Ашық тәрбие сағаты "Өз елімнің патриотымын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Өз елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп санаймын. Оқушыларды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуде, өз еліміздің батыр аға-апалары туралы айтып берсек. Видеороликтерді қолдану арқылы олардың жестіктерін көрсетсек. Біздің оқушыларымызда өз елін, жерін сүйетін , құрмет тұтатын азамат тәрбиелейміз деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз елімнің патроитымын»



Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-

дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,

болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың

сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,

достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жұмыстың мазмұны

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Ұрпақтар үндестігі....»

Салтанатты жиналыстан кейін 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларын мектепке жетектеп кіріп, сыныпқа әкеліп аттары жазылған парталарына отырғызады. 11 сынып оқушылары шығып кетеді.

Сыныпқа әр оқушы көк жалаумен ж/е шармен, гүлмен кіреді.

Партада оқушыға арналған оқулық

Сабақтың басы


«Қош келдің, шәкіртім, білім әлеміне!»

Мұғалім шәкірттерімен амандасып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа шәкірттеріне өзін таныстырып өтеді.

«М-С.Бабажанов мектебінің мақтаныштары»

Мұғалім; -Міне бүгін сіздер өз отбасыларыңыздың патриоты ретінде қазақ мектебінің табалдырығын аттап, ата-аналарыңызды қуантып «оқушы» атанып отырсыздар, ал сіздерді мектепке жетектеп кірген аға-апаларыңыз да осыдан 10 жыл бұрын мектеп табалдырығын сіздердей болып аттаған, ал бүгін осы мектепті сүйетін, осы мектептің мақтанышына айналған, патриот ұл-қыздары. Осы жерде М.Мақатаевтың мына өлең жолдарына мән беріп көрелік;

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың...

Міне, М-С.Бабажанов мектебіне сіздер тарыдай болып келдіңіздер, 12 жылдан кейін манағы апа-ағаларыңыз сияқты, таудай болып ұшасыңдар


Мектеп түлектері

Сабақтың ортасы


«Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан»

Мұғалім: -Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде біз үшін өте ыстық, өте әдемі жер орналасқан-ол... (картадан көрсетемін) Ол ұлан байтақ-Қазақстан

-Бұл кімнің жері? (Қазақ деген халықтың)

-Біздің ұлтымыз? (қазақ)

-Ендеше, бұл біздің жеріміз. Оны ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырған. Бұл жерде қазақ халқымен бірге 120дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ұлан байтақ Қазақстанның жерін, тәуелсіз елін қорғау, оны дамыту әлемге таныту Қазақстанның әрбір азаматының міндеті. Сіздерде Қазақстанның болашақ азаматысыздар. Сондықтан өз елінің патриоты болуы үшін сіздерге әлемдік деңгейде білім алу қажет. Осы бағытта жаңартылған білім жүйесі енгізіліп отыр, 12 жылдық білім жүйесінің алғашқы қарлығаштары сіздерсіздер. Ақ жол 12 жылдық білім әлеміне!

(«Менің Отаным-Қазақстан» атты сыйлық кітапты табыстау)

«Көк тудың желбірегені»

-Сіздің қолдарыңыздағы не? (Көк туымыз)

-Туымыздың түсі неге көк? (Ашық аспанмен түстес)

-Тудың ортасында ненің суреті бейнеленген? (Жарқыраған күн)

Күнмен бірге...(Қыран құс)

-Көк туымыз қашан және қайда желбірейді? (Үлкен жиындарда, әлемдік додаларда)

-Жақында Рио-де-Жанейрода ХХХІ жаздық олимпиада өтті. Сол спорттық додада жүлдегер атанған спортшылар көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып келеді.

-Олимпиада жүлдегерлерін кім атай алады?



Елдос Сметов-олимпиаданың дзюдодан қола жүлдегері

Жазира Жаппарқұл- ауыр атлетикадан олимпиаданың күміс жүлдегері

Эльмира Сыздықова олимпиададан әйелдер күресіне қола жүлдегері

«Олимпиада жүлдегері, қазіргі заманның батырлары»

Оған кешегі Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ олимпиада да Орал қаласының патриот қызы Екатерина Ларионова-олимпиаданың қола жүлдегері болып, көк туымызды асқақта та желбіретсе, ал қазақтың қайсар ұлы, Орал қаласының тумасы Данияр Елеусинов-олимпиада жүлдегері. Ол барша әлемге қазақтың әнұранын шырқатты. Екатерина Ларионова-олимпиададан әйелдер күресі күміс жүлдегері

Данияр Елеусінов-олимпиададан боксан алтын жүлдегер

Бейнеролик арқылы Даниярды марапаттау және тудың көтерілу сәтін көрсетіп әнұранға орындарынан тұрып, қолдарын кеуделеріне қойып бірге қосылып орындайды



Әдемдік карта
























«Менің Отаным-Қазақстан» энциклопедиясы











Қолдарындағы көк ту




Слайд: «Олимпиада жүлдегерлері»

































































«Бейнеролик: «Д.Елеусинов жаңа заманның батыры»»

Соңы

-Мұғалім өзін таныстырады, құттықтайды, бірінші бетіне нақыл сөздер, екінші бетіне сынып жетекшінің аты-жөні, телефон нөмірлері жазылған визиткалар таратылады.


-«Көк тудың желбірегені» бейнеролигін тамашалау. (Оқушылар орындарынан тұрып көк туын желбіретіп, әнге қосылып бірге шырқайды. Ата-аналары қолдау көрсетеді)







Бейнеролик: «Көк тудың желбірегені»



Ой қорыту


«Біз бір ұжымбыз, ұжымның аты 1 «б» сыныбы

Мұғалімнің қорытынды сөзі: -Балалар бүгін біз бір үлкен ұжым құрдық. Ұжымның аты 1 «б»сыныбы. Ұйымдастырушысы Гулайым Шафигуллақызы (шарды ортаға алып шығады) Бұл ұжымның 10 мүшесі бар. Ол.... (Әр оқушы өз атын атап, шарын топқа қосады. Осылайша 11 шар жинақталады) Ал осы үлкен ұжымның қорғаушылары бар. Олар сіздердің ата-аналарыңыз.

Сіздер үшін біресе қуанып,біресе ет жүрегі елжіреп езіліп тұрған, сіздерді өте жақсы көретін аналарың бар. Олар не дейді тыңдап көрейік... (Аналар атынан қысқаша тілек айтып, «Ақ жол балапаным!» деген жазуы бар лентанмен 10 шарды біріктіреді)

Сіздерге де, аналарыңа да қорған болып жүрген, асқар таудай әкелеріңді тыңдап көрейік (Әкеклердің атынан бір әке шығып, «Өз еліңнің париоты бол, ботам» деген жазуы бар лентаны шарға байлайды.)

-Ұстаз ой қорытып, «Қош келдің, шәкіртім, білім әлеміне!»-деген жазуы бар лентамен шарларды әсемдейді.







Шарлар





Тілек жазылған ленталар

Үш тірек: «Ұстаз, оқушы, және ата-ана» болып мектеп ауласына шығып, тілектер жазылып топтасқан шарларды топ болып ұшырып жібереді. «Мереке құтты болсын!»







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі