Тақырыбы: «Менің отбасыммен
мақтанамын»
Мақсаты:
1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы
мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы - әр адамның
шағын Отаны. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін
түсіндіру.
2. Балалар әке
- шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті
мен қызығын көріп қана қоймай, олардан адамгершілік
қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан
үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың
бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту.
Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Психологиялық ахуал
Баяу ән ырғағы
ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.(
Бір – бірлеріне деген ыстық тілектерін айтады)
Сөзжұмбақ. Шешуіндегі басқы әріптерін қоса отырып сөз
құрастырамыз
1. Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай. (От)
2. Мемлекеттік рәміздің бірі. (Ту)
3. Еңбек құралы. (Балға)
4. Ең жақын адам. (Ана)
5. Уақыт өлшемі. (Сағат)
6. Ырыс алды – ....
(Ынтымақ)
«Отбасы» деген сөз шығады
Жұмбақ
жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні,
аға./
Жұмбақ отбасы
туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)
2. Кіріспе сөз
- Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы,
туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың
тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
- Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар коллаж жасайды.)
- Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып
есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл
шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп,
бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты
шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс
атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.
Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына
жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы
да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының
ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы
қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен
қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас
түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа
шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру,
кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа
да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай
қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз
басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек
сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын
қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі.
ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және
бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
• Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.
• Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны
білдіреді.
• Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен
• Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала-шағасымен тұрады.
• Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын
Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар
жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын
болашақ.
3.« Мен ата - анаммен
мақтанамын!» атты фотосуреттер көрсету, талқылау, ата-анасын
мадақтау.
- Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен
таныстырып өз отбасы жайлы айтады.
4.
Папа пен мама сөзіне түсінік
беру.
- Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше
ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің
қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа
жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды
жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған
соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой.
«Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да
славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің
«papas» сөзі мен латынның «papa» сөздерінен шыққан. Католиктік
шіркеуде дін қызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары
қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт
VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті.
«Папа» сөзі — орыстардың сөзі» деуге болмайды. Өйткені ол сөздің
орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр.
Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама
сөзі де солай: әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды.
Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты
емес.
Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдің емшегі)» сөзінен шыққан.
Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын
тілінен шыққан деуге толық негіз бар.
Барлық тілде дерлік баламасы бар
5. Ойын
кезеңі.
Ауызша тапсырма: «Сиқырлы шарлардан» тапсырмалар:
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Шаңырақ сөзін қалай түсінесің?
3. Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?
4.Не отбасынан басталады?
5. Ұлдардың үлкені
6. Нағашы жұрт деген кім?
7. Отбасы нешеге бөлінеді?
Атап айтыңдар
6. Сергіту
сәті: (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына
түйеді)
Бір үйде біз
нешеуміз?
Кел, ойнайық
екеуміз:
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып,
жұмады)
7. Фотосурет бойынша
әңгімелеу
- Бүгін мен сабаққа әрқайсың
өз отбасыңның фотосуретін әкелуді сұраған едім. Мен де өз
отбасымның суретін әкелдім, ол туралы әңгімелеп
беремін.
"Менің
отбасым".
Жоспар бойынша
әңгімелеу:
1. Отбасында неше адам? (оларды
ата).
2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс
істейді, оқиды, бос уақытында немен
айналысады).
3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді
ұнатады?
4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы
көресің?
Сабақ
қорытындысы: Адам баласы
бақытты болуы үшін он екі мүшесі
сау болып,өмірдегі бар жақсылықты бойына
жинап, білім алу керек.
Бұған
аяулы ата-анасы,қоғам көмектеседі,осы жасалған
жағдайды
пайдаланып өмірден өз орнын табуға
міндеттіміз.
«Тілек шамы»
тренинг
-
Мынау біздің «Тілек шамымыз».
Осы шам біздің отбасымыздың шамшырағына айналсын, мәңгілікке әрбір
отбасына тек жарқыраған жарығын, лаулаған жылуын сыйлайтын болсын.
Шамды бір-біріне тапсыра отырып тілектер айту. Соңынды барлығы
бір-біріне қол шапалақтайды.