V.
ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕ
Мақсаты:
Тұлғаның
өзін кәсіби анықтауына саналы
қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық
ойлауын және экологиялық мәдениетін
дамыту.
Ашық
тәрбие сағаты «Шырайлы Шыңғырлау»
Түйіндеме:
Бұл әр оқушының өз елін қоршаған орта
туралы түсініктерін кеңейту бағыттары
қарастырылған. Танымдық, сенсорлық
қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту,туған
өлкесін сүйіп,қадір-қасиетін бағалауға
үрету, туған өлке табиғатын аялап,тазалығына
мән беріп,өз үлесін қосуға баулу.
Мақсаты:
Білімділік
– жалпы табиғат жөніндегі түсінігін
кеңейту, адамның ақыл-ойы, табиғаттың
ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру.
Дамытушылық
-
ой-өрісін кеңейту,шығармашылық әңгімелеу
қабілеттерін,
-
туған жерлері туралы түсінік беру
-
Ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту
-
тәрбиеленушілерді өз туған жерін сүюге,
табиғатты қорғай білуге, оларға қамқор
бола білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Тәрбиелік
туған
жердің тарихын сипаттау арқылы
патриотизмге баулу
туған
жердің әсемдігін көруге,білуге
қамқорлық
жасауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
қанатты сөздер, «Шырайлы Шыңғырлау »
фотомонтаж, «Шыңғырлаудың жеті кереметі»
слайд
Тақтамен
жұмыс
Барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
Тәрбиеленушілермен
амандасу, топқа бөлу «Шырайлы Шыңғырлау»
фотомонтажбен жұмыс
Кіріспе:
Шыңғырлау туралы қысқаша баяндама
Туған
жер – әрбір адамның жарық дүниеге шыр
етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан
ауасы, табанының табы қалған аялаған
өмір бесігі.
«Азат
боп атқан ақ таңым!»
Қ
.Елемесов
Азаматтығың
арлы шың,
Әрқайсың
атпал нармысың,
Қабырғалы
елім,қазағым,
Аман
да түгел бармысың.
Балаңыз
келді алдыңа,
Бойына
жиған нар күшін,
Жырымды
төгіп баршаңа,
Алайын
елдің алғысын.
Тәуелсіздігің
баянды,
Атырды
арай таңды шын.
Қазағым
жаса мәңгілік,
Елдіктің
жасап Жарғысын.
Алладан
болсын амандық,
Шыңғырлау
жұрты армысың!
Шырайлы
мекен – Шыңғырлау,
Шуағын
төккен бақ таңым.
Өн
бойың « Жеті керемет»,
Сұлулығыңды
сақтадың.
Торыатбас
тауы – биігім,
Таусылмас
мәңгі дастаным.
«Шоқайтерегім»
- қарт жүрек,
Туымды
сеннен саптадым.
Сарқырамам
– сәнді көл,
Зәм-зәм
суыңнан татқаным.
«Қыземшек»
дала төсінде,
Қос
анар болып жатқаның.
Ақ
Елек – шалқар айдыным,
Нәр
алған сенен бақтарым.
Тарихын
тұнған « Аққұмым»,
Тарихты
сеннен жаттадым.
«Қонақай»
көлім – көзмоншақ,
Құраққа
толы қапталың.
Шежіре
бесік Шыңғырлау,
Асан
бабам секілді,
Жер
бетін шарлап кетсемде,
Жерұйық
сендей таппадым
Сіздерге
тамаша Қарағаш ауылында орманы мен
Електің суына,сайын атақты жеті кереметі
бар Шыңғырлау еліне қош келдіңіздер !,
-демекпін.
Туған
жерлеріңде тұлғаларыңызбен таныстыру
( қағаз суыру арқылы) тапсырмаларды.
Слайд:
«Шыңғырлау»
Батыс
Қазақстан облысының солтүстік шығыс
бөлігінде жатыр.
Шыңғырлау
БҚО-ның Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандарымен,
ҚР Ақтөбе облысының Қобда ауданымен,
сол сияқты Ресейдің Орынбор облысы
Ақбұлақ және Соль-Илецк аудандарымен
шекаралас орналасқан.
Шыңғырлау
ауданының көлемі 7,2 мың шаршы километр
жерді алып жатыр (720 мың гектар). Ол
облыстың солтүстік-шығысында орналасқан,
солтүстігінде Ресейдің Орынбор, шығысында
Қазақстан Республикасының Ақтөбе
облысымен, оңтүстігінде Батыс Қазақстан
облысының Қаратөбе және Сырым, батысында
Бөрлі аудандарымен шектеседі.Облыстағы
ылғалды аудандардың бірі.
Халқы,мәдениет,кітапхана
,мектеп,балабақша туған жердегі
ескерткіштер, нысандары өз игілігіне
жергілікті тұрғындарға көрсету
Әні:
Т.Мықтыбаев , Сөзі: А.Танабаев « Шыңғырлауым
– сәнде өлкем» хор орындау
ІІ.
Негізгі бөлім:
Сұраққа
жауап: - Сұраққа жауап береміз:
Мына
слайдтан қай жерді көріп отырмыз?
Ой
толғау
Тәрбиеленушілерге
ақ парақ таратылады.
І
– топ Елің туған жерің үшін не істер
едің?
ІІ
– топ Аудан әкімі болсаң халқыңы қандай
жағдай жасар едің?
ІІІ.
Қорытындылау:
Туған
жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем
әрі бай. Ұшы қиырыжоқ теңіздей шексіз
дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп
өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың
ғажайып көріністері адам жанын
үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып
тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын
аялап, гүлдендіру өз қолымызда.
Адам
табиғатынан сұлулықты, әдемілікті
үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану,
сезіну және оның ерекше екенін терең
түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын
әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап
суреттермен жеткізе алады. Адамның
табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның
сұлулығы мен байлығын сақтауға
көмектеседі.
Әр
топқа «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» пен
бағалау
Пайдаланған
әдебиеттер
Тәрбие
құралы Алматы «Дәуір »
баспаханасы 5.2010
Қазақ
тілі мен әдебиеті Алматы «Нур –принт
- 75» баспаханасы
Наурыз – Сәуір 4.2009
Сынып
жетекшісі Алматы қаласы « Самара
-Принт» ЖШС 2.2008