Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламторга байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ғаламтор туралы толық мәлімет алады, ғаламтордың пайдасы мен зиянды жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс істеу ережелерін танысады.
Көрнекілігі: презентация, бояу қарындаштар, А3 формат қағаздар.
ТСО: компьютер, интербелсенді тақта.
Әдісі: миға шабуыл, фишбоун, топпен жұмыс, постер қорғау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық
2. Топқа бөлу
ІІ. Негізгі бөлім
-
Тарихи мәлімет
-
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы слайд
-
Постер қорғау
-
Топпен жұмыс
ІІІ. Қорытынды
-
Рефлексия
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Күн жылуын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ғаламтордың пайдасы мен зияны»
Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
Енді оқушылар мына әріптерді таңдаңыздар. Қызыл түсті қағазда әріптер, көк түсті қағазда әріптер. Қызыл түсте «компьютер» сөзі шығады, көк түсте «интернет» сөзі шығады.
ІІ. Негізгі бөлім
Ассоциация әдісі
Жайғасып отырсаңыздар, енді тәрбие сағатымызда әрі қарай жалғастырайық.Оқушылар тақтаға наза ауадрыңыздар «галамтор» сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңызға келеді? Тақтаға шығып бір-бірден жазып шыға қойыңыздар.
Ғаламтор
Енді осы галамтор шығу тарихын білесіңдер ме? Білмесек, онда мұқият тыңдап ұғып алайық, оқушылар. Үйге тапсырма берілген Ғаламтордың шығу тарихы тақырыбында презентация дайындап келу.
-
Тарихи мәлімет
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web,
WWW) — компьютердегі
мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді
жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Оның өзі шығу тарихы да қызық.
«1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң,
АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға
сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай
жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап
тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния
штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына
компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады.
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің
компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары
пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен
алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік
желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері,
радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы
оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да
байланысуға болады.
Бұл
күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5
млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен
бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген
сөз.
Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады
Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Ғаламтор және денсаулық.
Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық. Одан балаларды қорғау жолын да дұрыс қарастырмайды.
Ал ғаламтордан қорғалмаған бала түрлі психологиялық ауруларға душар болуда.
Бұрын жаз мезгілі бола қалса балалардың барлығы азаннан қара кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді.
Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, түрлі әуен тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар тіпті компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатқан сияқты.
Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын алдарқайтын жақсы құралға айналды. Конференцияға қатысқан мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді. Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады.
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Ғаламтордың денсаулыққа зияны
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес.
Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.
Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.
Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.
– Балаларды ғаламтордан қорғаудың түрлі жолдары бар.
Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.
Бірақ ата-аналар да, ұстаздар да, тіпті балалардың өздері де көп ескере бермейтін бір мәселе бар, ол – ғаламтордың қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің адам психологиясына кері әсер етуі. Мәселен, қазіргі күні ата-аналардың көбі ғаламторда балаларды кішкене күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зомбылыққа тәрбиелейтін қара ниетті сайттардың бар екенін білмейді.
Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін.
Негізінен, қазір балалардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние.
Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту. Яғни әрбір ата-ана, ұстаздар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.
Үшіншісі – жаңа технологияларды пайдалану. Қазір ғаламтордағы сайттарды реттеп, бақылап отыратын арнайы бағдарламалар бар. Сіз бағдарлама арқылы балаңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін біле аласыз.
Жалпы, ақпарат жүйелерінің дамуынан гөрі, оны қолданушылар санының жылдам артатыны белгілі. Мамандар соңғы жылдары Қазақстанда да ғаламторды серігіне айналдырып алғандар қатарының екі есеге көбейгенін айтады. Оның дені мектеп жасындағы балалар екен.
Ал, серігіп алсаңдар, тәрбие сағатымызды жалғастырайық. Екі топқа постер жасау тапсырмасы беріледі, жасап болғаннан кейін оны қорғаймыз.Қосымша суреттерде беремін соны постерлеріңізге қолдансаңыздар болады.
-
Постер қорғау
І топ. Ғаламтордың пайдасы.
ІІ топ. Ғаламтордың зияны.
Жарайсыңдар, галамтордың пайдасы мен зияны туралы көп мәлімет жинақтадыңдар деп ойлаймын. Енді сіздерге сұрақ:
-
Өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқай аласың ба?
-
Қандай белгілер арқылы байқар едің?
Компьютерге тәуелді болу белгілері:
-
Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.
-
Сабақты компьютердің алдында орындайсың.
-
Компьютердің алдында түнімен отырасың.
-
Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.
-
Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.
-
Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.
-
Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.
Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады?
Топпен жұмыс
І топ. “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.
ІІ топ. “Компьютер”сөзіне бес жолды өлең.
ІІІ. Қорытындылау.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.
Интернет әлемі
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Рефлексия «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар.