Күні: 28.01.2020ж.
Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз!»
Мақсаты: Оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,таза-
лықтың пайдасын ұқтыру.
Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу.Жинақылыққа,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі:
Презентациялар, плакаттар «Тазалық-денсаулық кепілі»”
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңберінде оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Кіріспе.
М: - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
О: «Алғыр алтау» сайысы.Білімдерімізді ортаға салдық.
М: Білімді болу үшін алдымен адамға не керек?
О: Деніміз сау болу керек,ол үшін тазалықты сақтауымыз керек.
М:Балалар,бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады. Сонымен, «Тазалықты сүйеміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тазалық,ұқыптылық туралы білетінімізді ортаға салып айтамыз.
-
Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз.
Есік қағылып, Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.
Кірқоймас:
Тазаланып тұру керек
Ерте мен кеш жас бала.
Кір-кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят,масқара!
Мынау менің көмекшілерім.Аттарын атаңдаршы.(сабын,тарақ,орамал)Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесіңдер ме?
Көмекшілерімнің дайындаған жұмбақтары бар екен,соны шешейік:
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Жуынып болғаныңда,
Жүреді қолдарыңда. (Орамал)
Қалтамда жатыр,тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)
Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)
Осы айтылған заттар не үшін керек?
- Сабын денеміздің кірін кетіріп,таза болу үшін керек.
- Су жуынып,аппақ,тап-таза болып жүру үшін керек.
- Орамал денемізді құрғату үшін керек.
- Тарақ шашымызды тарау үшін керек.
- Айна киіміңді,шашыңды ретке келтіру үшін керек.
Ал енді тазалықтың қастарын айтайық:
Бұл баланы кім дейді?
Анель
Бәтеңкесін,пальтосын
Өзі кие білмейді,
Бұл баланы кім дейді? (Жалқау)
Ердәулет
Көзінен жас кетпейді,
Балалардан шеттейді,
Бұл баланы кім дейді? (Жылауық)
Б.Аяулым
Айтқанға ол көнбейді,
Қонаққа маза бермейді,
Бұл баланы кім дейді? (Тентек)
Ерқанат
Шықпай жатып көшеге,
Үсті-басы кірлейді,
Бұл баланы кім дейді? (Салақ)
Көрініс: «Аппақ бала» Ә.Табылдиев
Асан ойыннан асығып келді. Оның әппақ жүзі анардай қызарыпты. Мамасына тартқан танауы, таңқиып тершіп тұр.
Н:
Ана, тамақ ішем! – деді ол
аптығып.
А: Ас дайын, балам.
Жуынып кел,- деді ақжарқын ана.
Н: Беті-қолымды кеше
жуғанмын! – деді Асан абыржып.
Асыл ана Асанның шашының өскенін, тырнағының алынбағанын енді
байқады. «Кеше жуынғанмын» деп, кергіп тұрған баласын аяп:
А: Балам, үсті-басыңды таза сақта, - деді
ана.
Шынықсаң, таза жүрсең, бойың түзу, өзің сұлу жігіт боласың.
Асан қабырғадағы айнаға қарап, кір қожалақ екенін көрді. « Ұят-ай,
- деді ішінен»
Н: Анашым, кешіріңіз, қазір жуынам, - деді ол.
Бөлмеге барып жуынып- шайынып келді.
А: Өстіп әдепті де, әдемі бол! – деп анасы қуанып қалды.
Асан енді күнде шынығып, таза жүретін болды. Мамасы оны « аппағым » дейді. Ал ағайындары Асанды « аппақ бала » деп жүр.
М:
- Асан қандай бала еді?
- Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?
- Асан анасына не деді?
- Өзін неден көрді?
- Асанды қалай атады?
Осы тұста сыныпқа ұқыпсыз,салақ,үсті-басы кір бала кіреді.
Ерасыл: Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар?
Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге,парта сызуға,құстарды атуға үйретемін.Қайсысың менімен дос боласыңдар?
-
(Оқушылар сөзі)
-
Жарайды,күштеріңді сынайын,кім менімен күш сынасып көреді?
-
Ой-ой ,Қолымды ауырттың ғой...
Баян: Кірқоймас:
Ой,оңбаған,кір-кір неме
Көрінбе,әрі,көзіме,
Тап қазанның түп күйесі,
Қарашы өзің-өзіңе:
Мойның мынау,толған батпақ,
Бұл не деген масқара!
Мұрның асты сатпақ-сатпақ,
Қолың көсеу, қап-қара!
Мұғалім:
-
Бұл бала туралы не айтамыз?
-
Салақ,сатпақ,кір-қожалақ, т.б.
-
Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?
Асанәлі
1.Анау бала,
Бетін қара.
Кір-қожалақ,қап-қара.
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты-ау масқара!
Мұхаммеджан
2.Оның аты-Сабалақ,
Әдеті бар жаман-ақ,
Киімі кір-қожалақ,
Көрген емес тазалап.
Сергіту сәті.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі келеді.
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасайсыңдар ма?
-
Жасаймыз.
-
Жаттығу жасап,денелеріңді таза ұстап,спортпен айналыссаңдар, денсау-
лықтарың мықты болып өсесіңдер.Қане,жаттығу жасайық.
Ән: «Спорт-біздің досымыз»
Тазалық- денсаулық кепілі.
Асанәлі:
Бірінші талап- дененің күтімі,яғни,теріні дұрыс күту.
Дос бол сабын,сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен.
Таңертең де,кешке де,
Жуын күндіз,түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Нұрәділ:
Екінші талап- шаш күтімі.
Шашты апта сайын жылы сумен жусақ «Балалар» сабынымен немесе шам
пунмен жуу керек.Құрғақ шаштарды ,бастың терісі құрғақ және қайызғақ-
талса жұмыртқаның сары уызымен жуу керек.Шашты қарапайым жеке та-
рақтармен немесе щетка тарақтармен тараған дұрыс.
Ердәулет:
Үшінші талап- тырнақтар күтімі.
Аяқ-қол тырнақтарын өсірмей алып отыру керек. Өскен тырнақ арасына ау
ру тудырушы микробтар ,ішек құрттары жабысқақ келеді.Ұзын тырнақтар әдемі көрінбейді және ол адамның тазалық күйінің төмен екенін көрсетеді.
Айым:
Төртінші талап- ауыз күтімі.
Тісіңді екі рет таңертең және кешке тазарт.
Тамақтан кейін аузыңды шай.
Тіс болмаса,асты қалай шайнайсың,
Тісті күніне екі рет
Тазартуды ойларсың.
Әдет қыл бұл ісіңді:
Тазалап жүр тісіңді.
Кішкене де ыңғайлы,
Тіс щеткасын пайдалан.
Тазалауға болмайды,
Щеткасымен басқа адам.
2 топқа бөлінеді:
Жұмбақтар шешу.
І топ: «Тазалық»
Асқар тауда қалың орман,
Кейде оны шөптей орам. (Шаш)
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. (10 саусақ)
ІІ топ: «Денсаулық»
Үй ішінде отыз екі батыр,
Кіргендерді отап жатыр.(тіс)
Таудың екі жағынан
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)
Ән: «Бұл не?»
Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?
-
Ұқыпты,мәдениетті,ақылды т.б
-
Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?
1-оқушы: Ерқанат
Мен халатты киемін,
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Шаң-ласпен достаспайтын,
Тазалықпен қоштаспайтын,
Аппақ балалар сөйлесін.
2-оқушы: Айым
Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Тоңбаймын аяз,боранда,
Салқын суға үйренген.
3-оқушы: Айбибі
Сынып іші айнадай,
Шаң мен тозаң ұшпайды,
Үзілісте ойнаймыз,
Кіршіксіз қып ұстаймыз.
4-оқушы: Асанәлі
Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап,су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
5-оқушы: Алина
Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,
Тазарсын аула ауасы.
Таза ауа мен таза аула
Тазалықтың дауасы.
Жарнама
І топ: «Тазалық» (сабын)
ІІ топ: «Денсаулық» (сусабын)
Ойын: «Жалғасын тап».
(Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
І топ: «Тазалық»
1.....қара,шашыңды тара.(айнаға)
2.........- денсаулық кепілі.(тазалық)
ІІ топ: «Денсаулық»
3.Денсаулық.... байлық (зор).
4.Шынықсаң.... боларсың (шымыр).
5.Ішің ауырса,аузыңды тый,
Көзің ауырса,.... тый.(қолыңды)
Мектеп медбикесімен «Есіңде болсын!» тақырыбында
әңгімелесу.
Есіңде болсын!
-
Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқаңды салқын сумен күніне бір рет жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
-
Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді.
-
Ішкен –жеген сайын, ертеңді-кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруларының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалауышпен жақсылап тазла. Тісіңді күнде жатарда тазала. Мәусегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын.
Шығармашылық жұмыс
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру.
Күн тәртібін құрастыру(суреттер арқылы)
М:(Кірқоймасқа)
-
Балалардың тазалығы туралы не айтасыздар?
Кірқоймас:Міне,балалар,біз сендермен жете таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар.Көпшілігің таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сендерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын және бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар,сондықтан көмекшілерімді сіздерге сыйға тартамын.
Бірақ мен әрдайым келіп,тазалықтарыңды бақылап жүрем.Егер араларыңнан кір салақ жүретін оқушы шыға қалса,маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйлесемін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық қоғамының
мүшелігінен шығарамыз.Осыған келісеміз бе,балалар?
-
Келісеміз.
-
Ал сау болыңдар!
Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ,егер тазалық туралы толық мәлімет алдым,кеңестерді пайдаланамын десеңіз чемоданға, тазалық туралы әлі көп нәрсе оқып,білуім керек десеңіз еттартқышқа саламыз.
М: Балалар,Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қо-
ғамына мүшелікке алды және сыйлыққа көмекшілерін тарту етті.Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім- кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді.Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа денсаулықпен бірге барайық.
Бәрі:
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз,
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
Үйге: «Тазалық туралы өлеңдер жаттап келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты Тазалықты сүйеміз 2 сынып

шағым қалдыра аласыз