Тақырыбы:« Отбасы – асыл
қазына»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік
|
Дамытушылық
|
Тәрбиелік
|
Балалардың ата-анаға деген
құрмет сыйын арттыру. Отбасы туралы ой өрістерін, білімдерін
толықтыру.
|
Балалардың
танымдық әрекеттерін, сөздік қорларын, зерделілігін
нығайту.Қайырымдылық, бауырмалдық қасиеттерін
қалыптасытыру
|
Үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқорлық жасауға, сыпайы болуға
тәрбиелеу.
|
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын
слайд, түсқағаздар, ақындардың ұлағатты сөздері және т.б
карточкалар мен үлестірме қағаздар, стикер, түрлі түсті бояу
қарындаштар
Сабақтың барысы:
1)Тренинг: «шаттық
шеңбері»
Сәлеметсіздер ме, балалар,
көңіл күйлерің жақсы ма?Қане, бәрің ортаға жиналып, шеңбер бойымен
тұрыңдар.
Амандасып болсақ өз аттарыңның
әріпінен басталатын бір бірімізге қарап бүгінгі сабаққа арнап жылы
сөздер айтайық? Бүгінгі сабаққа не
тілейсіңдер?
2) Кіріспе сөз
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба, Б тұрады үшінші
Ал,
осының сыры неде?түсінші:
«А»дегенол – аналар ғой ардақты
«Ә»дегенол — әкелер ғой
салмақты
«Б»
дегенол-балаларғой әдемі
Біздің елде үшеуі де
кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да
расында
Тұрады олар алфавиттің
басында.
(Ж.Әбдірашев)
«Ата-ана – бәйтерек, бала-жапырақ»
деген қазақта дана сөз бар.
Бәйтерек өз тамырынан қоректі заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата
– анада бәйтерек сияқты. Отбасында бала не көріп, не істесе,
сонны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің
ең үлкен мектебі – өз отбасы.
Бала деген 6 сағат мектепте
болса, 18 сағат үйде, яғни ата-ананың қасында болады. Бұл дегеніміз
ең алдымен бала тәрбиенің 70 пайызын ата-анадан алады деген сөз.
Мінекей осыдан қалса керек « әкесіне қарап үлын таны, шешесіне
қарап қызын таны» деп жатады. Ендеше «Балдаурен» отбасылық
тобындағы тәрбиеленушілері арасында өткелі отқан тәрбие сағатымызға
қош келдіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыз ойын сабағы есебінде
өтеді, мұндағы балалардың әрбірінің ойын білу, жинақтау,
шығармашылық, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа
үйрету.
-
« Отбасым сая
бағым» .
Отбасы мүшелерінде кімдер болады? Оларға
сипаттама бер. Олардың әр қайсысының атқаратын қандай
жауапкершіліктері бар?
Отбасы- Бұлардың бәрін бір сөзбен
қалай атауға болады?
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ?
- Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Отбасы – махаббаттың жақын
қарым-қатынастың бастауы. Отбасы - өмірлік мақсаттары бір өзара
мейірімділік пен жылулық, қуаныш пен түсіністікте тірлік етер жаны
жақын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Тәрбие –
отбасы бастауы.
- “Отан отбасынан басталады.”Ал, отбасы неден
басталады?
Слайд: «Отбасы – асыл
қазына».
-
« Мақал-мәтелдер
орталығы»
Ойлы болсаң озып көр : «Ата-баба
дәстүрі асыл қазына» 1 минут ішінде сұраққа жауап
беру.
Ата дәстүр –абырой
көтергенге
О,бұл сөздер сүйектен өтер
деме
Тоқталамыз енді біз, ал
халайық
Қанатты сөз, мақал мен
мәтелдер
Мақал - мәтелдерді
жалғастырыңдар.
1. Әкеге қарап ұл өсер,
......................(шешеге қарап қыз өсер)
2. Ананың көңілі балада, .................. (баланың көңілі
далада)
3. Атаның баласы болма,................... ( адамның баласы
бол)
4. Ұяда не көрсең , .............................( ұшқанда соны
ілерсің)
5. Ата көрген оқ жонар, .....................( ана көрген тон
пішер)
6. Ананыңсүті – бал,
.........................
(баланыңтілі – бал)
7. Анаңды үш рет арқалап
апарсаңда, ...........( қарызынан құтыла
алмайсың)
8. Ағайын алтау,
............................... ..(ана
біреу)
9. Қыз өссе – елдің көркі,...................(гүл
өссе – жердің көркі.)
10. Алып анадан
туады , ..................................(ат биеден
туады)
11. Батаменен ел
көгерер…. (Жаңбырменен жер
көгерер)
12. Өнер білім бұлағы ……
(Білім өмір
шырағы)
13. Жанұяға қарап
бала өседі …. (Қарағайға қарап тал
өседі)
14. Сіз-деген әдеп …. (Біз —
деген көмек)
15. Ұл өссе ұрпақ …
(Қыз өссе — өріс)
16.Жердің сәні-егін ….
(Ердің сәні — білім)
17.Әдептілікбелгісі….
(Иіліп сәлем
бергені)
18.Күнніңшуағы жылы …
(Ананың алақаны
жылы)
19.Үлкенгеқұрмет …
(Кішіге міндет)
20.Жақсыдан үйрен …
(Жаманнан жирен)
21.Біліктібірді жығады …
(Білімді мыңды
жығады)
22.Қына тасқа
бітеді …. (Білім жасқа
бітеді)
23.Еңбектіңнаны тәтті …
(Жалқаудың жанытәтті)
24.Өнер-бұлақ …
(Білімшырақ)
25.Шешен сөз бастар…
(Батыр қол бастар)
26.Әке көрген
оқ жонар … (Шеше көрген тон
пішер)
27.Әдепті бала-арлы …. (Әдепсіз
бала -сорлы бала)
28.Ұлың өссе мұратың ….
(Қызың өссе өрісің)
29.Балапан ұяда не
көрсе…. (Ұшқанда соныіледі)
Балаларға және
көрермендерге
сұрақ-жауап
-
жүнненжасалған бұйым
(кИІЗ)
-
ұлыскүні
жасалатын тағам (нАУРЫЗ
КӨЖЕ)
-
түйеніңсүті
(шҰБАТ)
-
қыстажейтін малдың етін
не деп атайды
?(сОҒЫМ)
-
қазаққыздарының бас киімі
(сӘУКЕЛЕ)
-
екіақынның сөз
өнерімен сайысы (аЙТЫС)
-
терідентігілген киім
(тОН)
-
төрттүліктің
жайылымы
(өРІС)
-
жылқыатасы
(қАМБАР)
-
Көрініс.
Ән: Отбасы туралы
-
«Тапқыр достар»
Ал енді Майсупова Райханның
отбасы туралы ана, әке, бала, ата, , әже т.б туралы қара сөздерін
қабыл алыңыздар.
-
Қорытындылау. «Менің
тілегім» терезесі
«Менің отбасыма тілегім» әрбір
бала өз отбасына деген тілектерін жазып жүрекшеге іледі.
- Сонымен, балалар, біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында
ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты
міндетіміз.Отбасында біз жақсы көретін адамдар әке мен шеше, ата
мен әже, аға мен апа, іні мен қарындас
тұрады.
Қай ғасырда болмасын, тәрбие
мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі —
мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі» деген сөзді
Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз
дамуы жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіліп
отырған.
Мемлекетімізде қазіргі кезде сапалы білім берумен
қатар, мектеп жасындағы жасөспірімдердің бойына адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру қажеттігі туындауда. Өйткені бала
ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың болашағы, сапалы өмірдің ең
басты кепілі.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты,
адамгершілік жағынан таза, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу –
қазіргі кезде мемлекет алдында тұрған ең өзекті
мәселе.
Тәрбие сағатын әр қазақтың
үйінде көтеріңкі көңіл- күй, жылылық, адалдық, үміт, махаббат және
түсіністік болсын деген тілекпен
аяқтаймын.
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше
Осымен тәрбие сағатымыз
аяқталды.
Сайрам
ауданы
«Түркістан
облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»
КММ
«ОТБАСЫ - АСЫЛ ҚАЗЫНА»
Орындаған: Сарсенбаев
С.А.
2023
жыл