Тәрбие сағатының тақырыбы: Жыр алыбы – Жамбыл ата
Тәрбие сағатының мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.
Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.
І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.
Бейнежазба
Балалар сендерге түрлі дереккөздерден мәлімет жинап келгі тапсырылған болатын. Қанекей кім келеді?
Өмірбаян : Аделя, Айназ, Жансая, Арсен
Адэля:
Өмірбаяны Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Айназ:
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жансая:
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.
Арсен:
Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді
-Балалар, Ж. Жабаевтың көптеген ақын жыраулармен айтыстары дастандары бар. Мысалы :
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Соларды бірі:
ЖАМБЫЛДЫҢ АЙКҮМІСПЕН АЙТЫСЫ
Жамбыл: Мейірхан
Әдейі ат терлетіп келдім тойға,
Айкүміс, әуелден-ақ болдың ойда.
Әуірі басылмаған албырт едім,
Асығыс айтқаныма кінә қойма!
Айкүміс: Нұрғиса
Аптығып ә, дегеннен амандаспай,
Әдепті үйренбепсің,
Жамбыл, жастай.
Асылға арсыдағы қол жетпей ме,
Ақылмен қыймылдасаң аспай-саспай?.
Жамбыл : Мейірхан
Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?
Жасшылық ұрындырды талай жарға...
Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,
Жем болып кете ме деп жамандарға.
Айкүміс: Нұрғиса
Біле ме пенде шіркін өз кемісін,
Ел кезіп есер мінез сен де жүрсің...
Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз,
Жарқыным, өкінбеші сен мен үшін!
Жамбыл: Нұрғиса
Барарсың бір жаманға өзің қор боп
Отырсың қарқарадай әзір зор боп.
Көзіңе көк шыбынды үймелетер,
Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп.
А й к ү м і с: Нұрғиса
Жамбыл-ау, ұстатпаймын, кінә қойма,
Кетейін қайтып ардан мына тойда.
Жақсы сөз жан семіртер деген бар ғой,
Әдепті мінездерің жүрсін ойда...
Ж а м б ы л: Нұрғиса
Айкүміс, амалым жоқ, қош ендеше,
Кетелік сыр білдірмей жат пендеше...
Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын,
Кеудемнен қашан менің от сөнгенше...
Өлең жырларымен таныс болайық:
Өлеңдері
Атаның әлдиі
Балаларға
Балама хат
Бесік жыры
Жастық жыры
Жаңа жыл
Жаңа жыл сәлемі
Жеңіс жырын сайраңдар
Жүз жасаған жүректен
Ленин
Шәкірт балаларға
Ленинградтық өренім
Октябрь толғауы
Сәлем саған комсомол
Сыйлық
Туысқан ел
Чапай
Халық туысқандығы
Өнердің өсуі есік жыры
«Әкеме» Мейірхан
«Шәкірт балаларға» Аниса, Адэля
«Өсиет» Айару
«Алғыс» Балауса
«Балама хат» Жансая
«Балаларға» Жанерке
«Әкеме» Мейірхан
Сертінің ұрлап қара
атын,
Жазықсыз киып
қанатын,
Жапанда жаяу
қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс
алатын.
Ел арасын егер
қып,
Ойым- жоқ шұрқан
салатын.
Қоныстан елді
бостырып,
Неміз бар енді
шабатын!
Өлең мен сөзді дос
қылып,
Құрамын ақын
санатын!
«Шәкірт балаларға» Аниса, Адэля
Балдыраған балғын
балалар,
Мойнына қызыл
байлаған»
Майысып сұлу
мәуесі
Түрлерің гүлдей
жайнаған.
Мектеп боп ынтық —
әуесі,
Жасынан білім
ойлаған.
Айналам сендей
жеткіншек,
Қарасам көзім —
тоймаған.
Мәуелі сендер
бәйшешек
Өмірдің жазын
тойлаған.
Ұялы мен бір
бәйтерек
Ортаңда көктеп
бойлаған.
Сендерді қоссам
жырыма
Саңқылдап үнім
сайраған.
Қаздаңдап кірі
саусағым
Ішекте бойлап
ойнаған.
Мектептен сендер
келгенше
Тағы да бір жыр
ойланам,
Келген соң айтып
бермесем,
Балалар, кінә қой
маған!
«Өсиет» Айару
Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз - шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұқсасы келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?!
Дәулетіңнен не пайда
Таусылмастай көрінген?!
Жалғыз мұраң сол болар -
Қол қайырың берілген.
Басқа дүние бірі де
Көмілмейді кебінмен.
Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,
Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
«Алғыс» Балауса
Ленинградтық өренім!
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты. Жыр алыбы-жамбыл ата

шағым қалдыра аласыз