Материалдар / Ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналан тәуелсіздік туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2021
9372
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат»

Мақсаты:

  Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

  Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

  Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының  гимні. Хор.

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.


Мұғалім: -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?

-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?


Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1 Минут үнсіздікпен желтоқсан құрбандарын еске  алайық

1-оқушы Санжар

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Диас

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.


3-оқушы.Мәрмәр  

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

1-сынып оқушыларының тақпақтары

4-оқушы. Мадина

Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

5-оқушы Алғыс

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.


Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).


Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.


6-оқушы Айсулу

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

7-оқушы Қуандық

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

8-оқушы Гүлшырай

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

9-оқушы Гаухар

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

 

1 - жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.


2 – жүргізуші:   Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа  Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда, заңымызда жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық  арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 29 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2017 жылдар аралығын    таразыласақ.


1.      1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.      1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді.

3.      1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі.

4.      1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды.

5.      1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан  халқына  Жолдауының  жарыққа шығуы.

6.      1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.      1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

8.      2000ж. Мәдениет  жылы.

9.      2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті сайлауы.

12.2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17.  2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

18.  2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

10-оқушы Ертабыс

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

11-оқушы  Арай

Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

Еркіндік, егеменді елдігімді ,

Еміріне аңсады саналы ұғым.


12-оқушы Қадыс

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой  жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік  кезді  жек көрдік.

13-оқушы  Ерен

Желтоқсан –әйгілі күн ,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,

Ерлерім  ерлік үшін атой салып ,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

14-оқушы Өрен

Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары,

Қалар мәңгі есімде қазағымның.

15-оқушы Айша

Елім барда, мен де  бармын өмірде,

Жұлдызың боп  жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.


Мұғалім сөзі

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Ән: Көк тудың желбірегені. (Барлығы бірге орындайды)

Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!


















«№2 ОМ МДШО КММ»






«Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат»

1,3,4 сынып
















Сынып жетекшілер : Жумажанова Г.К. Галипақызы Г. Джоламанова Г.Н.
















2020-2021 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!