Ашық тәрбие сағаты. Мақта қыз бен мысық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. Мақта қыз бен мысық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. Мақта қыз бен мысық № Бұл ертегіні Ә Тәжібаев атындағы кітапханаға барып Жқойылым жасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту, ертегілер туралы білімдерін кеңейту,сөйлеу мәдениетін , өз ойларын дұрыс жеткізуге баулу, оқушылардың сөздік қорын дамыту,балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу болатын. Қойылым барысында ертегі кейіпкерлері: мысық, мақта қыз, сиыр, тауық, ағаш, қыздар,тышқан өз кейіпкерлер бейнесін өте жақсы сомдап шықты.

Нәтижесінде – балалардың шығармашылық қабілеттері шыңдалып, айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, олады іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренді, шығармашылық қиялдары дамыды.

Ертегідегі кейіпкерлер өздерінің ретін шатастырмай айтып, мінез - құлығын толық жеткізе білді.  Балалар ертегінің басты кейіпкерлерімен танысып, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға мәнісін түсініп айта білуге үйренді. Баланың бойындағы адамгершілік, жауапкершілік, имандылық қасиеттері ашылды. Мейірімділік сөзінің мәнін түсінді.

Қойылым соңында сынып оқушылары бірге «Ертегі әлемі» өлеңін шырқап көрермендерге керемет кеш сыйлады.



Мақта қыз бен мысық дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады.

Мақта қыз:

  • Мысығым, бері келші, мы-сы-ғым!- деп шақырады.

  • -Келсеңші, келмесең, келме, өзім жеп қоямын – деп, Мақта қыз мейізді жеп қояды.

Мысық:

  • Мені неге шақырдың?- десе, Мақта қыз үндемейді.

  • Айтпасаң, атпа қатығыңды төгіп тастаймын!

Мақта қыз:

Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз:

Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр:

Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған:

Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші:

Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар:

Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2022
854
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі