Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: Қазақтың ұлттық ойындары

Ашық тәрбие сағаты: Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты: 1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын

шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.

2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін

ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, ойын түрінде

Көрнекілік: суреттер, нақыл сөздер.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар , бүгінгі 0 « в » сыныбында өткелі отырған, Қазақтың ұлттық ойындары атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

- Қазақстан. - Қазақстан көп ұлтты Мемлекет.

- Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады ?

- Орыс , неміс, өзбек, корей, армян, қазақ т.б.

Біз қай ұлтқа жатамыз?

- Балалар қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

- Тақия, шапан, желетке, мәсі, камзол , сәукеле т.б.

- Ал балалар өздерін қай ұлттың киімдерін киіп отырсыңдар?

- Балалар , әр ұлттың ұлттық киімдері сияқты, олардың ұлттық ойындары да болады.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді: Олар аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректі, ептілік пен икемділікті қажет ететін ойындар. Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың асыл мұрасы. Өйткені баланың ойыда, сезімі мен қиялыда ойын арқылы өседі. Дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып , шынықтырады.



Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, күрес, асық ойыны, арқан тарту, қол күрестіру, теңге ілу , тоғызқұмалақ , , аламан бәйге, ақсерек - көксерек, сақина салу, орамал тастамақ, ақсүйек, аударыспақ мысық тышқан, соқыртеке , алтыбақан т.б

Осы ойындардың бізге қайсылары таныс ?

Бексұлтан

Күрес: Қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Бұл ойынға адамның жеке күш-қайраты сынға салынады. Сайыс майданына түскен ойыншы, өз қарсыласын аяғынан шалып , жауырынын жерге тигізуі керек. Сол ереже бойынша жеңімпаз анықталады.

Нұрдана

Соқыртеке: Бұл ойында ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға көзі байланған адамды, яғни «соқыртекені» шығарады. Басқа ойыншылар соқыртекені түрткілеп қашады. Ол со кезде олардан бірін ұстап алып, атын айтуы тиіс. Ұсталған ойыншы соқыртекеге айналып ойын әрі қарай жалғаса береді.

Інжу

Арқан тартыс:

Бұл ойынға ұзындығы он метрдей жуан кендір арқан керек болады. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды. Ойынға қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Содан кейін басқарушының белгісімен екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты: жердегі белгіленген орталық сызықтан бір - бірін сүйретіп өткізулері керек.

Аяулым

Алтыбақан: Бұл жастардың кешкілік бас қосып , ән айтып , домбыра тартып, қыздар жігіттер болып айтысып, көңіл көтеретін ойын сауығы . Оны әткеншек деп те атайды. Алтыбақанға қыз бен жігіт қарама - қарсы орналасып, бел арқанның екі жағынан ұстап, үшінші адамның көмегімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән салады, көңіл көтереді.



Раузат

Теңге ілу: Бұл ойын, үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Ойынға қатысушылар жерде жатқан теңгені, атпен шауып келе жатып іліп алуы керек. Жеңімпаздарға бәйге беріледі.

Ақбота

көкпар: көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалады. Өйткені оның терісі жыртылмайды. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін , ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Көкпаршылардың мақсаты: орталық шеңберде жатқан көкпарды өз камандаларына жеткізу.

Арқан тартыс : көрініс көрсету

Би: Көбелек би.

Әділет

Асық ойыны: Асық ойыны негізінен ер балаларға тән ойын. Асық - ұсақ малдың жілігінен алынады. Оның ең негізгі құралы сақа деп аталады, оны атуға арнап әдейі қорғасын құйып жасайды. Бұл ойынды екі бала немесе, топқа бөлініп бірнеше бала ойнауы мүмкін. Мақсаты: Бір –бірінен асық ұту. Асық ойыны балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, намысқойлыққа, әділдікке баулиды.

Рауан

Қол күрестіру:

Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

Нұрасыл

Көтермек: Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірінші екіншісін арқасында көтеріп алса, сол басқа балалармен күш сынасады.





Інжу

Мысық пен тышқан.

Мысық тышқан ойынында балалар шеңбер құрып отырады. Ортаға екі бала шығып, бірі мысық, бірі тышқан болады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, тышқанды қоршап алады да, мысық сыртта қалады. Мысық тышқанды ұстау үшін, бар айла күшін салады.

Көкпар: көрініс көрсету

Ережеп

Тауық күрес:

Бул ойында екі бала ортаға шығады. Оның ерекшелігі мен қызығы, тек жалғыз аяғымен, иықтарын қағып күресуінде. Қайсысы сүрініп жығылса, сол жеңіледі.

Зере

Аударыспақ. Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауга тырысады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жигиттер катысканы жон.Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін ойын.

Би: Қазақша би.

Нұршат

Тақия тастамақ ойынына - бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Ақмаңдай

Аксуйек—Ойыны жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ойынды жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатынасушылар екі топка бөлінеді. Әр топ өз көмбесін белгілейди. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жугіреді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге уйретеді.

Жайнагүл

Сақина салу - Бұл ойынға 10 – 15 адам қатысады, олар шеңбер болып отырады. Ойыншылар екі қолын беттестіріп, қусырып отырады. Жүргізуші қыз немесе бала жүзікті біреуінің қолына білдіртпей салып кетеді. Толық айналып өткен соң, «сақинам кімде » - деп дауыстайды. Сол кезде қолында сақинасы бар ойыншы жан – жағындағыларға білдіртпей орнынан атып тұруы керек. Оң жағындағы отырған ойыншы оны ұстап қалуы керек, егер ұстап қалалмаса жазаланады. Ойын балаларды байқағыштыққа, жылдам болуға тәрбиелейді.

Тауық күресі : көрініс

Би: Қазақша би

Ендігі кезекті балалардың жаттаған мақал-мәтелдеріне берейік.

  • Оқы да біл, ойна да күл.

  • Ойнап сөйлесе де, ойлап сөйле.

  • Ойынды көтермегеннің , басы таз болады.

  • Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар,

Бәрінен де қой бағып, құйрық май жеген озар.

  • Әзілің жарасса, атаңмен ойна.

  • Орынсыз ойын, сындырар мойын.

  • Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала аш болам деп ойламайды.

  • Ойнақтаған бота, от басады.

  • Көп ойнаған бір жылар.

  • Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама - күйерсің

  • Ойынға ойсыз құмар.

  • Ақылсызды жіберсең ойын бұзар,

Арамзаны жіберсең жиын бұзар.

  • Арыстанның ойынына, түлкінің мойыны үзіледі.

  • Өлейін деген тышқан, мысықтың құйрығы мен ойнайды.



Қол күрестіру: көрініс

Би: Қуыршақ биі



Осыменен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Көңіл бөліп, уақыт бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назипа апай мен ата - аналарға береміз.











Жариялаған:
Қосанова Зибагул
04 Ақпан 2019
3245
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі