Ашық тәрбие сағаты "Менің Қазақстаным"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Менің Қазақстаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға еліміз туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту кабілеті бұзылған балаларға арналған 1 арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Такырыбы:

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»









Тәрбиеші: Бейсебаева Ж







2019-2020 оқу жылы

Күні: 19.12.2019 ж

Уакыты: 15.00

Сыныбы: 7 «Б»

Өтілетін орны: Демалыс бөлмесі



«Менің Қазакстаным»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Тәрбиеленушілердің туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Қазақстан, Отан туралы білімдерін арттыру.

  2. Дамытушылық: Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік мәні: Балаларға туған жерін көркейтуге, Отанына халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында жас ұрпақты Отанымыздың тарихын, жеріміздің байлығын қорғауға тәрбиелеу.

  4. Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.



Көрнекілігі: Суреттер, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, қима қағаздар, слайдтар.


Меңгерілетін сөздер: Туған жер, Отан, Қазақстан Республикасы, Тәуелсіздік.


Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.


Сәлемдесу.


Әнұран орындалады.


Тәрбиеші:

  • Қазақстан болып өз алдымызға егеменді ел болғандықтан өзіміздің салт – дәстүріміз, тіліміз, дініміз, жеріміз, рәміздеріміз бар. Дүние жүзінде 230 дан астам мемлекет бар. Әр мемлекеттің өз астанасы бар.

  • Ал, біздің Қазақстан Республикамыздың астанасы қай қала?

Балалар:

  • Нұр - Сұлтан қаласы.


Тәрбиеші:

  • Балалар, мемлекетімізде 3 ірі мегаполис бар. Атап өтейік.


Балалар:

- Нұр – Сұлтан қаласы

- Алматы қаласы

- Шымкент қаласы


Тәрбиеші: Балалар, сендер оқып білім алып жатқан мектеп қай мегаполисте орналасқан?


Балалар: Шымкент қаласында орналасқан.


Тәрбиеші: Мектепте қай тілде білім алып жатсыңдар?


Балалар: Біз мектепте мемлекеттік тіл – қазақ тілінде білім аламыз.


Тәрбиеші: Жақында мектепте қандай мерекені атап өттіңдер?


Балалар: 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күнін атап өттік.


Тәрбиеші: Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?


Балалар: Тәуелсіздікке биыл 28 жыл толды. 16 желтоқсан 1991 жыл.


Тәрбиеші: Қазір бұл күн қазақ халқы үшін Ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Олай болса, осы мерекеге байланысты өлеңдер оқиық.

  1. Тәуелсіздік бұл бақыт,

Сарқылмайтын шаттық қой.

Көздің жасын құрғатып,

Келген бізге бақыт қой.


  1. Барлық бала өз Отанын сүйеді,

Отан оның қорғаушысы тірегі.

Кеудесінде намысы бар адамның,

Отан десе лүпілдеген жүрегі.

  1. Менің елім - Қазақстан жүрегім,

Тек өзіңсің Отан, Ана тірегім,

Аман болсын елім, жерім , ұрпақтар.

Тәңірден осы менің тілерім.


Тәрбиеші:


  • Балалар, сендердің мектептерің Шымкент қаласында орналасқан. Ал, өздерің қай жерде тұрасыңдар? Тұратын облыс, қала, аудандарыңды білесіңдер ме?


Балалар:


  • Түркістан облысында.


Тәрбиеші:


  • Біздің Қазақстанда көптеген байлықтар бар. Сендердің ауылдарың қандай шаруашылықпен айналасады ?


Балалар:


  • Мен Қазығұрт ауданында тұрамын. Біздің ауыл шаруашылығымен айналысады.


  • Мен Сайрам ауданында тұрамын. Біздің ауыл егін шаруашылығымен айналысады.



  • Мен шымкент қаласында тұрамын. Шымкентте көптеген зауыт, фабрикалар бар.



  • Біздің Сарыағаш ауданында көптеген демалыс орындары бар.



  • Мен Түлкібас ауданында тұрамын. Біздің аудан жеміс өсірумен айналысады.







Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар балалар, енді тақырыбымызға байланысты мақал – мәтелдердің сыңарын тауып жазайық.

  1. Ел іші..... . (алтын бесік)

  2. Отансыз адам.... . (ормансыз бұлбұл)

  3. Отан оттан да .... . (ыстық)

  4. Отан отбасынан.... . (басталады)

  5. Туған жердей .... . (жер болмас)

  6. Туған елдей .... .(ел болмас)


Тәрбиеші: Сұрақ – жауапқа тоқталайық.

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды?

  • 1991 жылы 16 желтоқсан күні

  1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

  • 1993 жылы 15 қараша күні

  1. Еліміздің рәміздерін қабылдаған күн?

  • 1992 жылы 4 маусым

  1. Қазақстан Ата Заңын қабылдаған күн?

  • 1995 жылы 30 тамыз

  1. Қазақстанның ұлттық киімдері?

  • Шапан, кимешек, сәукеле, тақия, мәсі.

  1. Желтоқсан көтерілісі өткен қала?

  • Алматы қаласы


Тәрбиеші: Енді балалар, тірек сызбамен жұмыс жасаймыз.

Shape1

Егеменді



Shape3 Shape2

Жарқын болашақ

болашпқ

Мектебім


Shape4

Shape5

Shape6


Shape7

Менің Қазақстаным





Shape10 Shape8 Shape9

Ауылым, Қалам

Халқтардың достығы

Shape11 Shape13 Shape12

Тарихымыз








Қорытынды: Бүгінгі ашық тәрбие сағатында айтылған сөздерді өнеге етіп, туған жерді, Отанымызды сүюді қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Балалар сендер тәрбие сағатында өте белсенді қатыстыңдар.

  • Енді қоштасамыз.

Оқушылар: Сау болыңыздар!



































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2021
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі