Сабақтың тақырыбы: Тілашар тойы
Мақсаты:
-
Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
-
Ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!
(ҚР Гимні)
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ......................береміз
ІІ. Негізгі кезең.
Жүргізуші: «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,
Шәкірттерім жырдан шашу шашады.
:
Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне
қараңыз.
Ғылым, білім
жолына,
Енді қайық
саламыз.
:
Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
:
Біз бақытты
баламыз
Қағаз, қалам
аламыз.
Ұстазымыз
үйреткен,
Әріптерді
саламыз.
:
Сәлем саған
мектебім,
Сәлем білім
ордасы.
Жасыл бақты
көктемім,
Жастық шақтың
жолдасы.
Мұғалім:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Болдың енді оқушы,
Оқитын әрі жазатын.
Білімге қол созатын.
Құтты болсын, қарағым,
Оқушы деген жаңа атың.
Саханаға қызыл телпек шығады , қолында себеті бар.
Мұғалім: Анасының сөзін екі етпей Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі туратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек.Қызыл телпек орманда жалғыз жүру қаншалықты қауіпті екенін білмейді.Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп асықпай жүреді. Бір кезде қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда барасын?
Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын.Әжеме бәліш апара жатырмын.
Қасқыр:-Әжең қайда тұрады? Сен бәлішіңді маған бер. Менің қарным ашып тұр.
Қызыл телпек: -жоқ мен әжеме апарамын, бермеймін.
Қасқыр: онда сен менің тапсырмамды рпындайсың
Мұғалім: -балалар Қызыл телпекке көмектесеміз бе? Қасқырдың тапсырмасын орындайық бәріміз. Қасқыр тапсырмаңды айта ғой, біздің балалар орындауға дайын.
Қасқыр:- Жақсы онда
тыңдаңдар «Кім тапқыр?» ойынын ойнаймыз . Жұмбақ
шешу.
1. Суда өседі, өседі, Сыртқа шықса өледі.
(балық)
2. Қамыс құлақ, тостаған
тұяқ,
Мінсең қанат, сүті
дәрі
Еті тамақ.
(жылқы)
3. Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге
толады. (көбелек)
4. Жесең
ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
(пияз)
5. Көк лағым көгенде жатып семірді.
(қарбыз)
6. Ұрлап
ішіп,
Үйде сүтті
қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
(мысық)
7. Аласа ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
8. Аяғы жоқ күледі, Сылқ - сылқ күледі. (су)
9. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәсеке тігем, бұл шыным.
Құрт, қоңыз аулап, жарысам,
Орман дәрігері боп табылам. (тоқылдақ)
Қызыл телпек: - балалар рахмет сендердің көмектеріне, мен әжеме кеттім.
Номер
Қызыл телпек келе жатқанда алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Салеметсіңбе қызыл телпек, қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжеме бәліш апара жатырмын
Түлкі: - Менің қарным қатты ашып тұр еді, сен маған бәліш бер
Қызыл телпек. – жоқ бере алмаймын
Түлкі: -Мен онда сені жібермеймін әжеңе немесе менің тапсырмам бар соны орындайсың.
Қызыл телпек: - балалар маған көмектесесіңдер ме?
Балалар – ИАААА
Түлкі ойыны: Мен сендерге жұмбақ жасырамын, дайынсыңдар ма, оған маған апайларың көмектеседі:
1- Бұтақта өсті 5 алма, Оның алдым үшеуін, Қалды сонда нешеуі?
2- Ағашқа қонды 10 торғай, Ұшып кетті төртеуі, Қалды сонда нешеуі?
3- Ыдыста тұрды 10 кәмпит, Біреуін бердім ініме, Қалды сонда нешеуі?
4- Көлден ұшты 7 қаз, Қайта қонды бесеу, Қонбады көлге нешеуі?
5- 10 асықтың екеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады?
6- Табақта он өрік, Қолыңда 5 өрік. Қосқанда барлығын, Болады неше өрік?
Түлкі: - жарайды, Қызыл телпекті мен жіберемін, балалар бәрін біледі екен.

НОМЕР
Қызыл телпек алдынан аю шығады.
Аю: -Қайда кеттін Қызыл телпек ?

Аю: - Менің қарным қатты ашып тұр еді, сен маған бәліш бер
Қызыл телпек. – жоқ бере алмаймын
Аю: -Мен онда сені жібермеймін әжеңе немесе менің тапсырмам бар соны орындайсың.

Аю: Жұмбақтарды шешу: (О), (Т), (А), (Н) әріптері
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуіннің аттары? (О)
Қатар тұрған қос қазық
Қол ұстасып достасып. (Н)
Сауысқанды, сағызды
Сарымсақты, сәбізді
Бастап тұрған қай әріп (С)
Тау мен тастың алдында. (Т)
Асқар, Асхат, Асанға,
Атасы айтты Ақанға
Амбарды аш, арпа шаш,
Арпа шаш, аш құстарға
Қайсы әріп көп айтылды,
Тез айтып бер ұсталма?! (А)

Құттықтау сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөнінде орынбасары Құсманова Арайлым Серікжановнаға береміз
Балалар номері:
Мұғалім: Алғаш мектеп есігін ашқан бүлдіршіндердің тағы ұстазы әрі досы бар, ол – ата-ана. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ықпал ететін – ұстаз болса, сүйеушісі - ата-ана. Білім алуына көмектесіп, жүйелі білім алуына жағдай жасап отырған ата-аналарымызға үлкен алғыс айта отырып, ізгі тілектерін білдіруге ортаға шақырамыз.
(ата-аналар сөйлейді)
Мұғалім: Бүкіл аналарымыздың құрметіне 1 А сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әні. Қабыл алыңыздар!
«Анашым» әні.
Мұғалім: «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман», - деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі оқушының алдында тұрған мақсат - алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын жеке тұлға болу. Ал біздің балаларымызға өмірге қажетті білімдерін толық меңгеруге көмектесетін тағы бір достары бар. Олардың кімдер екенін білгіңіз келсе, келесі көрініске назар аударайық.
«Оқушының достары» көрінісі
4 сыныптан 4 оқушы шығып 4 сөмкеге қажетты заттар салады.
Мұғалім:
Мектебің – алтын ұяң жарқыраған,
Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қағып,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған! – дей отырып, балаларымыз оқушы атына лайықты болып, ата-аналарын, ұстаздарын, құрбы – құрдастарын сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек болады дегендей мектебіміздің құрметті ұстазы Альмира Мамилевна осы біздің бүлдіршіндерге өзінің ақ батасын берсін деп, сізді ортаға шақырамыз қошеметпен.
Бата береді
Мұғалім:
Енді біздің оқушылар нағыз оқушы болды, қазыр бәрыміз орнымыздан тұрып ант берейік:
Үлкендердің алдын
кесіп (өтуге болмайды)
Сабаққа кешігуге (болмайды)
Үлкендермен (сәлемдесу керек)
Мұғалімді әрқашан (тыңдау керек)
Оқулықты жыртпай әрқашан (таза ұстау керек)
Үзілісте жүгіруге (болмайды)
Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын балдырған,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарынызға рахмет, сау болыңыздарІ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Тілашар"

шағым қалдыра аласыз