Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: Лицейім Мақтанышым

Ашық тәрбие сағаты: Лицейім Мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты: Лицейім Мақтанышым Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Лицейім - мақтанышым»

Мақсаты: Лицейдің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Лицейім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітіңнің гүлін жарып,
Жағымды сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Лицейім - мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Шіркінай, мектеп өмірі қандай ғажап! Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күн әрбір жас бала үшін үлкен мереке күні ғой. Иә, қалайша ұмыта аласың бұл күнді? Осы күннен бастап сен бір жаңа әлемге тап болғандай сезінесің өзіңді. Мектепте өзіңе дос табасың. Үлгілі, сыйлы болу, жақсы оқу – әрбір мектеп оқушысының ең басты міндеті.

Мектеп — сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен

Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

  • Мектепке деген махаббат (видеоролик)

Әр оқушы мектепке келгенде өзін еркін, жайлы сезінуі, өзіне сенімді болуы керек. Бұл видеороликтен сендерге айтқым келетіні білімге деген махаббаттарынды өшірмеңдер. Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя.

  • «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ құрылуының да өзіндік тарихы бар. Ендеше лицейіміздің тарихына көз жүгіртсек. (Слайд)

  • Айзере: «Оралханның мектебі» өлең


Лицей тарихындағы жандармен сыр сұхбат.

Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері  ардагер ұстаздарымыздың  еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырады.

Ендеше құрметпен лицейіміздің математика пәні мұғалімі Дусипова Гульжан Куанышевна, музыка пәні мұғалімі Альханова Жаңыл Рахметоллақызы, лицей кітапханашысы Омарханова Байбала Жамакишевнаны ортаға шақырсақ.

Лицейіміздің сонау тарихынан келе жатқан, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беріп жүрген жандармен сұхбатымызды бастаймыз.

  1. Лицейдің қалыптасуына қосқан үлесіңіз қандай?

  2. Өткен жылдардан естелік?

  3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?

  4. Бұрынғы оқушылармен қазіргі оқушылардың айырмашлығы бар ма?

  5. Біздің лицейіміздің ерекшелігі қандай деп ойлайсыз?

  6. Алғашқы лицейге келуіңіз туралы айтып кетсеңіз?

  7. Лицей кітапханасына деген оқушылардың қызығушылықтары қандай? Қазіргі оқушылармен және 10 жыл бұрынғы оқушыларда айырмашылықтар бар ма?

  8. Келешек ұрпақтарға қандай ақыл кеңестер бересіздер?!

Әсерліде, әдемі сұхбат болды. Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.

Бекарыс: «Аққу күйі»

«Жеңіске бір қадам» ойыны:

Ойын шарты: Сіздерге қадамдар беріледі. Әр қадамға жету үшін сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңіз керек. Барлығы 7 сұрақ қойылады. 7 сұраққа сүрінбей дұрыс жауап берген оқушы бүгінгі сынып үздігі атанады. Ал бұл сұрақтар лицейімзге қатысты болады.

Ойын сұрақтары:

  1. Қай жылы №44 қазақ орта мектебі ашылды? (1993ж)

  2. Оралхан Бөкейге ескерткіш қашан орнатылды? (2004ж)

  3. Лицей мәртебесінің 10 жылдығы қашан аталып өтілді? (2010-2011ж)

  4. Лицей директорының толық аты-жөні кім?

  5. Біздің сыныбымыз лицей өмірінде қандай орынға ие?

  6. Лицей формасы қандай?

  7. 44 мектепке Оралхан Бөкей есімі берілген жылды ата!? (1994ж)

Жарқын болашаққа жол!

«Болашақтағы менің лицейім...» жоба құру.

  • Інжу: «Мектебім-мақтанышым» өлең

  • Лицей әнұраны орындалсын!

Бәрімізді сүйіп өткен,
Білімді бізге үйреткен
Мектеп,ұстаз,ата-анаға
Бас иеміз құрметпен.
- Осымен біздің «Лицейім-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар!













Бекітемін:

«Оралхан Бөкей атындағы

44 лицейі» директоры

Назарбаева Ж.К.

____________________

«____» ______2022 ж







Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Лицейім - мақтанышым»

Сынып: 5 «А»

Сынып жетекшісі: Дюлюмбаева Б.Б.

















Өскемен қаласы, 2022 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ