400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Тұңғыш Президент Күні, бастауыш сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Zerdesh Innovation School”

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

____________ Талипова М.С.

Мерзімі: 01.12.2021

Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»
Мақсаты:

1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Жүру барысы:

1. Психологиялық ахуал туғызу
2. «Менің Қазақстаным» аялдамасы
3. «Сандар сыр шертеді» аялдамасы
4. «Менің Президентім» аялдамасы

Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді


Қ. Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

«Менің Қазақстаным» аялдамасы
Біздің еліміз қалай аталады? Біздің еліміз қандай? Республикамызда қанша облыс бар? Біз қай облысқа қараймыз? Тұрып жатқан қаламыз қалай аталады? Біздің қаламыз әлемге несімен әйгілі?


«Сандар сыр шертеді» аялдамасы
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады
1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
6 - шілде 1940 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
1995 жылы 28 - қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.


«Менің Президентім» аялдамасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1.
Жақсыдан бақ қалады.
2.
Тәрбие ошағы мектеп.
3.
Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында.
4.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік.


Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильм. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні»,Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр әні», Әнұранымыз , «Менің Қазақстаным»




Ән: “Астана – бас қала”

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»


Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)


Ән: «Жаса Қазақстан!»


Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.)
9. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?(15 маусым 1193 жылы.)
10. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(астана)
11. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)
12. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
13. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)
14. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
15. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.)
16. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою)
17. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді?
18. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.)
19. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)
20. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)

















«Менің тұңғыш Президентім»

(Сынып тәрбие сағаты)



































Сыныбы: 3«с»

Сынып жетекші: Талипова М.



2021-2022 оқу жылы

3 «с» сынып оқушыларымен өткізілген «Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағатының

ХАТТАМАСЫ

Қатысқан оқушылар саны: 9

Қатыспаған оқушылар саны:


Күн тәртібінде:

1.Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы қызығушылығын арттыру.

2.Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу


Тыңдалды: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Тәрбие сағатының шешімі: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,

бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Хатшы: Талипова М.

Алматы қаласы

2021-2022 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі