«Тараз қаласының білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі» КММ

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырып: «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Сынып: 1 «И»
Сынып жетекшісі: Жакипова А.Р.
2021-2022 оқу жылы
Тараз қаласы
«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме,балалар!.
1.Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып ,қадірлеп өткен.Ол-ел,жер,және тілі мен діні.Ана тілі әр халықтың-төл белгісі.Адам білімді,тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады.,мәдениетті,өнерді,салт-дәстүрімізді,ғылымды тіл арқылы үйренеді.Оның құдіреті,қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп.Мысалы,Б.Момышұлы атамыз «Тілін білмеген-түбін білмейді!» десе,Ғ.Мүсірепов атамыз «» деген екен Бұл сөздердің астарына үңілер болсақ, үлкен мән-мағына жатқан жоқ па?Шынында да тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп,терең бойлай алмаса,ол қасірет емес пе?Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтап,қастерлеуге тиіс.
Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
2. Оқушы:
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
3. Оқушы Ана тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
Оқушы: Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
Оқушы: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,
Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
Оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
4. Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.
5. Оқушы:
Ана тілім,Алтын ұям,Құндағым.
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың,сенің әнің айтарым
Санам сөніп байланғанша тіл-жағым.
.Біз тіл туралы біраз ,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер оқып,үйренудеміз.Олай болса «Кім тапқыр»-ойынын ойнап жіберейік.Мақал-мәтелдердің алғашқы сыңары айтылады,сіздер екінші сыңарын аяқтайсыздар.
1.Тіл буынсыз,…(ой түпсіз)
2.Піл көтермегенді-…(тіл көтереді)
3.Шешеннің тілі ортақ,…….(шебердің бізі ортақ)
4.Әділ тіл-…(ақыл таразысы)
5.Тілде сүйек жоқ- ….(таста тамыр жоқ).
6.Қызыл тілде……( буын жоқ).
7.Бас ойланғанда-……(тіл тыныстайды).
8.Тілмен байланған……(қолмен шешілмес)
9.Басқа бәле….(тілден)
10.Өнер алды….(қызыл тіл)
11.Тіл тас жарады,тас жармаса…..(бас жарады)
12.Тілі саудың-…..(діні сау)
-Балалар, сонымен тіл туралы не білдік?
-Халық бар жерде тіл бар.
Тіл бар жерде өнер бар.
Өнер бар жерде жанкүйер бар.
Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Халықтың қуаты- тілдің қуаты.
Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
Сонымен құрметті оқушылар,бүгінгі тәрбие сағатымызда оқып-үйренгеніміздей,Әр адам өз елінің,жерінің халқының мәртебесін биіктетуі үшін,алдымен,анна сүтімен бойға сіңген қасиетті байлығы-ана тілін жетік білуі қажет екен.
22-қыркүйек Тіл мерекесі құтты болсын!
Тіл –тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз.
Тілімізді қастерлей білейік.Жүрегіміздің соғуы тоқтамасын.
Тіл тағдыры-өз қолымызда-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

шағым қалдыра аласыз