Нұрын төккен Тәуелсіздік
Мақсаты: Оқушыларды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Аға-апалардың ерлігі туралы айту. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу. Оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев С.Мұхамеджанова т.б. суреттері, нақыл сөздер
Кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
1.Нұрасыл: Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы еді. Тәуелсіздік ғасырларға созылған қанды жорығының, дауылды күресінің – заңды жалғасы, дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы желтоқсан оқиғасы.
Сол желтоқсан батырлары Сәбира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев секілді аға-апаларымыз, еліміздің болашағы, еркіндігі үшін , солақай саясатқа қарсы , алғашқы рет шеруге шықты.
Олар «Тәуелсіздік керек!» «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді.
Бейнеролик: Желтоқсан оқиғасы
2.Көрініс: Сахнаға Қайратты тергеуші алып шығып, сұраққа алады.
Тергеуші: Сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ.
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар! Көзін құртыңдар!
Қайрат:Кінәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
«Қайрат» деген атым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Қайратты сүйреп алып кетеді
3.Айару: Желтоқсанда шындық жырын,
Шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.
4.Алихан: Сол желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі.
Мәңгілік егемендікті алып келді.
Соның арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Ұлттық сана сезіміміз оянып тәуелсіздіктің туын көтердік.
5.Аян: Туған жер – егеменді, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуанышқа пен шаттыққа қадам басты ел.
6. Бектас:Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
Мұғалім сөзі:Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекеттің ерекше белгілері болады емес пе?
Біздің тәуелсіз еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранмен айбатты.
7. Аян:1991 жылы 16 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде заң қабылданды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екенін дүние жүзіне танытты.
8.Айару: Әні сөзбен толығып,
Маздар бойды мол үміт.
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол – әнұран,
Зор – рух!
9.Ералы: Оттай жанып жанарым
Одан қуат аламын
Әнұраны елімнің
Үні, тілі халқымның!
Ән: Көк тудың желбірегені
Көрініс:Атасы мен немересі
Немересі:16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атаммен бірге барғанмын.
Атасы:Ия, балам, оған да тәубә. Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді!
Немересі:Ата «Егемендік» деген не?
Атасы:Егемендік иесі «мен»деген сөз.
Екі тізгіні бір шылбырын өзі алған көркем жігіт өссе көрген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егемендік естілер ата жұрттың арғысы мен бергісі
Немересі:Ата «Егемендік» сөзінің мәнін түсіндім, осындай тарихты басынын кешіріп жеткен егемендігімізді сақтау - біздің парызымыз деп ойлаймын.
Қазақстан гүлдеп таңы атады,
Тарайды әлі жер шарына атағы.
Қазақстан - Құрманғазы, Абайлар,
Қазақстан - Қаныш, Мұхтар Отаны.
12. Айару:Бұл күн - қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылады.
13. Ералы:Ал, бүгінгі қазақ елі ата – бабаның аңсаған тәуелсіз егемен ел.
Қазақ биі
Мұғалім : Балалар тәуелсіздік сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
Айару, Ералы : Қазақстан картасы
Постер қорғау «Тәуелсіз Қазақстан»
Ән: Мен сені сүйемін, Қазақстан!
Қорытынды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Нұрын төккен Тәуелсіздік" 2-сынып

шағым қалдыра аласыз