Мақсаты:
Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу,
патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта,слайдтар.
Тәрбие сағатының
жүрісі:
Гаухар:
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
Назарларыңызға 1 сыныбы дайындаған «Маңғыстау – туған мекенім!» атты ашық тәрбие сағатын
ұсынамыз!
Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер
айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,
қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен
басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды
ұсынады.
Рухани Жаңғыру туралы
бейнебаян тамашалау
Тәрбие сағатын
А.Оңайбайұлының әні мен бейнебаяны арқылы
ашамыз.
Назира:
Не замандар өтсе-дағы бұлағай,
Көк
түріктің туы қалды құламай.
Маңғыстауым –тұнып тұрған
тарихым,
Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші, кең байтақ
қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің тарихы ерекше.Тарихының
тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды
тамсандырған.Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп
кеткелі тұрған ғажап өлке.
Гаухар: Маңғыстау
өңірі - Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан.Облыстың батысы
мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс
Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түркменстан,
солтүстігінде Атыраумен шектеседі.
Назира: Маңғыстау облысы
1973 жылы 20 наурызда құрылды.1988 жылы 2 маусымда таратылып, 1990
жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс
болып құрылды.Орталығы –Ақтау қаласы.
Гаухар:
Маңғыстау-көкірегі жұмбақ
әлем,
Сырласқан кезіңді айтып
мұнарамен!
Шұбырып езуінен жұлдыз
ағып,
Кірпігін таң алдында жұмады
әрең.
2-
жүргізуші: Маңғыстау ауданы -1928
жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Аудан көлемі -47,9
мың шаршы км-гетең. 2005 жылғы санақ бойынша 28,7 мың адам
тұрады.Аудан құрамына 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі
бар.
Самғатып ән көмейін алқаңда
үздім,
байлаулы біз торғайы балпан
құздың.
Маңғыстау –жерұйығым! Қаблан
құрсақ,
Көзіндей мөлдірейсің Салқам
қыздың!
1-жүргізуші: Отпан тауы
–«От-адамның» мекені,
Әлімсақта болған екен
деседі.
Ғұламалар табиғатпен
тілдескен,
Дана шалдар өтіп кеткен кешегі.
Бейнебаян Отпан
тау
2- жүргізуші: Отпан-тау –тарихи- мәдени
кешен,кесене. 2007 жылы 25 қазанда ашылды.Кешен Сабыр Адайдың
бастамасымен 2004 жылы қолға алынған. Жоба бойынша Отпан –таудың
басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп,
алтынмен қапталған.
1-жүргізуші: Отпантау кесенесіне кірер жол
екеу: олар «қасиетті босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз
арысының аты мен рулық шежіре жазылған.
2-
жүргізуші: Ақтау қаласы - Маңғыстау
облысының орталығы. Қаланың іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен
Каспий теңізінің жағасына салынған.
Бейнебаян Ақтау
қаласы
2- жүргізуші: Маңғыстау десе
аузымызға бірден Бекет –ата мен 362 әулие түседі. Маңғыстаудағы
әулиелер саны-360, қырда-Бекет, ойда-Саназармен 362 деген қағиданың
қатесіздігін айғақтай түседі.
1-жүргізуші: Иә, киелі
Маңғыстау жері –әулиелерге бай.Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас
қасиет ерекшелігі болғандығы аян.
«Маңғыстау деген киелі мая,кер
үлек,
Кекетіп жүрмең қақталған күнге
тері»- деп,сірә,Маңғыстауды жырға қоспаған ақын кемде-кем шығар.
Кезекті Маңғыстау жайлы жауһар жырларға
береміз.
Оқитындар: 1.Ақылбек:
Бұл өлкеге келмеді,өтпеді
кім,
Өткенімді зерттейтін көп пе
еді ілім?
Маңғыстауды «Маң» «Қыстау» деп
жорыған
Ғалымдарға шындығы
өкпелімін.
Ей,ғалымдар,белгілі жайың
маған,
Сырын саған ашқан жоқ сайын
далам.
Келіспеймін білгішпен және де
мен,
«Мың қыстау» деп өлкемді
пайымдаған.
Білгіштер ме,-сөзден-сөз
құрады олар,
Қалай жазса,солай сөз тұра
қалар.
Маңғыстау да емес ол,Мыңғыстау
да
Мың
ғажаптың мекені бұл аралар.
2.Ақтілек: Қағаз жазып күні-түн
құнжыңдапсың,
Келеді ме шештім деп шынжыр
таққың?
Білгің келсе айтайын бұл-
өлкесі,
Жауабы әлі белгісіз мың
жұмбақтың.
Кескілескен көп болған мұнда
қырғын,
Беті күйген қан ұйып,шым
тақырдың.
Айға білеп азуын арпалысқан,
Мекені бұл жаужүрек мың
батырдың.
Қайран өмір,бейбіт таң,туатын
күн,
Көзі болар қайнарлы қуатыңның.
Қашағанша қапысыз жырлап
кеткен,
Мекені бұл марқасқа мың
ақынның.
3.Нұрсұлтан: Ақын жүрек алмайды ылғи
тыным,
Бар
болса егер тыңдашы шын түйсігің.
Жарысқанды жаңылтқан,жолға
тастап
Мекені бұл дәулескер мың
күйшінің.
Жөні бөлек қысылып, қымсынудың.
Махаббатқа мас болып
тұншығудың.
Мекені бұл алма бет,ай маңдайлы
Ақбөбектей ажары мың сұлудың.
Бергені ме белгісіз бір
бұйрықтың?-
Білген бабам қадірін қыл
құйрықтың.
Бәсекелі бәйгеде топ жаратын
Мекені бұл желжетпес мың
жүйріктің.
4.Аягөз: Мекені бұл мың таудың
дамылдаған,
Байлығының мұрты әлі
шағылмаған.
Жаңғырық жүр шыңдардың арасында
Болашағын өлкемнің дабылдаған.
«Аңғал өлке есігін
қаусырмаған»,
Деп
айтады мұжылған тау сыр маған.
Мың
дарынның өлкесі бұл Маңғыстау
Айтатыны әлі де таусылмаған.
Әр
төбенің басында толы дерек
Ертелі кеш ерінбей шолу керек.
Мен
сенбеймін «қайқысын жетеу», -десең,
Жетпіс жеті кемінде болу керек.
Керегі жоқ ұжмақтай ұяның да,
Ірілікпен осынша сиямын ба?
Мен
білетін Маңғыстау артық,кемсіз
Тап
осындай перзенттік қиялымда.
«Галлереяға саяхат»
оқушылардың салған суреттеріне шолу
жасау.
1-жүргізуші: Киелі Маңғыстау
жері туралы сыр шертетін болсақ,бұған бір 40 минут түгіл,1 күн
аздық етер. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362
әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күн де аздық
етер деп ойлаймын. Маңғыстау – мәңгілік ән, таусылмайтын
жыр-дастан, тарихы-шежіре, қойнауы – кенді, жайлауы-малды, келешегі
кемел өлке.
2-
жүргізуші:Сөзіміздің соңын «Қысылғанда
дем, жабыққанда жар болатын» қасиетті Бекет-Ата рухы кім-кімді де
қолдап,ел болу жолындағы келелі қарекеттерге қадам басқан
отандастарын оң іске бағыттай берсін!
Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!