Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты Тілашар 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылы
Ашық тәрбие сағаты
Дайындаған:Байшева Г. А.
1 «А» сыныбы
2018 жыл
Тақырыбы: Тілашар
Мақсаты:
Мектепалды даярлық тобына келгеннен бергі дағдыларын, қызығушылықтарын, жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.
Тіл байлығын, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.
Үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, шарлар,ойыншықтар.
Қатысушылар:
-
Апа
-
Мұғалім
-
Бестік
-
Сауат ашу
-
Жалмауыз кемпір
-
Дымбілмес
-
Балалар
1-көрініс
Музыка ырғағымен залда апа немересін бесікте тербетіп отырады.
2-көрініс
Бала өсіп 5-ке келеді. Беске толған немересін апасы мектепалды даярлық тобына дайындайды.
Апа: Балам, біз бүгін мектепке барамыз.
Немересі: Апа, мектеп дегеніміз не?
Апа: Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да, дәрігер де бәрі де білім алған. Тіпті атаң да, мен де, әкең де, шешең де сол мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие алғанбыз. Жүре ғой, құлыным!Тәрбиешіге әкеп табыстайды.
Тәрбиеші баланы жетектеп ойыншықтармен ойнатып, залдан алып шығады.
1-жүргізуші:- Құрметті ата-аналар, ең алғаш балаларыңызды мектепалды тобына әкелген күндеріңіз есте болар. Ең алғаш балаларды Гүлдана апайға табыстағансыздар. Сол кездерін еске түсірдік.
2-жүргізуші:-Мінекей кешегі бүлдіршін – бүгінгі мектепалды даярлық тобының түлегі. Сіздердің қошеметтеріңізбен мектепалды даярлық тобы түлектерін ортаға шақырамыз.
Жақсы әуенмен балалар залға кіреді.
Мұғалім:Айналайын, балалар,
Сендерде ой-сана бар .
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
1-жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Тілашар тойымызды бастайық.
2-жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Гулсулу
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға мың рахмет,
Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.
Артур
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Апа шашу шашады.
(Әжелер шашу шашады.)
Жұлдыз
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел,келіңіз тойыма,
Тойымның аты – Тілашар.
Ілияс
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршіннің ортада,
Тілашарын алайық.
Аделина
Даярлыққа келгенде,
Ақ пейілмен қарсы алған.
Өлең айтып үйретіп,
Би билеткен, ән салған.
Гүлсұлу
Риза әжей, атай да,
Риза ағай, апай да.
Рахмет деп айтамыз,
Тәрбиеші апайға.
Артур
Ойыншықтармен ойнадық,
Тоқпақты да қоймадық.
Сурет салдық, ән салдық,
Уақытты бекер жоймадық.
Жұлдыз:
Мектепке енді барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Үлгілі бала боламыз.
Ілияс
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын кең аспан.
1-жүргізуші:Балалардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән орындалады.
Есік қағылып, залға Жалмауыз кемпір жүгіріп кіріп, айқай салады.
Жалмауыз кемпір:Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Солай ма, құлағым естімейді. Барасыңдар ма мектепке?
Балалар хормен: Иә, барамыз!
Жалмауыз кемпір:Әй неге сонша айқайлайсыңдар? Керең дейсіңдер ме мені?
А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Кім сендерді жібереді екен? Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу керек. Ол неге керек, мен сияқты жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.
Гүлсұлу: Жоқ, апа, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.
Артур:Қазақта мынандай бір мақал бар: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Біз оқу оқымасақ солдат бола алмаймыз, елімізді қорғай алмаймыз.
1-жүргізуші:Балалардың орындауындағы «Ұстаз - Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Жалмауыз кемпір:
Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?
Балалар: Сөмке.
Жалмауыз кемпір:-Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). Ал енді сендер сабаққа барғыларың келсе, мына жұмбақтарды шешіңдер.
Жұмбақтар:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
(Кітап)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қозы)
1-жүргізуші: Дұрыс шештіңдер балалар!
2-жүргізуші:-Көрдің бе, Жалмауыз кемпір, біздің балалар қандай білімді.
1-жүргізуші:-Балалар, сендердің ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
2-жүргізуші:-Екі бала ортаға келсін, қане кім тез мектепке жиналады екен.
(Балалар киімін киіп, сумкасын асынып жарысады).
Жалмауыз кемпір:-Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Гүлсұлу
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек адамға.
Ілияс
Сақтау үшін арыңды,
Сатпау үшін анаңды.
Өсіруге танымды,
Мектеп керек адамға.
Жұлдыз
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді.
Қуантуға жүректі,
Қуантуға түлекті
Мен мектепке барамын.
Аделина
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын.
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер қазағым,
Мен мектепке барамын.
1-жүргізуші:
Хор: Біз мектепке барамыз.
2-жүргізуші:
Қабыл алыңыздар!
Есік қағылып Бестік кіреді.
Бестік:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бестікпін. Мен жақсы оқитын балалармен дос боламын. Мені мектепке өте жақсы көреді. Сендер менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.
Ойын: Жалғасын тап:
-
Оқусыз білім жоқ,
……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)
-
Ақыл азбайды
………………………………….. (Білім тозбайды)
-
Еңбек етсең ерінбей,
…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)
Бестік: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді мектепте күтемін. Сау болыңдар.
1-жүргізуші:
«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды», — деп айтқандай алдарыңызда
2-жүргізуші:
Ән: «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Гүлсұлу: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім.
Алтын ұя – мектебім,
Армандарым көп менің.
Атқарамын деп келдім
Асыл анам – мектебім.
Аделина: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын депкелдім.
Оттан ыстық мектебім,
Өнерпазың көп сенің.
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім мектебім.
1-жүргізуші:
Балалар, бүгін біздің мерекемізге Сауат ашу келіпті.
2-жүргізуші:
Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «Сауат ашу» болады.
Залға Сауат ашу кіреді.
Сауат ашу:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым, жаңа досым Бестікті жібергенмін. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір тексеріп көрейінші.
Мен сендерге дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет шапалақтайсыңдар.
Ойын ойналады.
Сауат ашу: - Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау болмаңдар.
1-жүргізуші: - Сауат ашу біздің балалар жалқау болмайды. Олар білімді және өте ақылды болады.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы «Қуыршақ» биін қабыл алыңыздар.
Сауат ашу:- Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін. Біз Бестік екеуіміз сендерді мектепте тосамыз. Сау болыңдар, балалар!
Гүлсұлу
Еркесі едім атамның,
Еркесі едім анамның.
Толдым биыл алтыға,
Мен оқушы атандым.
Шетсіздік көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауыл әні.
Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,
Әнұран мемлекеттік халық әні.
Ілияс:
Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.
Залға жылап Дымбілмес кіреді.
1-жүргізуші:
Дысбілмес саған не болді?
2-жүргізуші: Неге жылайсың?
Дымбілмес: Мені мектепке алмайды.
1-2-жүргізушілер: Неге?
Дымбілмес:Мен есеп шығара алмай қойдым.
Дымбілмеске көмектесу, мысал есептер шығару.
Дымбілмес: Балалар, сендерге рахмет. Мен енді барып тағы да бір бағымды сынайын. Енді мектепке алатынына сенімдімін. Сау болыңдар балалар, мектепте кездесеміз.
1-жүргізуші:
Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды тамашаладыңыздар.
2-жүргізуші:
Сахналық қойылым орыстың «Үйшік» ертегісінің желісімен, қабыл алыңыздар!
«Үйшік» ертегісін сахналық қойылым ретінде қояды.
Аю – Артем
Түлкі – Гүлсұлу
Қасқыр – Ілияс
Қоян – Жұлдыз
Тышқан – Артур
Бақа – Аделина
1-жүргізуші:
Би: «Қуыршақ» орындайтындар қыздар тобы.
2-жүргізуші;
Қабыл алыңызд
Хор: «Сәлем саған мектебім»
1-жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар
ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұлы халқым есептескен текпенен
Ата салтын ешкім аттап өтпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата,
Адам болмас бата естіп өспеген – дей келе қорытынды сөз кезегін Сейден Ноянұлына береміз.
Құттықтау сөздер.