Материалдар / Ашық тәрбие сағаты «Қазақ хандығына 550 жыл» 8 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты «Қазақ хандығына 550 жыл» 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіруге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттауға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беріп баулуға септігін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
830
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

36 Ш.Уәлиханов атындағы НМ

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:

Конысбаева Роза Абилхановна

Тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»

Мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;       

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

 Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе

Picture 8

Құрметті, оқушылар. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).

2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойлап жатыр? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі «Қазақ хандығына 550 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызды бастайық.

Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сабақ соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады. Сабағымыз сайыс сабақ ретінде өткізіледі.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Мектеп психологі: Байксиева Назира Амангельдиевна

Д.Т.І.Ж.орынбасары: Ақмырзаева Жанар Рәпілбек қызы

ВИДЕОРОЛИК «Қазақ елі»

ІІ. «Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)

І. Қазақ хандығының құрылуы:

1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды?

А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы

С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы

2. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда

3. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

А) Әл-Марвази

В) Рашид ад-Дин

С) Мұхаммед Хайдар Дулати

4. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?

А) Қозыбасы

В) Сайран

С) Түркістан

5. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?

А) Сығанақ

 В) Сайрам

С) Түркістан

6. Қазақ халқының ұраны болған сөз.

А) Шыңғыс

 В) Жошы

 С) Алаш

7. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.

А) Моңғол шапқыншылығы

В) Жоңғар шапқыншылығы

С) Орыс шапқыншылығы

8. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін

қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.

А) Қарақұм

В) Қызылқұм

С) Қозыбасы

9. “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?

А) Қазақ хандығы

В) Әбілқайыр хандығы

С) Ноғай Ордасы

10. Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты.

Халық бұл кезеңді қалай атады?

А) «Аңырақай» шайқасы

В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

С) Орбұлақ шайқасы

11. Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?

А) Марко Поло

В) Рашид ад-Дин

С) А.Дженкинсон

12. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?

А) Жетісу

В) Ходжент

С) Хантау

13. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:
A) Моғолстан мен Өзбек хандығы
B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы

14. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
A) Көшіп-қонуға
B) Соғысты бастауға
C) Салықты көбейтуге

15. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
16. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:
A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
B) Моғол ханын талқандауы
C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы

17. XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:
A) Ойраттардың тонаушылық жорықтары
B) Моғол хандарының жиі шабуылы
C) Хақназар ханның қатыгездігі
18. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан … тұрады:
A) төрт
B) бес
C) жеті
19. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:
А) I Павел
В) II Екатерина
С) I Петр
20. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары.

А) Семей, Өскемен, Бұқтырма

В) Петропавл, Орынбор, Құлжа

С) Семей, Петропавл, Ақсу

ІІІ. «Ақсақ құлан» күйі (күй үнтаспасы тыңдалады, оқушылар күй атауын табу керек)

Ақсақ құлан” күйі. Мойынқұм өңіріндегі Хан тауын Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады. Аңшылар сай-саймен бөлініп кеткенде хан баласы бір топ құланның үстінен түседі. Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай (құландардың күйлеп жүрген кезі болса керек, қызғаныш туғызыпты) ат үстінен баланы шайнап, жұлып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан біткенді қырамын деп ор қазып құландарды қамаған жер, құланды қырған ор «Ханның оры» атанады. Олардың сілемдері әлі жатыр. Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен. Қырылған құландардың сүйегі тау-тау болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды.

IV. Мәнді цифрлар туры

1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

А) 20 жыл

В) 30 жыл

С) 25 жыл

2. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық

күрес жүргізген?

А) 20 жыл

В) 15 жыл

С) 10 жыл

3. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?

А) 6000

В) 1100

С) 600

4. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” болған жыл болып қай жыл танылады?

А) 1621 жылы

В) 1627 жылы

С) 1598 жылы

5. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?

А) 1603 жылы

В) 1624 жылы

С) 1613 жылы

6. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?

А) 50

В) 90

С) 80

7. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?

А) 42

В) 32

С) 50

8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

А) 1726жылы
В) 1729жылы
С) 1731жылы

9. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?

А) 1611 жылы
В) 1613 жылы
С) 1621 жылы

10. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?

А) 16-17  ғасырларда
В) 14-15 ғасырларда
С) 13-14 ғасырларда

V. «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» туры (ел билігінде болған хандар туралы)

Қасым хан

1. Қасым хан қай жылдары ел биледі?

А) 1480-1512 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1506-1542 жылдары

2. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға

В) 1 млн-ға

С) 800 мыңға

3. Қасым ханның қанша атты әскері болды?

А) 50 мың

В) 150 мың

С) 300 мың

4. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

А) Қасқа жол

В) Ескі жол

С) Жеті жарғы

Хақназар хан

1. Хақназар хан қай жылдары ел биледі?

А) 1500-1508 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1538-1580 жылдары

2. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?

А) Баба сұлтанмен

В) Абд ар-Рашидпен

С) ІІ Абдаллахпен

3. Хақназар хан қай ханның баласы?

А) Тәуекел хан

В) Қасым хан

С) Есім хан

4. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы
B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
C) Бұхар ханының наразылығы
Тәуекел хан

1. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?

А) 1511-1518 жылдары

В) 1523-1532 жылдары

С) 1582-1598 жылдары

2. Тәуекел хан Өзбек хандығының қай қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады? Бұл шайқаста ол ауыр жараланып, өз әскеріне кейін шегінуге бұйрық беріп, көп кешікпей ауыр жарақаттан қайтыс болды.

А) Ташкент

В) Бұхара

С) Самарқан

3. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ

хандығының құрамына келіп қосылды?

А) 1588 жылы

В) 1598 жылы

С) 1582 жылы

4. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам
B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар
C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ

Есім хан

1. Есім хан қай жылдары ел биледі?

А) 1523-1518 жылдары

В) 1538-1580 жылдары

С) 1598-1628 жылдары

2. Есім ханның билігі кезінде 1613-1614 жылдардың шамасында оған

қарсы тұрған, Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялаған кім?

А) Бұхар хан

В) Тұрсын Мұхаммед хан

С) Имамқұли хан

3. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан

Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады?

А) «Қатаған қырғыны»

В) «Тұрсын хан қырғыны»

С) «Есім ханның ескі жолы»

4. Есім ханның басты мақсаты:
A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру
B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
C) Билер кеңесін құру
Тәуке хан

1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?

А) 1582-1598 жылдары

В) 1598-1628 жылдары

С) 1680-1715 жылдары

2. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады?

А) «Жеті жарғы»

В) «Ескі жол»

С) «Қасқа жол»

3. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

А) сұлтандарға

В) билерге

С) батырларға

4. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:
А) Өзбек хандығымен одақ құру
В) Иран шахымен қарым-қатынас орнату
С) Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату



Picture 7



VI. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)



1.



Керей хан – Болат сұлтанның ұлы



5.



Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы 

2.



Жәнібек хан Барақ ханның ұлы 

6.



Есім хан Шығай ханның ұлы 

3.



Қасым хан Әз Жәнібектің ұлы 

7.



Жәңгір хан Есім ханның ұлы 

4.



Хақназар хан Қасым ханның ұлы 

8.



Әз-Тәуке хан Салқам Жәңгірдің ұлы 

VІI.Сөзжұмбақ « Қатаған қырғыны»



Ә

Б

І

Л

Қ

А

Й

Ы

Р





А

Й

Ғ

Ы

Р

Ж

А

Р

Ж

Е

Т

І

С

У




Т

А

Ш

К

Е

Н

Т

М

А

Р

Ғ

А

С

Қ

А



И

Р

А

Н


Е

С

Е

Н

Б

Е

Р

Л

И

Н
















Ө

Т

Е

М

І

С

Қ

А

Ж

Ы




Б

Ұ

Қ

А

Р

Ж

Ы

Р

А

У


О

Р


Ж

Е

Т

І

Ж

А

Р

Ғ

Ы




О

Т

Ы

Р

А

Р



А

Н

Н

А



Б

Ұ

Р

Ы

Н

Д

Ы

Қ


Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).

Алғашқы қазақ – Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар)

Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу).

Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент).

Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау (Марғасқа).

1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет (Иран).

«Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин)

«Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы).

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам (Бұқар жырау).

1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс(Ор).

Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы).

Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады? (Отырар).

Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (Анна Ивановна).

Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық).

VIІІ.Қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапаттау.

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көп ғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» деген Н.Ә.Назарбаев атамыздың сөзімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назар салып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!