Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Қазақстан болашағы тәуелсіздікте 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

14.12.2018 жыл


5 «А» сынып оқушылары


Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның болашағы - тәуелсіздікте!».

Сабақтың білімділік мақсаты:

Мемлекетіміз 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрсеткендей тарихи маңызды оқиғаларды айқындау. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде оларға біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, кең жазира, байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екендігін еліміздің ертеңі – шәкірттерімізге ұғындыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Жас ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимны және желтоқсан жұлдыздарының суреттері, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Қымбатты әріптестер мен оқушылар! 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды ашық деп жариялаймыз.


Гимн орындалады (оқушылар гимнды айтады).


Құрметті әріптестер мен оқушылар біздің бүгінгі мерекелік ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып «Қазақстан болашағы - тәуелсіздікте!».


Мадина

Бүгінгі күннің еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Бүгін - біздің өміріміздегі ең ұлы, ең үлкен қасиетті ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы наразылықтың шығуына түрткі болды.

Пленум шешіміне байланысты жаппай толқулар Алматыда 1986 жылы желтоқсанның 17 күні таңертең басталды.

Республика басшылығы жастардың пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Саяси наразылықты өкіметке қауіп төндіру деп бағалады. Сондықтан да арандатушылық әрекеттерге жол берді. Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздік пен қантөгіске ұласуына республика басшылығының күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолдарын таба алмауы, тек күшке сүйеніп үйренген әдетіне басуы себеп болды. Көптеген жастарымыз қыршынынан қиылды.

КСРО-ның барлық ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірілді.

Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы оқиғалардың бірі болды.

1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегі билік иелерінің күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, оның әділетті қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады. 1987 жылдың басынан 1991 жылдың соңына дейінгі не бары 5 жыл ішінде Қазақстан Ресейдің қарамағындағы келешегі күңгірт, тәуелді одақтас республикадан, тәуелсіз елге айналды.

Қазақстан Жоғары Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтанда да 16 желтоқсан – бүкіл халықтық мереке. Тәуелсіздік - республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

Дильназ: Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Азиза: Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Ерұлан:

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шыққан алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды – ау табанда.

Ерұлан:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!


Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең, атыңдар!

Ерұлан

Шыңғырдым да, шындықты айтып жаңғырдым,
Кете бардым, жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік шақтарды,
Хош, аман бол, оралам ба, жан құрбым!

Хор «Желтоқсан желі» - бірінші шумағы.


Желтоқсан бірде, Қ/сы Тондырды мені.

Ел тоқсан түрде. Тоңдырды сені.

Келетін мүлде жайдарлы, Желтоқсан желі ызғарлы.

Сол жылы бірақ. Солдырды гүлді

Әдеттен жырақ, Оңдырды нұрды.

Көрінді шын – ақ айбарлы. Көңілде мұңлы із қалды.

Аяжан:

Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша -қазақшаға бірдей сауатты, өз ойын ашып айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін, “атылсын” деген үкім шығарды.

Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

Хор: «Желтоқсан желі» - екінші шумағы.

Шайқалды күйім, Қ/сы Тондырды мені.

Шайқалды миым. Тоңдырды сені.

Бомбалар жиі жарылды. Желтоқсан желі ызғарлы.

Малым да кеміп, Солдырды гүлді

Әлім де кеміп, Оңдырды нұрды.

Қинады берік жанымды. Көңілде мұңлы із қалды.

Ерұлан:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Аяулым:

Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,

Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.


Азиза:

Иттерін қосып жендеттер есер қабаған,

Ай - ару қыз – қарындастарымды талаған.

Құрбаны болып әміршіл өктем жүйенің,

«Нашақор болып сотталып кетті – ау сан адам.

Алина:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Мадина:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін!
Аяулым:

Дүр сілкінтіп бар әлемді, алапты,

Аңсай күткен Тәуелсіздік таңы атты.

Күні кеше азап шеккен қазақтар,

Дос - дұшпанды таңырқата қаратты!

Тарих шежіресінен тайға басқан таңбадай жазылған бұл қасиетті де құдіретті күн – 1991 жылдың 16 желтоқсаны болмақ. Жұлдызнама жанған бұл сәт жұлдызды биіктерге берері анық. Біздің тәуелсіздік алған ақжолтай сәтімізге жаны қалмаған, қуанышы самғаған елдің бірі – түп атамыз бір Түркия болды. Қазіргі таңда Қазақстан жүзден аса мемлекетпен терезесі тең, болашағы кең дәрежеде елшілік қатынаста жақсы істерін жалғастыруда.

Аяла:

Шұғылалы шуақ ойнап, биіктерден естіледі.

Тұңғыш рет Президент сайланып, мойындады барлық әлем

бүгінде – Тәуелсіз Қазақстаным!

Астананың қай тұсына қарасаңыз да мерекелі алаңдағыдай сан түрлі ту самғап тұр биікте. Солардың ішіндегі көгілдір көкпен таласқан, аспаныма жарасқан көсегемнің көк Туы, айбынды күштің алауы, Республика жалауы!


Эльмира:

Ежелден еркіндік аңсаған еліміз, қаншама қазынасының құт мекені - қасиетті жеріміз оспадар жандардың оқпанына түсіп кеткені айдай әлемге әйгілі болды емес пе бүгінде, әділдік жеңеді екен түбінде! Тәуелсіздік үшін тәнін де, жанын да пида еткен, құс тұмсығындай қысқа ғұмыр кешкен қыршындарды қалай ғана мақтан етпеске?

Өскен елдің өрелі ұрпақтары,
Ақындардың мәңгілік жыр - мақтаны.
Желтоқсанның қаһарман ұл – қыздары,
Асқарларда алаң боп тұрмақ мәңгі!


Кәусар:

Иә, Желтоқсан – Тәуелсіздік! Егіз ұғым секілді, кеуделерден әуен шалқып, күй атты! Тәуелсіздік таңынан біз көреміз, алда тұрған асыл арман, мұратты!

Мақтанышым – көк байрағым, ұраным,

Қырдағыны қалт жібермес қыраным.

Сарқылмасын өзің ашқан бұлағың,

Жарқырасын өзің жаққан шырағың.

Елің үшін ұзақ ғұмыр сүре бер,

Құдайдан сол күні - түні сұрарым!

Аяла:

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке арналған тарихи маңызы бар үш құжатты атау қажет.



Нурали:

Олар: Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Ерасыл: Қазақстан Республикасының декларациясы.


Әмір:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.


Алина:

1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік егемендігіміз туралы Декларациясы қабылданған еді. Бұл – дербес мемлекетімізді құру жолындағы ұлы күресте қазақ халқының сан ұрпағы арман еткен, мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін содан бері аз күш жұмсалған жоқ.

Жамиля:

Тәуелсіздіктің бір белгісі - мемлекеттік шекараның болуы. Тәуелсіз, дербес елдердің мемлекеттік нышандары: Елтаңбасы, Жалауы (Туы), Гимны бар. Біз оны білуге міндеттіміз.

«...Ел боламыз, мемлекет боламыз десең, айбынды Қарулы Күштеріміздің болуы шарт. Сонда ғана бізді басқалар сыйлайды, өзіміздің елдігімізді, тәуелсіздігімізді баянды етіп, жеріміздің тұтастығын болашақ ұрпаққа, ата - бабамыздың бізге бергеніндей бере аламыз», дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.


Әмір:

Жиырма жеті жыл, жиырма жеті жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата – баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.


Эльмира:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


Даталар сөйлейді:


1966 жыл 13 наурыз

1988 жыл 21 мамыр

1 желтоқсан

10 желтоқсан

16 желтоқсан

Мұғалімнің қорытынды сөзі:


Сол тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оны көзіміздің қарашығындай қорғау баршамыздың борышымыз.

Бүгінгі күнгі Мерекені ат тұяғы мұжылып, құс қанаты талатын кең байтақ Қазақстанды мекендеп отырған 130-дан астам ұлт өкілдерінің ортақ тойы, ортақ қуанышы деуге болады.

Ендеше, мерекелеріңіз құтты болсын, жаңа ғасырда бірлік пен татулық барша қазақстандықтардың басты белгісі болсын.

«Қазақстаным - қарашаңырағым!» - аман болғай.


Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабағымызды жабық деп жариялаймыз.

(Оқушылар «Атамекен» әнін орындайды).

5


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.02.2019
1858
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі