Ашық тәрбие сағаты "Қоғамдық орындардағы этикет ережелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қоғамдық орындардағы этикет ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ашық тәрбие сағаты. Бұл сабақты өзім жоспарлап өткіздім.Жас ұстаздарға көмек ретінде пайдасы бар деп ойлаймын.Қазіргі кезде отбасы тәрбиесінде балаларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету жеткіліксіз деп ойлаймын. Оны көпшілік орындардан жиі байқаймыз.Сондықтан ұстаздар қауымы оқушыларға өзін-өзі ұстау ержелері жөнінде сабақтар жиі өтілу керек деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

47 жалпы орта білім беретін мектеп

Кадралина Ляззат Каиреденовна



Ашық тәрбие сағаты
Сыныбы: 4
»А»

Тақырыбы: Қоғамдық орындардағы этикет ережелері
Мақсаты: 
Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу. 
Түрі: пікірталас 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд , топтық тапсырмалар,маркер,
Әдісі: топтық жұмыс,еркін әңгіме,сұрақ-жауап, еркін жазу
Жүру барысы: 
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі «Қоғамдық орындардағы этикет ережелері » тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз. 
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің, 
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін. 
Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Әдептілер» «Тәртіптілер»     «Мәдениеттілер»

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг

ІІ. Ой қозғау Видеоролик

Сұрақ-жауап:

ІІІ. «Қонақтар сөйлейді»
 Топтық жұмыс

1- топқа: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу

2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру
3- топқа:  «Домино» ойыны:  \ Сөз бөліктерінен өлең құрастырып шығу\
«Білген сайын келеді біле бергім.» Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)

IV. Хаттар сырына үңілейік
  V. Қорытынды.
Видеоролик

Сұрақ-жауап:

1\ Бұл көріністен не түйдің?

2\ Не байқадың?
«Қонақтар сөйлейді»

Жүргізуші:

Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің, 
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін. 
Тәрбиелі оқушы көпшілік ортада қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
1 - қонағымыз - 
Тәрбиелі оқушы көпшілік ортада: 
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды. 
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі. 
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды. 
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді. 

2 - қонағымыз - ........................................ ортаға шақырамыз: 
Жүргізуші: Кітапханада қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Кітапханада: 
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды. 

3 - қонағымыз - .............................................. ортаға шақырамыз: 
Жүргізуші: Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 

Мұражай мен көрмеде: 
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді. 
4 - қонағымыз - ..................................................... ортаға шақырамыз: 
Жүргізуші: Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек.
Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Театрға
спектакльдің басталуына 15 - 20 мин. қалғанда келу керек.. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады. Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді. Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді. Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады. 
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді. 
5 - қонағымыз - ................................................... ортаға шақырамыз: 
Жүргізуші: Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай? 
Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Қазіргі кезде мектеп балалары қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Автобуста үлкендерге орын бермейді.Автобусқа мінген мектеп оқушылары дабырлап, айқайлап, үлкендерден ескерту алып жатады. Бірақ бәрі бірдей деп болмайды. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін - өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе балалар мұны қазірден ойға түюі қажет. Менің ойымша балалар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек. 
ІІ.Топтық жұмыс

1 топ: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу

2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру
3- топқа:  «Домино» ойыны:  \ Сөз бөліктерінен өлең құрастырып шығу\
«Домино» ойыны: 
Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «Сіз» деген.
Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек. 

ІІІ. «Білген сайын келеді біле бергім.»  ( Мақалдардың жалғасын табу)

1. Жақсы –Ай мен күндей, ............

2. Жақсы адам жаймен келеді, ... ... ..

3.Балаң жақсы болса, сүйеніш,

.... .... ..........

4.  Ағаштан ағаш сәнін алады, \ адамнан адам тәлім алады\

5. Әрқашан тілектес, .... .... \ досыңа көмектес.\
6.Татулық- достық \ кепілі\
7.Атаңа не қылсаң,
8.Әдепсіз өскен адамнан- \ тәртіппен өскен тал жақсы\
9.Ұяда не көрсең... 
10.Ашу –  ...  , ақыл -...

Жүргізуші:
Хаттар сырына үңілейік

Балалар,  мына біздің пошта жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік.
Хатта былай делінген:

- Құрметті достар! Мен жанұяда тұңғыш баламын.. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетіп өсірді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Бірақ менімен бос уақыттарында әңгімелесуге, көңіл бөлуге уақыттары да жоқ. Бос уақыттарымды көше кезіп бекерге ойынмен өткіземін. Балалармен жиі ұстасып қаламын. Қазір байқаймын менімен ешкім дос болғысы келмейді. Әрине оны ата-анама айта алмаймын. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін.

Сәлеммен Жарқын.

Оқушылар  өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді. 


Қорытынды. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. 
Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
28700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі