Мәңгілік өшпес отты жылдар.
М а қ с а т ы:
Білімділік: 1941-45 жылғы соғыста қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру
Тәрбиелік: қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
Дамытушылық: тарих туралы біліктіліктерін жетілдіріп, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.
Құрметті балалар ! Бүгінгі тәрбие сабағымыз Жеңістің 67 жылдығына арналады. Бүгін біз өздеріңмен Қазақстандық жауынгерлердің ерлігімен танысамыз, олар туралы ән, жырлар оқимыз.
1941 Жылдың 22 маусымында қанқұйлы фашизімнің қара бұлттай қаптаған қолы кеңес одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам майданға аттанды. 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай қазақстандық шайқасты.
8 – гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таңқалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандары -мызды күйіндірді, қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екендігін дәлелдеді.
Панфиловқа арнау.
Жаңбырдай оттың ішінде ,
Панфилов Қазақстаннан.
Сонау бір қиын тұстарда,
Өлмейтін ерлік жасатқан.
Москваның түбінен,
Ерлік жасап ол асқақ,
Волоколам жолында,
Жауымен талай арбасқан
Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жиырма сегіз.
Тастар көкке атылды, орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды, жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды, өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды, жеңе алмады жау бірақ.
Жау жеңілді ақыры, атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын, ұмытпайды ел мәңгілік.
1942 жылы ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны қазақ даласын да шарпыды. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі жаудың 120 танкісін 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29 және Алматының 38-атқыштар дивизия ларының даңқы шықты. Қазақстанда жасақталған бөлімдер Мәскеу мен Ленинградты қорғасты, Балтық бойы республикаларын Украина мен Беларусияны жаудан тазартты. Днепрде , Одер- де ерлік үлгілерін көрсетті Еуропаны жаудан тазартты. Жау ұясы Берлинге шабуыл жасады.
Ән: «Біз ақ қанат кептерлер».
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдердің көбі совет-герман майданының аса жауапты учаскелерінде болып , жауынгерлік ерлік пен әскери табандылықтың қатал сындарынан сүрінбей өтті. 470- ке жуық Кеңес Одағының Батыры атағы Қазақстандықтарға берілді, соның 96-сы қазақ болатын. Соғыста ерлермен бірге әйелдер де болды. Олар ұшақпен көкке самғады, танк жүргізді, пулемет арқалады, ұрыс даласында мергендік көрсетті
Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын,
Азат етіп болды мерт.
Ән «Әлия»
Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк Невельдің.
Бермеді қолдан намысты,
Жүректі қызы ер елдің.
Ән «Мәншүк»
Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. “Тегін- де бар тек жатпас” дегендей , сол халықтың ұрпағы ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға қарсы ұм- тылған батырларымыздың есімі мәңгі ұмытыл- майды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған тарихи батырларымыз Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Қарсыбай Сыпатаев, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Қасым Қайсенов, Хиуаз Доспанова.Арыстық батыр аталарымыз Бейсен Оңтаев, Нағи Ілиясов, Берген Исаханов Садық Смайлов, И. М. Журба. Ауылдан соғысқа қатысқан ардагер аталарымыз : Бастарбеков Мауленқұл, Әбдікерімов Күлен, Әбдікерімов Әліхан, Қалиев Әбдір, Әшірбеков Махан, Амантаев Оразбай, Қашқынбаев Құлмахан, Есенқұлов Ешман.
Артта ажал, алда үміт,
Есімі ердің жаңғырып.
Есінде жұрттың мәңгілік,
Жас қыран Нүркен Әбдіров.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.
Сәлем сізге, сүйікті Мәлік аға.
Жасқанбас жаудан, болат жүректерден,
Бауырың туысқан жас түлектерден,
Сәлем сізге, жалынды Мәлік аға,
Көруге ыстық жүзіңді тілектерден.
Елінің намысын қуған ерсің,
Жалынды келер өжет ардагерсің,
Сәлем сізге, сүйікті Мәлік аға.
Қарапайым қаны бір жауынгерден.
Талғат Бигелдиновке.
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
Жеңістің күні келгенде,
Көшеге жайнап шығасыз.
Сөнбесін оның жұлдызы,
Сөнбесін оның шырағы.
Сұраймын көптен кешірім.
Дәріптеу парыз ер атын,
Ерлердің елге есімін.
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр – Бауыржан.
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Бұзып жарып қоршауды,
Жолсыз жерден жол салды.
Достары түгіл ерлгін,
Қасы да естіп тамсанды.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әдеби монтаж: «Борыштымыз» С.Боранбаев. Аружан.
«Ардагерлер» М.Әміреев. Ұлжан.
Ән - «Соғыстан қайтқан солдаттар»
.
Бұл соғыс адамзат баласы үшін өте зор алапат қырғын майдан болды. Бүгінгі деректерге сүйенсек : бұл соғыста қырғын болғандар саны
56 млн, Оның ішінде біздің отандастарымыздан 20 млн. астам құрбан болған деген дерек бар. Соғыс тек қана қасірет әкеледі.
Бәрі: Бізге соғыстың керегі жоқ. Біз бейбітшілікті сүйеміз.
ән: Бейбітшілік туы берік қолда.
1945 жылдың 9-мамырында бүкіл адамзат аңсаған 1418 күнге созылған соғыс Жеңіспен бітті. Сұрапыл соғыс адамдардың жүрегіне жазылмастай жара салды. Қаншама ошақтың отын өшірді, қаншама орман өртеніп, қаншама қала күлге айналды. Қаншама әйел “қара қағаз “ алып жесір атанса. балалар әкелерінен айырылып “жетім” атанды.
Ән «Ана туралы баллада».
Кеңес адамдары мылтықты да , мылтықсыз да майданда бірдей арпалысып жеңіп шықты. Күйзелген көңілдер, жүдеген жандар ұлы Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Қандай құдіретті сөз еді бұл. Сол кезде Рейхстагққа туды 22 жасар қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев тікті.
Содан бері Жеңісті тойлап келеміз.
Өр тұлғалы келбетті, Қошқарбаев Рақымжан.
Сын сағатта ерлепті, ел сүйсінген батыр жан.
Арпалысып ел күнде, аңсап талай жыл күткен.
Жеңіс күні Берлинде, Рейхстагқа ту тіккен.
Әдеби монтаж: «Тарих куә» Дихан Әбілов. Ақмаржан.
«Жеңіс оңай келген жоқ» Б.Оспанов. Сұлтанбек.
Ән: Катюша.
Содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды.1945 жылы Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал 9-мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын-соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
«Жеңіс күні» Е.Зікібаев. Азиза.
«Жеңіс күні». Мақсат.
Ән: «Бейбітшілік сақталады».
СССРо мен Германия соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлар жайлы терең білдік. Міне биыл Жеңіске 67 жыл толып отыр. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныштықта өмір сүрсін. Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние , жаңа қоғамға бет бұрдық. Елбасымыз Нұрағаның нұрлы жолымен болашаққа нық басайық.
Ән: «Ақ көгершін»
Мұғалім: 1941-45 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Бірақ сол бір естен кетпес жылдар бізден неғұрлым алыстаған сайын, соғыс салған жара неғұрлым жазылған сайын кеңес халқының ғажайып ерлігі соғұрлым аса ұлы болып көрінеді. Халықтарды езіп-жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды адамзат баласы ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс жалыны басылғанына 67 жыл өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Қасіретті жылдар бізден алыстағн сайын қан майданға қатысып қанын төккен аяулы ата-әкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбатқа түскен жеңістің қадірін ұғындырды. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түйсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта қалды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің , батырлықтың мектебі болды, соғысқандар үшін ғана емес, соңғы келер буындар үшін де мектеп. Соғыс кезіндегі кеңес адамдарының сан қилы ерліктері-жас жүректерді шыңдайтын тәрбие мектебі. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына мәңгілік тағзым етеміз.
Ән: «Қазақ жігіттері»
Ән: « Жаса қазақстан»
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын.
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Нурипа Шойбекова,
Оңтүстік –Қазақстан облысы
Арыс қаласы
Шағыр ауылы
Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Мәңгілік өшпес отты жылдар"

шағым қалдыра аласыз