Ашық тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып бойынша "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»


Мақсаты:

  • Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу.


  • Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандлыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.




Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел басындағы сұхбат-кеш

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, бүктемелер, видиокасета, түрлі-түсті суреттер.

Аудиторияның безендірілуі: шар ілінген, қанатты сөздер мен суреттер қабырғалардың ажарын келтіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойнатылады!

Аружан: Қымбатты қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Еліміздің рәміздеріне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Рүстем:


Биік ұста тәуелсіздік жалауын


Бірлік , достық бейбітшілік қалауын


Аружан:


Қарасам Қазақстан картасына


Кенелген мол байлықтың алқасына


Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,


Бұйырсын әр қазақтың отбасына!


Рүстем: Қазақстан Республикасы - елімізде тұратын әр азаматтың туған жері, Отаны болып табылады. Ал әрбір тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері- Мемлекеттік Рәміздер деп аталатынын барлығымыз білеміз.


Аружан: Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.


Рүстем : балалар осыдан тура 25 жыл бұрын 1992 жылы 4- маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Содан бергі аралықта Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз ел деп бүкіл әлем мойындап, ол негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданса, соның белгісі ретінде осы елдік айшықтарымызда да танып отыр! Таңатарұлы Жарас бізге Мемлекеттік Ту туралы бізге өте қажетті мәліметті жарияламақ!


Ән шашу:



Аружан:


Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп


Қазағым сен қашанда тұғардасың!


Биік ұста тәуелсіздік жалауын,


Бірлік, достық, бейбітшілік қалауын




Рүстем : Көк аспандай көгілдір


Қазақстан байрағы


Тұрса күндей төгіп нұр


Жылдарымыз жайдары


Көк байрақтың бетінде


Қыран бүркіт қанаты


Сол қырандай еркіндеп,


Біз өсеміз талапты


Аружан: келесі кезекте Емутбаев Арман Мемлекеттік елтаңбаның қадір қасиетін түсіндіріп өтпек!


Рүстем: Арманның керемет есте қалардай мәліметтері мен даналық өсиеттей мағынасы бар сөздерінен кейін әдемі күйді тыңдайық.


Борашев Темірлан «Елтаңбам»



Аружан : Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұран сөзін жазғандар- Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов, ал музыкасын жазған- Шәмші Қалдаяқов


Жыр айтқан балалардан айналамын,


Елім деп еміренсе жанданамын


Жүректер «Қазақстан»деп күнде соқса,


Марқаямын, мақтанам, қуанамын!


Рүстем:


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмәздері тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәзімдерді қастерлеуді парыз етеді.


Қазақстандық париотизм елдің нағыз париоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне : Туына, Елтаңбасы мен Гимніне ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Сондықтан біз де өз еліміздің патриоты ретінде еліміздің елдік нышандарын қастерлейік, құрметтейік, балалар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
2290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі