Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ойлы болсаң, озып көр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ойлы болсаң, озып көр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты, міндеттері Студенттердің білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Архитектура- әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
371
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ









АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Picture 3


«ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР»










Дайындаған: Тулешова Н.К


Тобы: А-19











Ақтау, 2021

Тәрбие сағаты жоспары


Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр

Дайындаған педагог Тулешова Нурсулу Камидуллиевна

2021_ жылғы "_17_" ______02______

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 2, 2020-2021, А-19

Тәрбие сағаты типі: Ашық, онлайн /қашықтықтан өткізу/

2. Мақсаты, міндеттері

Студенттердің білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

3. Тәрбие сағатын жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

презентация, суреттер, топқа бөлу, архитектура, композиция,, интернет материалдары

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Ноутбук, презентация

4. Тәрбие сағатының барысы

- Ұйымдастыру - Студенттерді түгендеу, амандасу

1. Топты екіге бөлу

Алғырлар, Тапқырлар тобы. Капитандар: 1топ- Кулбаева Дильназ, 2 топ-Сарсен Ықылас

2. Әділ-қазы мүшелерін сайлау

1. Сисекенова А.Н.

2. Жарылғасова Г.А.

3. «Ойлы болсаң, озып көр» тәрбие сайыс сағатын өткізілу жоспары:

- «Жүйрік болсаң, шауып көр» 1-кезең

1. Көне Қытай аспаздық өнерінде әрбір дәстүрлі тағамға қойылатын талаптар болған. Айта кетсек, кез келген тағамның құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрілік шөптер болуы міндетті. Сондықтан Қытай асханасындағы аспазды ОСЫ маман иесімен салалас деп санаған. Сонымен, әңгіме қандай мамандық туралы болып жатыр?

2. Токио қаласындағы хайуанаттар бағы жыл сайын екі айға жабылады екен. Ол не үшін жабылады? 

3."Оқу зиян емес, оқымаған зиян" атты әлеуметтік көрмеге қойылған суреттердің бірінде екі кітаптің сөресі бейнеленіпті. Оның бірі кілең жасыл кітаптарға толы болса, ал екіншісінде жалғыз қызыл кітап бар екен. Сурет ненің мағынасын тұспалдап тұр? 

Жауаптары: 1. Дәрігер, 2. Жануарлар ұйқыға кетеді, 3. Батарея

Сұрақтар:

Астана қаласын бұрын Ақмола деп атаған, ал қара түсті қаланы қалай атайды?

Тәуелсіз Мемлекеттің негізгі белгілерін ата ( )

«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер?

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм?

XIX ғасырда теңізде жүзу ісін меңгертетін меткеп ашылған қала

Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім?

Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ. 

«Миллион» ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым?

Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?

Жауаптары: (Қарағанды), Оларға – ту, елтаңба, әнұран жатады, (алтын адам және жолбарыс), (Көшпенділер),( Атырау), Жәңгір Бөкейханұлы,Ұлытау тобы, Әл-Фараби, Жусан

- «Мықты болсаң, тауып көр, 2-кезең

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

2. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс

3. Дауыс жазуға арналған құрылғы

4. Сурет салуға арналған графикалық редактор

5. Заттың химиялық қасиеті бойынша сақталып отырған ең кіші бөлігі

6. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан

7. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал

8. Ақпаратты баспаға шығару құрылғысы?

Қазақ ақын-жазушылары:

Сергіту сәті:

1. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

2. Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай

-Ойлы болсаң, озып көр 3-кезең

Сәулет  – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері

Архитектор - латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. 

Архитектура- әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер

Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым.

7 керемет:


Мысыр пирамидалары —28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы,. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, 4 ғасырда қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда  піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

А лександрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.





-Капитандар сайысы:4-кезең

Сұрақ-жауап:



1.Тышқанның түрлері қандай?

2.Алғашқы есептеу құрылғысы?

3.16 желтоқсан қандай мереке4.

Қ.Р конституциясы қашан, қай жылы қабылданды?

5. Әнұран авторлары?

6. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

7. Қазақ әліпбиінің атасы?

8. Қазақта жаңа жылды қай айда тойлайды?

9. Жеңіс күні мерекесі қай күн?

10. Зиянкесті программа

11. Қазақстанда неше облыс бар? (1)

12.Іле Алатауының етегінде орналасқан қала ?

13.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы ?

14. Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады?

Жауаптары: 1. (екі батырмалы, үш батырмалы),2.(саусақтар),3.(Тәуелсіздік күні), 4.(30 тамыз, 1995 ж), 5.(Ж. Нажмединов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов) 6.(42),7.(А. Байтұрсынов), 8.(наурыз), 9.(9 мамыр), 10.(вирус), 11.14 12.(Алматы), 13.(Ш Уәлиханов),14. Интерфейс.

5. Қорытынды

Сонымен студенттер, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін берейік.


Назарларыңызға рахмет!!!!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!