Ашық тәрбие сағаты. "Жеке бас гигенасы."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. "Жеке бас гигенасы."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өте жақсы өтті. Барлық оқушылар мен мұғалімдер қатыстыү
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың барысы:
Жоспары
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?

- Кірқоймас.
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.

2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған.
1 - оқушы: Нұрайым: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
2 - оқушы Ақарыс: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
3 - оқушы Дильназ Ө.: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит - сәмпит шайнасаң.

Тұра алмай дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Микробтар көңілі жай,
Отырады түстеніп.
Жылдам өсіп - өнеді,
Ауызыңды шаймасаң.







Денсаулық – зор байлық

Тәрбие сағаты мақсаты:
1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.
3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»

2. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау.
а) Кел, балалар, 
Кел бері, 
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрайық, 
Жүгірейік бір уақ.
ә) Ұшықтырмай ауруға, 
Ішін, сыртын тазала.
Барлық тісің маржандай, 
Жарқырасын аузыңда.

3. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.
а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
ғ) тазалық кепілі (денсаулық)

Денсаулық

(тамақ, күш, тазалық)

V. Топпен жұмыс
а) 1. Топ
1. Денешынықтырудың маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер?
2. топ
1. Жеке бас тазалығы деген не?
2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су)
3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит.
ә) Денсаулықтың достары мен қастары.
Топтастыру.
Достары Қастары

VI. Сергіту сәті «Денені шынықтыру»
VII. Әңгіме оқу, талдау.
- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?

а) Жұмбақ шешу.
1. Жылт-жылт еткен, 
Жылғадан өткен. (су)
2. Не зиян? Не пайдалы?
3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)
4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)
5. Асқар тауда қара орман (шаш)
6. Тәні саудың (жаны) сау.

IV. Ой қозғау.
- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
ә) Тірек схемамен жұмыс
Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Байлық туралы ой қозғау.

Байлық--- ақша 
------------ машина
------------ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(
4. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
б) Көрініс «Кір қоймас»
- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.

VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?»

Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен?
- Шылым
- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?

IX. а) Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын».
ә) Тіс күтімі «Дәрігермен кездесу»

X. Мақал-мәтел
а) 1. Ас адамның арқауы.
2. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын жалатады.
4. Өзі тоймастың көзі тоймас.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый, 
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық - саулық кепілі, 
Саулық - байлық кепілі.
8. Демі бардың – емі бар .
9. Денсаулық – зор байлық.
ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.
XI. ойын. «Сен маған, мен саған»

XII. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?



Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі;Оқушылармен амандасып, түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Біз күштіміз!
Біз мықтымыз!
Біз сабаққа дайынбыз!

2.Үйге тапсырманы пысықтау.
1.Интерьер қай тілден аударылған,қандай мағына береді?
2.Интерьер композициясы-деген не?
3.Пәтер дегеніміз не?
4.Үйдегі ең көп қолданылатын бөлме?
5.Балалар бөлмесін таңдағанда ең бастысы не деп ойлайсыңдар?
6.Шағын бөлмеге жиһазды қалай орналастыру керек?
7.Дизайнер-дегеніміз кім?
9.Дизайнер қандай болуы керек?
3.Топпен жұмыс.
«А дәрумен»тобына сұрақ
1.«Дені сау адам» - ол қандай адам?
2.Денсаулық адамға не үшін керек?
3.Денсаулықтың достарын атаң?
4.Шашты қалай күтуге болады?
5.Аяқ киім және киім гигиенасы?
« Д дәрумен» тобына сұрақ?
1.Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
2.Денсаулықтың қастарын атаң?
3.Дәрумен дегеніміз не?
4.Дәруменнің адамға берер пайдасы қандай?
5.Салауатты өмір салты дегенге қалай түсінесіңдер?
Балалар, осы сөздерді естігеннен кейін өздеріңді қалай сезіндіңдер? Көңілдерің өсіп қалды емес пе? Сондықтан әрқашан бір-бірімізге жақсы сөздерді айтып жүрейік. Қазақ халқы бұл туралы «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді.
4. Мағынаны ашу.
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі:» Дені сау сәби-әр отбасының қуанышы,бақытты.Ал, денсаулығы мықты сәби-халықтың болашағы,Отанының сенімді тірегі». « Денсаулық - зор байлық!» деген сөздің мағынасын ашып алайық.Ең бірінші денсаулығымызды күтуіміз керек болады. Себебі, деніміз сау болмаса біз оқуға келе алмаймыз, достарымызбен ойнай алмаймыз, ата-анамызға көмектесе алмаймыз және үлкен азамат бола алмаймыз ?. Жалпы тазалыққа: дұрыс тамақтану,қолды дұрыс жуу,шаш күтімі,дене күтімі,киім күтімі,аяқ киім күтімі,дене шынықтыру мен айналысу,тісімізді таза ұстау жатады.Осы күтімнің бәрі жеке бас гигиенасы болып есептеледі.Кез келген жерге отырып ,кез келген жерден тамақ алып жеуГе болмайды,себебі:лас жерлерден әр түрлі микроптар жұғады.Енді осы микроптарға байланысты тақпақтарыңды айтыңдар. Ең бірінші денсаулығымызды күтіуіміз керек, себебі,деніміз сау болмаса біз оқуғакеле алмаймыз,достарымызбен ойнай алмаймыз.Қыста біз тұмау болуымыз мүмкін,сол үшін біз жазда шынықсақ жеміс жидек көп жесек сүт,айран ішсек,қандай ауыру болмасын жеңе аламыз.
Әдетте біз тұмауды суықтан, жұқа киінгеннен көреміз. Біз бұл жерде табиғатқа кінә артпайық.
Соның үшін деніміз сау болуы үшін біз ең бірінші жеке бас гигиенамызды сақтай білуіміз керек. Жеке басыңның тазалығын сақтау сенің дұрыс өсуіңе және дамуыңа, әртүрлі аурудан сақтануыңа көмектеседі.
Әрбір отбасы мүшелерінің өзінің жеке тұтынатын және ортақ қолданатын заттары болады. Жеке басының тазалығын үйде де, мектепте де сақтауың керек.
Жеке тұтынатын заттар:
Сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, жөке, сабын,орамал.
Ден саулықты сақтау өз қолымызда , оның үшін не істеуіміз кажет болады?
- дұрыс тамақтануың керек.
- тазалықты сақтай білуің керек.
- дене шынықтыру мен күнделікті айналысуың керек.
- тісімізді таза ұстауымыз керек.
Дұрыс тамақтану: Ең алғашында тамақтануға отырмасымыздан алдын қолымызды жақсылап сабындап жууымыз керек. Бір күнде аз мөлшерде 4 рет тамақтану керек. Тамақтанудың арасы 4-5 сағаттан аспағаны жөн.Таңертең көбірек сүт, айран, жұмыртқа жеу керек. Өте тәтті заттарды көп жегенде бізге өте кері әсер тигізеді.
Егер тамақтану ережесін ұзақ уақыт сақтамасаң, біз тез ауырып қалуымыз мүмкін.
Балалар,біреу біздің сыныптың есігін қақты,барып қарап келейін.Міне бізге хат келді.Бұл хатты дәрігер Айдар аға жолдапты.Балалар хатта жазылған ертегіні сіздерге Аяжан оқып берсін: «Ертеде бір кір қожалақ қыз өмір сүріпті.Оның дүниедегі ең жек көретіні-қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында , аяғында пайда болған микроптар денесіне тарайды.Ауыз арқылы ішке кірген микроптар қызды ауруға шалдықтырады.
Дәрігер қыз баланы тексеріп , оның ауруының білік, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады».Балалар ол не екен?.Әрине сабын және су.Сабын мен су-нағыз достар. Қолды күніне бірнеше рет жууымыз қажет.

5.Сарамандық жұмыс:
Лупамен осы отырған парталарымыздың үстін қарайық,не байқадыңдар?.
Енді мына жемістерді лупа арқылы қараймыз.
Картошкіде,жуада,сәбізде,алмада,бананда қандай дәрумендер бар соны дәптерге жазамыз. 
Сергіту сәті:
Денсаулыққа байланысты ырым сөздер,мақал-мәтел,жұмбақ айту.

6.«Жасырын бейне» ойынын оинап сабақ бекіту.
1.Денсаулық дегеніміз не?
2.Дені сау адам ол қандай адам?
3.Деніміз сау болу үшін не істейміз?
4.Жан жағымыздағы микроптан қалай сақтануға болады?
5.Дәруменнің адамға беретін пайдасы?
6.Ең бірінші нені күтуіміз керек?
7.Қыста тұмау болмау үшін не істеуміз керек?
8.Мектепте және үйде тұмаудан қалай сақтанамыз?
9.Медициналық бетпердені не үшін тағады?.
10.Тамақтану уақытын не үшін сақтаймыз?.
11Тәуліктегі тамақтану саны?.Тамақтану аралығы қанша сағаттан аспау керек?.
7.Кері байланыс:оқушылар өз ойларын жазып «Күту» ағашына жапсырады.
8.Үйге тапсырма:Жеке бас гигиенасын оқып келу,түсінік айту.
9.Бағалау:топтық бағалау.







Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

Әдісі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.

Сабақ барысы:

Жоспар

1.Психологиялық кезең:

 Білмегенді білейік,

 Бірге ойнап жүрейік.

 Әрқашан да амандық,

 Баршаңызға тілейік.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.

Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі

Зиянды әдеттер бөлімшесі

Пайдалы кеңестер бөлімшесі

IV. Қорытындылау.

І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.

Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер? Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырық. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып,  «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сол бөлімшенің заңдары мен ережелерін толық біліп меңгергесін, «Салауатты әдеттер бөлімшелерінің» толыққанды, тең құқылы азаматы боласын.

Сонымен саяхатымызды бастайық.

Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады.

Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.  (Даниил)

-         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

-         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

-         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

-         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

-         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

-         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

-         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

-         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

-         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

-         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

-         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

-         Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

 Тері тазалығы. (Наиль)

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

 Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ. (Әзиза)

Табиғи дәрумендер

 Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені. (Сая)

 Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені. (Дильназ)

Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

 С дәрумені. (Солташ)

Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

 Д дәрумені. (Аяжан)

Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

 Е дәрумені. (Аслан)

Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені. (Айзат)

Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 Темір. (Аяжан)

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

 Кальции (Камила)

 Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.

 Оқушының тамақтану кестесі.  (Мадияр)

 Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

-         Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

-         Біркелкі тамақтанудан;

-         Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

-         Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

-         Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

-         Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

-         Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;

 

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі  (Солташ)

 Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады.ФранцияАфрика, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар.Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күресжүгірудиск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайынПелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с.

 

Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. (Қ. Нұржан)

 Таэквондокорейше태권도跆拳道 – [тхэгвондо]), спорттың бір түрі, шығыс күрестеріне жатады, кәріс халқының ұлттық спорттың, күрестің түрі саналанады.

2000 жылдан бастап Олимпиядалық спорттың түрі болып саналады. Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, бір жағынан жаңа замандық жүйе болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс принциптеріне, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған.    (Т.Нұржан)

Енді біздің сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!

(спортшылар өнері)

 Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы. (Қ.Нұржан)

-         Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

-         Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

-         Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

-         Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

-         Ауыр заттарды көтеру зиян;

-         Орындықта дұрыс отыру керек;

-         Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.

 Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері. (Наиль)

-         Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;

-         Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;

-         Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;

-         Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;

-         Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;

-         Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;

-         Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;

-         Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;

-         Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);

-         Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.

 Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі. (Мадияр)

 

-         Өте сирек ауырады;

-         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

-         Ұйқысы да тыныш;

-         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

-         80 жастан кем жасамайды;

-         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

 Зиянды әдеттер бөлімшесі

 Шылымқорлық (Аяжан)

 Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.

Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған.

Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

 Еркебұлан интерактивті тақтадағы темекіге байланысты суреттерді түсіндіреді. 

Ішімдік. (Амина)

 Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.

Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті.

Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.

 

Нұрболат  интерактивті тақтадағы ішімдікке байланысты суреттерді, видеоны  түсіндіреді.

 (Аяжан) Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!

Пайдалы кеңестер бөлімшесі.

1 слайд. (Дильназ)

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

Қоршаған орта ластығы.

Дұрыс тамақтанбау.

Тұқымқуалаушылық.

Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

Зиянды заттарды қабылдау.

Тазалықты сақтамау.

Отбасындағы кері жағдайлар.

Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

2 слайд. (Әмина)

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

Дұрыс тамақтану.

Қоршаған орта тазалығы.

Дене шынықтыру.

Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

Зиянды заттарды қабылдамау.

Жеке бастың тазалығын сақтау.

Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

Эмоциялардың оң болуы.  

3 слайд. (Сая) талдың суретін тусіндіру.

 Жетістік

ДИПЛОМ

Мамандық

Отбасы           Ақша

Аттестат

Ұрпақ

Байлық

Білім

Шынығу

Жұмыс

Оң эмоциялар

Белсенді тіршілік ету

Үнемі қозғалыста болу

Қоршаған ортаны тазалау

Жеке бас тазалығы

 Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!

 

Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,

Тісті жуу соншалық түспес күшке.

Екі мәрте күніне тазаласаң,

Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.

Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –

Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл. 

Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

 Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.

Жылы сөйлеп, барлығымен амандас. (Айзат)

 Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

Осы кезде спортпенен шұғылдан,

Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.

 Әуес болып шылымға,

Қылыққа жаман ұрынба.

Жамандық саған жабысып,

Ісің кетер құрдымға.

 Шашыңды сап аузыңа,

Тырнағыңды тістеме.

Жетелейтін ауруға

Мұндай қылық істеме. (Әмина)

 Мұрын – мұржа,

Кеуде көмір, ыс – күйе,

Шылымқордың, міне күйі осындай.

Араққорда

Қылық та жоқ ел сүйер,

Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.

Нашақор ма?

Өз еркіне өзі ие бола алмас.

Адам емес, хайуанның досындай.

 Іс істесең әдеппен,

Шырайлы жүзің, көрік – бет.

Жиреніп жаман әдеттен,

Салауаттылықты серік ет.

Қалмайсың сонда ұятқа,

Жетесің барша мұратқа.  (Наиль)

 

(Антонина)

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ – 5»,

-         Деп рапорт береміз!

 Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың – өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

 Қорытынды.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою.

Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру




2

Таңертеңгі дене қозғалысы




3

Мектепке келу




4

Дене шынықтыру сабағына қатысу




5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)




6

Денені шынықтыру




7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы




60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.

 Мұғалім сөзі:

Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біз қорқынышты бөлімшеніде да аралап өттік. Біздің саяхатымыздың соңында сіздерге айтарым:

Біз саяхат жасаған бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Қыздардың спорттық биі.

Қатысқан мұғалімдерге сөз беру.





Тазалықты сүйеміз.

Сабақтың тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.

Мақсаты: оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,тазалықтың пайдасын ұқтыру. Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,суреттер,

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме,балалар. Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр,біз  өз ойымызды,өнерімізді ортаға салайық.

1.Психологиялық кезең:

 Білмегенді білейік,

 Бірге ойнап жүрейік.

 Әрқашан да амандық,

 Баршаңызға тілейік.

2.Сөзжұмбақты шешу.

-Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады.Сөзжұмбақты шеше отырып, «Тазалықты сүйеміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

3. -Тазалық туралы айтқанда,ойымызға не келеді?

                                                  «Тазалық» сөзін топтастыру. Ауызша  талдау.

4. –Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз. /осы кезде есік қағып,бір оқушы сынып оқушыларына хат әкеледі/.

-Балалар, Кірқоймас бізге не жазыпты,танысайық... /хатпен танысу/

Есік қағылып,Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.

5. Кірқоймас: Тазаланып тұру керек,

                          Ерте мен кеш жас бала.

                          Кір-кір болу елден ерек,

                          Мүлдем ұят,масқара!

    Қазір балалар мен сендерге өзімнің көмекшілерім туралы жұмбақ жасырамын. Аттарын атаңдаршы /сабын, тарақ, орамал/.

Осы заттар сендерде бар ма?

6. Жұмбақ шешу.

Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.  /Сабын/

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. /Су/

Жуынып болғанында,

Жүреді қолдарында. /Орамал/

Қалтамда жатыр,тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар. /Тарақ/

Осы заттар сендерде бар ма?


7. Осы кезде үсті басы кір,ұқыпсыз,салақ  бала кіреді.

 

-Ха,ха-ха! Мынау келген кімдер?Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар? Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге, партаны сызуға,құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар?           Оқушылар жауабы.

-Жарайды, менімен дос болғыларың келмесе, күштеріңді сынап көрейін, кім менімен күш сынасады? Менің күшім сендерден көп?

-Ой-ой,қолымды ауырттың ғой.

8. Ойындар ойнау. «Күш сынасу», «Арқан тарту», «Аджимания» жасауды көрсету.

9. Кірқоймас: Ой,оңбаған, кір-кір неме,

                          Көрінбе,әрі,көзіме.

                          Тап қазанның түп күйесі,

                          Қарашы өзің-өзіңе.

                          Мойның мынау,толған батпақ,

                          Бұл не деген масқара!

                          Мұрның асты сатпақ-сатпақ,

                          Қолың көсеу,қап-қара!

10.Мұғалім: -Бұл бала туралы не айтамыз?

-Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?

1.Анау бала, бетін қара,

  Кір-қожалақ, қап-қара.

2.Тырнағы өскен,

   Шашы көптен,

   Алынбаған масқара!

3.Оның аты-Сабалақ,

   Әдеті бар жаман-ақ.

   Киімі кір қожалақ,

   Көрген емес тазалап.

11.Мұғалім: Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі тамашалайық.

12.Оқушы: Оқулықтар,неге осыншама түрлерің жаман,өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулық: Иә,ауырып тұрмыз,жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.

Оқушы: Иә,жағдайларың белгілі болып тұр. Сендер салақ,ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар –ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.

Оқулық:Иә,сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.

Оқушы:Жүріңдер,мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын. Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім.Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, Қазақ тілі тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың:су тиген,содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозың:кір қолмен ұстаған,кір майдың іздері түскен,беттеріңді бүктеген.

    «Математика» оқулығы, кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозың:сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп,беттері шашылып қалған. Екінші диагнозың:беттерді шимайлаған. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін,емханада жатып емделесіңдер.

    Оқулықты құрметте,

    Күтіп ұста,кірлетпе.

    Кішілерге табыс ет,

    Дақ түсірмей бір бетке.

13.Мұғалім: Бұл оқулықтарды қандай оқушы ұстаған?

14.Салақ бала: /ұялып,төмен қарап/

                    -Жусам бәрін түк қалдырмай,

                     Салтақтарын бетімнің.

                     Ұқыпты әрі таза болып,

                    Шықсам деймін Кірқоймастың, балалардың көңілінен.  /кетеді/

Сабын: Балалар мен сендерге әрдайым көмектесіп жүремін. Сендер менімен жуынсаңдар тап - таз боласыңдар. Кәне кімге көмектесейін?
Тазабек: Сабын сен біздің Кір қожалаққа көмектес оны жуындыр.
Кір қожалақ тап таза болғанша біздер сендермен ойын ойнап, ән айтып жіберейік.
А. Меңжановтың «Тазалықтың досы» атты өлеңі
Қимыл – қозғалыс арқылы айтады. Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
(Кір қожалақты Сабын жуындырады, сүртініп айнаға қарап шашын тарап әдемі тап - таз бала болып шығады)

15.Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?

-Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?

Дильназ: Су пайдалы адамға,

                Шынығамын күнде мен.

                Тоңбайды аяз, боранда,

                Салқын суға үйренген.

Алпамыс:Сыпырғаш ап сыбанып,

                 Шаң-тозаңды қудым кеп.

                 Шүберек ап,су алып,

                 Сырлы еденді жудым кеп.

Айна:       Денсаулық ол шыныққан,

                 Барлық денең мүшесі.

                 Денсаулық ол тыныққан,

                 Жүйке- тамыр жүйесі.

Диас:       Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,

                  Тазарсын аула ауасы.

                 Таза ауа мен таза аула,

                 Тазалықтың дауасы.

Әлия:       Денсаулық-ол күлуің,

                 Көңіл-күйің жадырап.

                 Денсаулық-ол жүруің,

                 Ешбір жерің ауырмай.

Батырхан:Қол жиі ластанар,

                 Сондықтан істің әрі.

                 Соңында қолды жу,

                 Жояды кірді  су.

 

Мадина: Сынып іші айнадай,

                Шаң мен тозаң ұшпайды.

                Үзілісте жинаймыз,

                Кіршіксіз қып ұстаймыз.

Жұлдыз: «Басты байлық-денсаулық»

                 Бабаң айтқан даналық.

                 Сақта жолын сен тауып,

                 Осы шақтан,балақай!

16.Ән. «Болайықшы осындай»

17.Есік қағып бір бала кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар,денсаулықтарың мықты болып өсесіңдер. Қане,бәріміз жаттығу жасайықшы.

18.Салақ бала кіреді.

Балалар,Кірқоймас қараңдаршы. Мен жуындым,тарандым,үстімді тазаладым. Менде сендермен бірге жаттығу жасайыншы.  Сергіту сәті.

Би билеу: «Қара жорға» бәрі.

18. Кірқоймас: Міне,балалар,біз сендермен  таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар. Барлықтарың таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сендерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп,тазалықтарыңды бақылап жүремін. Егер араларыңнан кір,салақ жүретін оқушы шыға қалса, маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйлесемін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық  мүшелігінен  шығарамыз. Осыған келісеміз бе,балалар? Ал,сау болыңдар!

19.Мұғалім:Балалар, Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қоғамына мүшелікке алды. Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім-кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді. Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

20.Би. Қазақша. Қыздар билейді.

21.Ән. «Дос болайық бәріміз»  хормен.

22.Бәрі: Тазалықты сүйеміз,

               Таза болып жүреміз.

               Біз баламыз шыныққан,

               Денсаулығы мықты жан.

23. Қорытындылау.

 

 

 

 

 

    Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдарың қалай? Оқуларың жақсы ма?  Балалар, денсаулықтарың жақсы болу үшін   үнемі таза болып жүрулерің керек.  Шаштарыңды тарап, тырнақтарыңды алып отыру керек, киімдеріңді де ұқыпты ұстау керек. Сонда денсаулықтарың жақсы болып,сабаққа деген күш-қуаттарың көп болады. Мен сендерді ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушылар болады деген сенімдемін.

 

                                          Сау болыңдар.  

                2 «А» сынып оқушыларына   Кірқоймастан.   









Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру. Денсаулықтарын күтуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы: Ертеде бір Кірқожалақ атты бала болыпты. Ол - үсті - басы кір - кір, сатпақ - сатпақ, ол жердегі әр нәрсені ұстап аузына салып жейді. кенет оның іші ауырып қалады. Ол қатты қиналып жылайды. Оның айналасында микробтар мен вирустар қаптап кетеді. Осы кезде оған Тазабек келеді. Тазабек Кірқожалақтан не болғанын сұрайды.
Тазабек: Ой не деген сатпақ - сатпақ, лас едің? Саған не болған? Ой мына жерді микробтар, вирустар қаптап кетіпті ғой?! Дем алар емеспін.
Кірқожалақ: Менің ішім қатты ауырып жатыр. Маған көмектесші!
Тазабек: Ендеше мен саған қандай көмек көрсете аламын. Өзің тазалықты сақтамайсың. Ендеше мен саған дәрігер шақырайын.
Дәрігер: Не болып жатыр бұл жерде? Микробтар қаптап кетіпті ғой. Кірқожалақ не болды саған?

Кірқожалақ: Мына жердегі құрт жеген алмаларды, жерге түскен кәмпиттерді жедім. Ал енді менің қатты ішім ауырып тұр. Маған көмектесіңізші.
Дәрігер: Мен саған дәріні берейін. (Витамин) Қожалақ сен лас боп жүрсең аурушаң боласың. Қарашы жан жағыңда микроптар қаптап жүр. Балалар Жаз айында көптеген аурулар шығады. Солардың ішінде атап айтсақ құрт аурулары көп шығады. (жедел ішек инфекциясы) Бұл аурулар тазалық сақтамағаннан пайда болады. Яғни қолды жумай тамақ ішкенде, немесе жуылмаған тамақтарды көкөністер мен жемістерді жегеннен, жерге түсіп кеткен тамақтарды ауызға салғаннан және т, б жағдайларда микроптар ішке барады да солардан әр түрлі аурулар туындайды. Сондықтан біздер әр дайым Тазабек сияқты таза жүруіміз керек. Тамақтанар алдында қолымызды жуып, алма, алмұрт жегенде де алдымен таза жуылған екеніне көз жеткізіп тазалап алып жеуміз керек. күнделікті тістеріңді ысып таза киініп жүрсеңдер сендер ешқандай ауру қоздырғыш микроптар да, вирустар да жоламайды. Сонымен қатар балалар дені сау әдемі бала болып өсу үшін дене шынықтырумен де айналысу керек.

Тазабек: Балалар Дәрігер апай дұрыс айтады. Дәрігердің айтқанын тыңдап жасауымыз керек. Кір қожалақты сен әдемі тап таза, дені сау бала болғың келеді ме? Мен сияқты?
Кір қожалақ: Әрине.(Қуана келіседі) Сен сияқты тап таза бала қалай болам?
Тазабек: Балалар Кір қожалаққа көмектесеміз бе?
Ол үшін тазалықтың ең жақын достары кім екенін білгілерің келсе мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер мұқият тыңдап шешіп көріңдер.
Жұмбақ: «Бұл не?»
1) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың. Бұл не? (Сабын)
2) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
(Осы кезде сабын келеді. Қолында сүлгісі және айнасы бар)
Сабын: Балалар мен сендерге әрдайым көмектесіп жүремін. Сендер менімен жуынсаңдар тап - таз боласыңдар. Кәне кімге көмектесейін?
Тазабек: Сабын сен біздің Кір қожалаққа көмектес оны жуындыр.
Кір қожалақ тап таза болғанша біздер сендермен ойын ойнап, ән айтып жіберейік.
А. Меңжановтың «Тазалықтың досы» атты өлеңі
Қимыл – қозғалыс арқылы айтады. Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
(Кір қожалақты Сабын жуындырады, сүртініп айнаға қарап шашын тарап әдемі тап - таз бала болып шығады)
Дәрігер: Міне балалар Кір қожалақ тап таза бала болып шықты қараңдаршы! Сендер де осылай таза жүресіңдер ме? (балалар жауап береді)
Тазабек: Міне досым енді сенімен дос боламын екеуміз басқа да балаларға көмектесейік жарайды ма?!
Дәрігер: Балалар деніміз сау әдемі өсуіміз үшін енді дене шынықтыру ойындарын ойнап жіберейік.
1) ойын: «Кім жүйрік»
2) ойын: «Кім жылдам»
3) ойын: «Самокатпен жарысу»
Қожалақ: Дәрігер апай, Тазабек, Балалар мен бәрін түсіндім. Сендер олай жасамаңдар! Мен де енді олай жасамаймын. Уәде беремін!



шық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»

Мақсаты: а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.

ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд-суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар,сендер болашақта қандай болғыларың келеді?

Нұржан: Мен ұлмын,сондықтан өжет,күшті,төзімді,көңілді болғым келеді.

Аружан: Мен қызбын, сондықтан нәзік,шыншыл,әділ,әдемі болғым келеді.

Мұғалім: Әдемі,нәзік,күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)

Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.

-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?





С п орт Денсаулық Жеміс-жидектер



Күннің көзі

Дәріхана Су

Таза ауа

І кезең: «Менің таңым»

ІІ кезең: «Қимыл-қозғалыс»

ІІІ кезең: «Сиқырлы сандық»

ІҮ кезең: «Көрініс»

Ү кезең: «Спорт-сенің серегің»

ҮІ кезең «Кім тапқыр?»

І. «Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық» туралы өлеңдері оқылады.

Гүлдана: Су-өмір жүрегі

Денсаулық тірегі.

Шөлдесең, қанасың,

Жуынсан тазасың.

Қоршаған ауамен

Шығыпт кең далаға.

Шынық сен әрдайым

Керемет ауада.

Кемел: Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

Тазалықты іздесең,

Шампунь,сүлгі керегі.

Бірі жуып шашыңды,

Бірі сүртіп береді.

Динара: Тазалықты іздесең,

Айна,тарақ керегі.

Бірі тарап шашыңды,

Екіншісі көреді.

Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың.

Тістеріңді шөткеге,

Тазалатып аласың.

Бекарыс: Дос бол сабын,сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де,кеште де,

Жуын күндіз-түсте де.

Дамир: Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын бір жолдас.

Жоймас олар кір болмас!

Жанзия: Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп.

Тазалаймын тісімді,

Жуынамын күтініп.

Басты байлық-денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

ІІ «Қимыл-қозғалыс» Денсаулығымызға қимыл-қозғалыстарда пайдалы екен.

( Барлық оқушылар «Балапан» әнін орындайды.)

Хормен: Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

ІІІ «Сиқырлы сандық» Балалар сандықтың ішіндене бар екен? Ішінен«Денсаулық,» «Тазалық» сөзі шығады. Оқушылар мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашады.

Наурызбек: «Денсаулық-зор байлық»

Бекзат: «Дені саудың-жаны сау»

Дамир: «Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде».

Сағымбай:Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық-ақ жаулық

Үшінші байлық-он саулық

Аружан: «Тазалық-денсаулық негізі

Денсаулық-байлық негізі»

Санжар: «Шынықсаң-шымыр боларсың»

Дана: «Денсаулықтың кепілі тазалық»

Дильназ: «Аурудың жақсысыжоқ

Дәрінің тәттісі жоқ»

Мадияр: «Ағаш-тамырымен

Адам тамағымен»

Мектебіміздің аяжаны қонаққа келеді.

ІҮ «Көрініс» «Кітапты күтіп ұстау»

Ү «Спорт-сенің серігің» Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді,адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі,ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.

- Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?

(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу т.б) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.

Ән: «Біз жеткіншек баламыз»

ҮІ «Кім тапқыр?»

Ал,балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

1 Бес сауысқан,

Бес сауысқанның басына

Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)

2 Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір,ласың

Тап-таза боласың

Бұл не? (Сабын)

3 Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолың да

Сүртеді жонын да

Бұл не? (Сүлгі)

4 Аузы жоқ,көзі жоқ

Тілі жоқ,сөзі жоқ

Бірақ та тісі жоқ

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

5 Үй ішінде

Отыз екі батыр,

Кіргендерді

Отап,турап жатыр. (Тіс)

6 Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (Көз)

7 Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

8 Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)

Ән: «Тук-тук»

Қорытынды: «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

Хормен: Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!





  1. «Тазалық» сөзінен құралған сөзжұмбақты шешу.(дене мүшелерін еске түсіру)

1.зуб  2.голова   3.глаз  4.волосы    5.рука  6.нос     7.нога

Сөзжұмбақты шеш.

            1.ТІС

          2.БАС

       3.КӨЗ

        4.ШАШ

      5.ҚОЛ

  6.МҰРЫН

     7.АЯҚ

1.Сөздік жұмысы (суреттегі сөздерді қазақша аудару)          

Сабын

Сусабын

Сүлгі

Тіс пастасы

Тіс щеткасы

Сүлгі

Тарақ

 2.Олар не үшін керек? (сұрақ - жауап)ждлгшлдж.

Сабын ,  жуыну үшін керек.

Тіс пастасы, тіс щеткасы тісті тазалау үшін керек.

Тарақ шашты тарау үшін керек.

Сүлгі сүртіну үшін керек.

Сахналық көрініс .Тазалық заттарының жыры.

          Су

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі – жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

Тазалықтың досы

Су дегенің осы.

       Сүлгі
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл – жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.

        Сабын
Сабындаған кезіңде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап – таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.

     Тіс щеткасы

Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт,

Маржандай болсын аппақ.

        Тарақ

Аузым жоқ, көзім жоқ,

Тілім жоқ, сөзім жоқ.

Бірақ та тісім бар,

Шашыңды тараймын.

Әдемі боласың,

Менің атым тарақ.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
9309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі