Көктем неткен
керемет!
Ашық тәрбие
сағаты
2-сынып
Мақсаты: Оқушыларға эстетикалық және
экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға, оның сұлулығын
сезінуге шақыру, шығармашылық қабілеттерін
шыңдау.
Көрнекілігі: Көктем көріністері, слайдтар,
бейнероликтер
Барысы:
1.Кіріспе
Тырна дауысын жатырқамай,
жатсынбай,
Тыңдайды ұйып биік құздар, ақ
шыңдар,
Көктем келді, көкірегімнің
құстары
Қиқуламай неғып ұйықтап
жатсыңдар?! – деп, Тұманбай ақын көзімен көріп, көңілімен сезіп,
шабыттана жырлаған тағы бір көктем келді. Әйтеуір, көктем келсе
болды, бүкіл аспан асты, жер үсті жасанып шыға келеді. Қырда
көктемнің алғашқы хабаршысы жауқазын да қылтиып, сұлу әнін сызылтып
туған жеріне құстар да жетті. Алғашқы жаңбырдан соң Жер-Ана да
масатыдай құлпырды. Бұл керемет көріністі Абай атамыздай қалай
суреттеп еді?
/Жарас
Абай атамыздың
«Жазғытұры»
өлеңін жатқа оқиды. Бейне ролик
көрсетіліп тұрады, әдемі әуенмен/
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің
жүзі.
Жан-жануар, адамзат
анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің
көзі.
Түйе боздап, қой қоздап,
қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сайда
ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып
қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады
су.
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала
шулар,
Мал мазатсып, қуанып,
аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең
айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен
қулар.
Балалар, жер бетін жасыл
кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілі барша тіршілік
иесін қуанышқа бөлеп отыр. Көктемнің басын ауа-райын зерттеушілер
1-наурыздан басталады десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түн
теңелгенде, өсімдік танушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре
бастағанда басталады дейді. Көктем мезгілін 3 кезеңге бөледі екен.
Ол қандай кезеңдер?
Нұрдәулет: Көктемнің 1-кезеңі - ерте
көктем.Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуір айына дейін
созылады. Бұл кезеңде қар еріп, суға айналып, су топыраққа сіңіп,
топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады. Күн жылынып,
аспандағы қою бұлттар сирей бастайды.
Назғаным: Көктемнің 2-кезеңі – ортаңғы
көктем. Бұл кезең мамыр айына дейін созылады. Бұл кезеңде қара
мойыл ағашы гүлдеп, жәндіктер тіріле бастайды. Жәндіктерге көбелек,
бал арасы, құмырсқа, қанқызы, шыбын жатады. Сондай-ақ бүршік жарған
ағаштардың жапырағы жайқалып өсе бастайды.
Гүлім: Көктемнің 3-кезеңі – жай
көктем. Бұл кезең маусым айына дейін созылады. Бұл кезеңде
жеміс-жидек ағаштары гүлдеп, табиғат тамашасын көркейте
түседі.
Ия, көктемде табиғат жаңарып,
жылы жақтардан құстар ұшып келеді. Барша тіршілік иелері көктемнің
келгеніне қуанып, жадырап сала бергендей. Ақын-жазушыларымыз да осы
көктем мезгілін жан-жақты суреттеген.
Нұрдәулет: Көктем деген
немене,
Көктем деген көк
жаңбыр.
Әнге салып
әуеде
Қарлығаш ол тұрған
бір.
Көктем деген
немене,
Құлыншақ қой
зулаған.
Еркелеген
далаға,
Құрық салсаң
тулаған.
Гүлім: Көктем
деген ашылған
Бұлақтардың көзі
ғой.
Ақ тұманың
басында
Жаңа туған қозы
ғой.
Көктем
деген қыстағы
Әніміз ғой
айтатын.
Көктем деген құстар
ғой
Туған жерге
қайтатын.
«Сәуір айы» М.
Мақатаев \Жарас\
Сабылып келді, міне, сәуір
айы,
Сәуір айы – қазақтың тәуір
айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы
бұлт,
Бара жатыр не болып ауа
райы?!
Ақ нөсер, өткіншісі – бәрі
дайын,
Сабылтып келген мына сәуір
айын,
Құтты көріп, дихандар
құптағанмен,
Малшылар салып отыр
сарыуайым.
Жылап тұр, жылаңқы бұлт
сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып
қыр.
Бірде жауын, біресе қарға
айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып
тұр.
«Айхай, көктем...» М.
Мақатаев \Назғаным\
Тентек жаңбыр
терезені,
Бытырамен атып
тұр.
Кенеледі,
Жер
өзегі,
Рахатқа батып
қыр.
Үдеріп
көк,
Түнерік
кеп,
Аласұрып,
атқандай,
Алабұртқан,
күреңіткен,
Аласапыран шақтарды
–ай!
Күркіретіп,
Дүркіретіп,
Мына келген көктем
бе?!
Сіркіретіп, бүркіп
өтіп,
Әтір шашып кеткен
бе?!
«Мына бір келген мамыр ма?»
М. Мақатаев \Бекнұр\
Мына бір келген мамыр
ма?
Мамырла, бұлттар,
мамырла,
Қалпағыңды алып,
бауырлар,
Басыңды төсе
жауынға.
Аспан тұр міне.
күркіреп,
Шөміш қақ, әже,
ырымдап.
Көктер ме егін
дүркіреп,
Көк биең аман
құлындап.
Есен-сау тұңғыш
немерең,
Оралар ма екен
әскерден.
Тұнар ма екен
төңірек,
Шұбарып өрген жас
төлден.
Мына бір келген мамыр
ма?!
Мамырла , дала,
мамырла,
Арқаңды төсеп
жауынға,
Дамылда, тірлік,
дамылда.
«Армысың, адамзаттың
ынтымағы» М. Мақатаев \Гүлім\
Дүние Майда неге
құлпырады?!
Қарашы, толықсиды,
ұмтылады.
Шуағын шашып тастап жер
төсіне,
Шұбатып шуда шашын күн
тұрады.
Дүние Майда неге
құлпырады?!
Қарашы, кәрі емен де
бұлқынады.
Қайың-Ана сырғасын
сәби-самал,
Сипалап, сылдыратып,
жұлқылады.
Дүние
Майда,
Майда
құлпырады!
Көктем ғой табиғаттың
ынтық-әні,
Келдің бе керім-көктем,
думандатып,
Армысың, Адамзаттың
ынтымағы!
«Көктем»
Т.Айбергенов \Назғаным\
Көктем күні
күркіреп,
Жаңбыр жауды
сіркіреп,
Бәйшешектер
дүркіреп,
Шыға келді қыр
түлеп.
«Көкектің айы –
көктемім...» Қ. Шаңғытбаев \Бекнұр\
Көкектің айы –
көктемім,
Күлімдеп күмбез, көкте
күн.
Жайқалқан жасыл
жапанға
Қарашы нұрын
төккенін!
Көкектің айы –
кербезім,
Керілген далам – кең
көзім.
Жайлаудың жазы
жақындап,
Жадырап жүрмін мен де
өзім.
Көкектің айы – көк
айым,
Көңілді күндер көп
айым.
Көгілдір жібек
жамылған
Көркіңе сенің
болайын!
Ертегі «Көктем
сәні»
Ән «Нұрлы
көктем»
Шығармашылық тапсырмалар
«Көктем неткен керемет!»
Нұрдәулет - «Көктем»
тақырыбына сурет салу
Жарас - Фотоэтюд
дайындау
Назғаным - Эссе
жазу
Гүлім – Қолөнер бұйымын
жасау
Бекнұр – Ән «Балдаурен»
слайд «Көктем мен үшін несімен
керемет?»
Қорытынды