Жүгіре бер бел асып.

Жүргізуші: Балалар, жолда жүру ережесін бәріміз білеміз бе?

- Олай болса жолдан қалай өтеміз, көрсетіп жіберейік.

Көрініс.

Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін көрсетеді.

Қызыл: Тоқтап тұрады.

Сары: Дайындалады.

Жасыл: Жолдан өтеді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Енді ойнымызды жалғастырайық. Жол белгілерін «Қала әліппесі» деп атайды. (белгілер ұстаған оқушылар шығады)

  1. Сақтандыру белгісі: Аружан

Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.

  1. Тыйым салу белгісі: Ернұр

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімен, қаталамын, салмақта.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге.

Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа.

  1. Міндеттеу белгісі: Інжу

Белгілік көрсетер, жылдамдық бағытты.

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

  1. Нұсқау белгісі: Ерасыл

Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым

- Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?

- жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.

- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?

- Бар, ол бізде жол апатынан сақтауға көмектеседі.

Бағдаршам мен Инспектор қызметкері ортаға шығады.

Бағдаршам:

Үлкен кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал,

Көше Заңы тым қатты

Сақ болыңдар балалар.

Инспектор:

Қай көше, қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

Бірге:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?

- Тілін алуымыз керек.

- Оқушылар, сендерге үлкен рахмет. Поезға отырып үйге қайтамыз. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.

Жүргізушілердің ережесі.

  • Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

  • Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

  • Жүк көліктердің кузовында тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.

Жаяу адамның міндеттері.

  • Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

  • Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.

  • Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.

  • Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Жүргіншілер міндеті:

  • Жаяу жүргіншілер тротуармен жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда жолды жағалай қозғалуы тиіс.

  • Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда 4 адамнан артық емес қозғалуға рұқсат беріледі.

  • Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

  • Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеуішінің сигналын, ал ол болмағанда көлік бағдаршамын басшылыққа алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2215
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі