Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Отаныма мың алғыс!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбие сагаттарында жас сынып жетекшіге көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

Мектеп: №36 мектеп

Күні: 1.03.2019ж

Мұғалім: Оспанова Г.К.

Тақырыбы

Отаныма мың алғыс!


Сынып: 9 «Б»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар

Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.  Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру.

Тәрбие бағыты

Ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Рухани – адамгершілік тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

  • Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:

  • Алған білімді өмірде қолдана алады.

  • Өз ойын толық жеткізе алады.

Күтілетін нәтиже

Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани-адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Құндылыққа баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

-өмір бойы оқуға дайын болу;.

Тілдік

мақсаттар

Ассамблея, этностар

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Тұжырым картасы» әдісі, «Шеңберлі ақпарат» әдісі.


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сурет, нақыл сөздер

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

интерактивті тақта, маркер

қима қағаз, А3 формат, стикер




Сабақтың барысы:

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекет

Оқушылардың

іс- әрекеті











Жағымдыкөңіл -күйтуғызу.







«Ой  шақыру»




3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.

Шаттық шеңбер жасау

Ғаламшар арқылы оқушылар әр тілде бір – біріне ізгі тілектерін білдіреді.

І топ: Отанға мың алғыс!

ІІ топ: Спасибо тебе Родина!

ІІІ оп: Thank you Motherland!

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен  келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Ғаламшар














Білу






1- жүргізуші:  Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы.

2-жүргізуші:  Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.









Қолдану

- Ал, қәне оқушылар мына бейнероликке көз жүгіртейік!

«Тұжырым картасы» әдісі

Бейнекөрсетілім: /оқушылар бейнекөрсетілім бойынша өз ойларымен бөліседі/

2-жүргізуші:

Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

1 – жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.   Ендеше «Нұр аға» өлеңін Болысбек Шұғыла  мәнерлеп оқиды.

Нұр аға

Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.

Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
2-жүргізуші :  Менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?

1-жүргізуші : Тізімді бірге құрайық!

2-жүргізуші : Бастысы – алғыс айта білу...

1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!



1 –жүргізуші:

Өлеңдер оқу:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді ,тілді орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Абай атамыз айтқандай, өлең шумақтарын оқысаңыздар.

1-жүргізуші :  Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ  тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау  күні болады.

2-жүргізуші : Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

1- жүргізуші :

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»

2-жүргізуші : Біздің қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін осында татар, орыс, тәжік, өзбек, әзербайжан, кәріс ұлт өкілдерінен біздің  мектебімізде  оқитын оқушылары бүгінгі іс-шарамызға өз ризашылықтарын білдіру келіпті. Ендеше әр ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ризашылығын тыңдайық.













































































Әр топ өз тілінде Отан жайлы өлең жолдарын оқиды.


Талдау

Топпен жұмыс



«Шеңберлі ақпарат» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салу



І топ. Қазақстан картасы туралы түсініктерін айту /суретін құрастыру/



ІІ топ. Шаңырақ туралы түсініктерін ортаға салу /суретін құрастыру/

ІІІ топ Күн сәулесі туралы ойларын ортаға салу /күннің бейнесін құрастыру/






Топ ішінде талқылайды ойларын ортаға салады.



























Жинақтау



Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Сыныбымыздың ұранымен аяқтасақ:

Біз біргеміз, берік іргеміз.




Рефлексия

Қызыл мен мынаны білдім. Көк маған қызық болғаны. Сары маған қажетті тұстары.




Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2019
1432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12