Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік жетістіктері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: «Мен және менің достарым»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету .

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Сабағымызда « Достық  жырын» айтайық.

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. Өзіңнің  досың  туралы  не  айтасың?

4. Дос  болу үшін адам қандай болуы қажет?

Тақтадан бейнеролик көрсетіледі.


Жетекші сұрақтар:

– Балалар, сендер достық деген сөзге қалай түсінік бересіңдер?
а) - Сенің досың кім?
ә) - Сен ол туралы әңгімелеп бер бізге.

б) - Достық тек адамдар арасында ғана бола ма?

в) Сендер мына мақалды қалай түсінесіңдер: «Көп ақшаң болғанша, көп досын болсын».

ІІІ. Мәтінмен жұмыс


Екі дос ертегісі


Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

– Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

– Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

– Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

–  Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4. Бұлар қалай достасты?



«Достық туралы мақал -мәтелдер

 1. Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.


2. Аққуды атпа,

Досыңда сатпа.


3. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.


4. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.


5. Жүз  теңгең болғанша,

    Жүз  досың  болсын.


6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.


7. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.


Ойын: «Ренжістік, Достастық»

(әуенмен)


Балалар, бүгін біз: «Ренжістік, Достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін шын достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:

«Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

«Тоқта» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңды беріп тұрасыңдар

«Достастық» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп, өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.


Пікір алмасу:

- Сендерге ойын ұнады ма?

- Татуласқанда қандай сезімде болдыңдар? (қуанышты, бақытты, көңілді)

- Ал ренжіскен сендерге ұнады ма?

- Ренжіскенде қандай көңіл-күйде болдыңдар? (қайғылы, көңілсіз)

- Ендеше балалар, өмірімізде қуанышты, бақытты сәттер көп болсын десеңдер, ешқашанда достарыңмен ренжіспеңдер. Олармен бірге тату-тәтті достықта болуларыңа тілектеспін.


Тыныштық сәті.

- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына  жақсы  тілектер  ойлайық. (2-3 секунд)Тілектер ойлап  болсақ, көзімізді ашайық.

- Қазір мен сендерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусаққа досымыздың жақсы қасиеттерін жазып шығайық.

«Бес саусақ бірікпей, қолға ине ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып, бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік. Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір-бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан достық татулықтан басталады делінген.

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Оқушыларға алдын-ала жүрекшелер таратылып беріледі.

- Балалар  шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Жүрекке жылы сөздер жазып, қасындағы адамның жүрегіне жабыстырады.

VIІІ. Қорытынды

Ризашылық әні 

                Сөзі мен әнін  жазған Луиза Хей

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Үйге тапсырма

«Досым саған арнаймын»

(ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2022
529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі