Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Жасөспірім неге қылмыс жасайды? 10"А" сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Жасөспірім неге қылмыс жасайды? 10"А" сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
3779
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Сыныбы: 10 «А» күні: 26.10.2020ж.


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасөспірім неге қылмыс жасайды?

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру;

  • Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, бейнебаян

Тәрбие сағатының жүру барысы:

І. Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат беру

«Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Сондықтан алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет .

  • Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі?

  • Қоршаған  орта ма?

  • Әлде мектеп пе?

  • Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма?

Осы сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептеріне тоқталатын болсақ:

Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық жағдай.

1. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы екендігін естен шығармаған жөн.  Егер ата-анасы ұл-қызының бос уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, мектепке барған, сабағынан қайтқан уақытын тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар еді.

2. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар. Балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Қазіргі жастардың 90 % компьютер қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте немен айналысатынын білмейді. Компьютер ойындарының шырмауына түскен бала одан шығуы қиын.

3.Тұрмыстық жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.

Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек.

ІІІ.Бейнебаян: «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс».

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:

  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • жұмыссыздық;

  • баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

  • ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы;


ІV. Ситуациялық сұрақтар:

1. Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

2. Сенің досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?

3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?

4. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік беріңіз

Біреуге ор қазба …

Ұрлық түбі …

Қолыңмен істегенді …

Жақсыдан үйрен, жаманнан...


V. Қорытынды. Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
 

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,

 - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!