ШҚО. Үржар ауданы. Алтыншоқы ауылы.
«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы» КММ-сінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Салтанат Саматовна.
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Оқушыларға ұлттық тағылым мен ұлттық салт – дәстүрлер жайында мағлұмат беру. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын ұғындыру. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт – дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, плакаттар қазақ үй жабдықтары, шарлар, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Ата – бабамыздың көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан салт – дәстүрлеріміздің бірі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Бүгінгі біздің осы мерекемізге арнайы ат терлетіп сонау алыстан келген қадірлі қонақтарымыз бар, солармен сіздерді таныстырып өтейін.
Ашық болсын қас қабақ, тас пен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та, бүгін төрде бас қонақ. – деп бүгінгі сабағымызға қонақққа Қыдыр атамыз келген екен, таныс болыңыздар.
Нұр жайнатып әлемді, гүлдей сұлу әдемі,
Танысайық келесі қонағымызбен киелі, – деп келесі келген қонағымыз – Наурыз ханыммен таныс болыңыздар.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен қарсы алады. Осы мерекелеріңізбен құттықтап дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Жаңа жыл сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын!
Наурыз мерекесі – өте ерте кезден бастап, тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс тіршілігіне байланысты мереке. Қазақстанда ресми түрде Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері тойланып келеді екен. Көне парсы тілінен аударғанда нава = жаңа + рәзаңһ = күн, яғни «жаңа күн» мағынасында, ал қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған бірақ но = жаңа + роуз = күн деп өзгертілген ал мағынасы сол «жаңа күн», яғни «жаңа жылды» білдіреді.
Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі 1-шіден – жыл басында тойланатын думанды – ұлттық мейрам, 2-шіден – наурыз айы, 3-шіден – ұлыс күні жасалатын Наурыз көжеге қатысты айтылады. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Ренжіскен адамдар бір – бірімен достасатын, жақын туыстармен дәм алысатын, жеті түрлі дәмнен Наурыз көже дайындалатын, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, күш сынасып, жастар жағы алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойналып, үлкен той жасайтын күн. Сол себепті қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» - деп атаған екен.
Жаңа жыл келсе – құт келгені халайық! Есік ашып, ел боп қарсы алайық! – демекші құрметті қонақтар, наурыз тойына арналған бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда балаларымыздың өнер мерекесіне, шаттық тойына сіздер де ортақ болыңыздар! Енді оқушыларымыздың Наурыз мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарына кезек берейік.
1 оқушы: Армысыздар, халайық! Бармысмыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай, бірге қарсы алайық.
2 оқушы: Сәлем бердік, жас Наурыз – жылдың басы!
Жұрттың күткен, мінекей ықыласы!
Жайнай берсін, гүлденіп қазақ жері,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі!
3 оқушы: Көптен күткен
Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп жатыр міне манайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
4 оқушы: Құтты болсын Наруыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
5 оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
6 оқушы: Жыр сыйлаған, нұр сйылаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
7 оқушы: Жарқыра, жайна, Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке – байлық – дәм – тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын!
8 оқушы: Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Азамат боп елінде біздің жігіт,
Тұғырына биіктен қона берсін.
9 оқушы: Береке күннен күнге таса берсін,
Ырыс – құт басымыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Астанамыз ілгері аяқ баса берсін.
10 оқушы: Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.
11 оқушы: Көкке бояп өңірді, көктем келді көңілді.
Бау – бақшада, орманда, құстар әні төгілді.
12 оқушы: Өлкеме
Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүрлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.
13 оқушы: Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.
(«Наурыз» әні Мұратқанова Дильназ)
Мұғалім: 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21, 22, 23 наурыз күндері аталып өтіледі. (2010 жылдан бастап).
Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады екен. Иранда, Орталық Азия елдерінде Әзірбайжанда және Өзбекстан мен Түркияда мемлекеттік мереке 21 наурыз күні, ал Тәжікстанда және Қазақстанда – 22 наурыз күні, аталып өтіледі.
Ұлжанның орындауында «Аққу» биі.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл – ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай жастар жағы «Ақ сүйек» ойнын ойнап, «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Бір сөзбен айтқанда бұл мейрам – дін мейрам емес, ұлт мейрамы екен. (Ұлдардың орындауында «Жорға» биі) Ал енді осы Наурыз мерекесі жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен соны тыңдап көрсек:
1 оқушы: Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
2 оқушы: Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, жаман ниеттерден арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос – жарандарды бір дастарқаннан дәм татырып, табыстырған.
3 оқушы: Жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, теңге алу, т.б. ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
4 оқушы: Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір – бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір – біріне игі тілектер айтады. Бірін – бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.
5 оқушы: Қазанға қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамы – етпен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы, яғни жаз тағамы – сүтпен қауышуды білдіреді.
Мұғалім: Ал енді біз Наурыз көже жайлы сөз қозғаған екенбіз, олай болса сөз кезегін Наурыз ханымға берсек. Ол кісі сіздерге ізгі тілегін арнап, Наурыз мерекесінде жеті түрлі дәм қосылып дайындалатын Наурыз көженің дайындалу жолдарымен таныстырып өтеді.
(Наурыз ханым Наурыз көженің дайындалу жолдарын түсіндіріп, келген қонақтарды дастархан басына шақырып, көжеден дәм татқызады.)
(Асемнің орындауында «Қазақ дастарханы» әні.)
Мұғалім сөзі: Ұлттық дәстүріміз бойынша қалада болсын, далада болсын әр ұйым, өз наурыз салтанатын көрсетіп, ойын сауықтарын жасайды емес пе?
Наурыз тойында ән салып, би билеуден басқа ұлттық ойындар да ойналады ғой. Кәне, кім қандай ұлттық ойындар біледі? (қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, асық ойыны, күрес т.б.) Олай болса, біз де бүгінгі тойымызда осы ойындардың бір – екеуін ойнап көрейікші.
-
«Қыз қуу»
-
«Күш сынасу» (білектесу)
-
«Арқан тартыс»
(Арайдың орындауында «Дастархан» әні.)
Қорытындылау:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен қоятын сұрақтарым бар.
Сұрақтар:
-
«Шілде хана» Өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.
-
«Қырқынан шығару» Әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, дастарқан жайылады, кәде беріледі.
-
«Тұсау кесер» Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
-
«Тілашар» Баласы 7 жасқа толған кезде балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, арнайы жасалатын шағын той.
-
«Бастаңғы» Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, үйде ойын – сауық жасап, бас қосады, көңіл көтереді.
-
«Бата беру» Адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Мұғалім: Өте жақсы, балалар, сұрақтардың барлығына дұрыс жауап бердіңдер. Ал, олай болса, біз төрде отырған қадірлі қонағымыз Қыдыр атамыздан ақ дастарханға бата сұрасақ деймін. (Дастарханға бата беріледі)
БАТА: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектері көк болсын
Уайым – қайғы жоқ болсын.
Қуаныштарың көп болсын.
(Әумин.)
Мұғалім:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы басына қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы
Жаңа жылымыз құтты жыл бола берсін.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен думанымыз аяқталды. – дей келе осымен бүгінгі Наурыз мерекесіне
орай өткізілген ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың да бір рахмет. Келесі жылғы мерекеде қайта жүздескенше аман – сау болыңыздар!
17.03.2015ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты: Тақырыбы: "" Армысың, әз Наурыз!

шағым қалдыра аласыз