Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Менің Отаным - Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Менің Отаным - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмекші құрал ретінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
7938
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 «А» сынып

Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Мақсаты: Оқушыларға «Республика күні» мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру, шәкірттерді елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  1. Қазақ елінің картасы.

  2. Мемлекеттік рәміздер.

  3. Белгілі қазақ перзенттерінің суреттері.

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды Республика күніне арнасақ деймін. Бұл тәрбие сағатында Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт болғандарыңа мақтануға және бар ел байлығын, мұрасын бағалап, қасиет тұтуға үйретсем деймін. Қазақ халқы өлең – жырсыз той бастаған емес. Сендерге рух, ой беретін өлең шумақтарын ұсынған болатынмын. Мәнерлеп оқып берулеріңді және өз ойларыңды айтуларыңды сұраймын.

1-оқушы: Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген. – деп Жұбан Молдағалив жырлағандай, қазақ елі талай асулардан өтіп, осынау жарқын күндерге жетіп, егеменді ел атанды. Ол – осы жерді мекен еткен халықтардың мызғымас бірлігі, рухының биіктігі.

2-оқушы:

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді.

Жайна мәңгі – Қазақстан – Гүлстан!

3-оқушы:

Өткені ұйықы басып, қайғы алған ел,

Бүгінгі жұлдыз ұшып, ай барған ел.

Жасай бер, о қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың Отанына айналған ел.

4-оқушы:

Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған,

Өсіп келеді менің елім Ғажапстан.

Әлем танып қадамын алға басқан,

Жырға айналды бүгінде Қазақстан.

Мұғалім: Республика – сенің туған жерің, елің, Отаның. Ал енді, осы ұғымдарға талдау жасап көрейік. /Оқушылар ой толғайды/

Мұғалім: «Туған өлке, туған жер жайлы өлең жолдарын жаттап келіңдер», - деген едік. Әрине, өздеріңе ұнағанын. Ендеше, кезек өздеріңде.

5-оқушы:

Республикам менің, күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең, Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

6-оқушы:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

7-оқушы:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

8-оқушы:

Ал, екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де.

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

9-оқушы:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе – Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан болса егер,

Ойланбай-ақ, кел-дағы, от ал менен.

Мұғалім: Бұл өлең кімдікі? Өзің қалай ойлайсың, осы өлеңге өз үніңді қосшы. /Ой толықтыру. Әртүрлі пікірлер айтылады. Мұғалім оқушыларға Б.Тілеухановтің орындауындағы «Елім менің» әнін клиппен экраннан көрсетеді/

Мұғалім: Осындай көрніске толы әннен кейін бойымызды қуаныш кернеп, мақтаныш сезімі пайда болары анық. Республика дегенде «Ата Заң» деген қасиетті сөз қоса айтылады. Ата Заң дегеніміз не? Тарихтан талдап көрейік.

/Оқушыларға ойларын айтады. Мұғалім толықтыру жасайды./

10-оқушы:

Халқым тату жарасқан,

Тұрмыс құрған жаңаша.

Бостандыққа жол ашқан,

Ата заңым тамаша.

11-оқушы:

Құқығын әр адамның,

Ата заңы қорғайды.

Ізгі жұрты халқымның

Заңымды алтын қорғайды.

12-оқушы:

Қорғалады көкпеңбек

Аспан, жер, ай, құс та.

Ата заңым тектен-тек

Бөленбейді алғысқа.

Мұғалім:

Сендер қалай ойлайсыңдар, Ата заңның сендерге қатысы бар ма? ...Бар болса, оны неден көресіңдер?

/Балалар Қазақстан Республикасының бала туралы заңын, Конституциясын адам заңдарын, «Бөбек» жайлы, өздеріне көрсетіпотырған қамқорлық жайлы айтады/

Мұғалім: Қазақ халқы – ежелден дана, батыр халық. Біздің аяғамыздан тік тұрып, басқа егемен елдерге қарағанда мерейіміздің үстем болуы сол ата-бабаларымздың еткен еңбегі, айтқан сөздері медеу болғандығынан. Біз өткенді саралап, Ұлыларды ұлағаттау арқылы келешекке қадам басамыз. Сонымен қатар сендер өздеріңнің қандай мәдени мұраға, байлыққа ие болғандарыңды түсініп, қорғай білулерің керек.

Мұғалім: «Менің елім» деп аталатын бөлімде біз 3 топқа бөлініп, еліміздің байлығы, жер табысы, жайлы сараптама жасайық.

1-топ: Қазақстанның қазба байлықтары туралы сараптама жасайды.

2-топ: Қазақ елінің даналары туралы ой толғау жасайды.

3-топ: Қазақ батырлары және өнерпаздары жайлы әңгімелейді.

Мұғалім: Міне, көрдіңдер ме? Біз қандай жасампаз елміз! Бірақ бақытымыздың баянды болуы сендерге байланысты. /Мұғалім: М.Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін оқып береді. Оқушылардан болашақта кім болатынын және ұрпағына қандай мұра қалдырайтынын сұрайды./ Ойтолғау жүргізіледі. Оқушылар өз армандарын ортаға салады./

Мұғалім:

Қазақ елі, бақыттысың сен бүгін,

Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін.

Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа,

Отқа күймес Алпамыстың бар күшін.


Қазақтың жанды, міне, бақ жұлдызы,

Көркі күн, көңілі көктем ұл мен қызы.

Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп,

Таңданды аспн асты жердің жүзі.

Оқушылар:

1-оқушы:

Қазақстан – елім менің, Отаным.

2-оқушы:

Қазақстан - еркін елім, еңселім.

3-оқушы:

Қазақстан кірлетпейік атағын.

4-оқушы:

Қазақстан ата заңым бүгінгі.

5-оқушы:

Қазақстан болсын мәңгі ғұмырлы.

6-оқушы:

Қазақстан – жері қазақ атамның.

7-оқушы:

Қазақстан - әнім әсем шырқалар./бәрі шығып/

«Қазақстаным» әні шырқалады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!