жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты: Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты.
Тақырыбы: Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты.
Білімділік: Студенттерге адамдық асыл қасиеттерді
қастерлеп,өмір заңдылықтарын білуге
үйрету;
Дамытушылық: Студенттерді адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, рухани
білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге
жетелеу;
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: слайд, бейне ролик, көрме т.б
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: сұрақ-жауап , пікірлесу, түсіндіру;
І. Ұйымдастыру кезеңі
Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім.
Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ таққа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
1-жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2-жүргізуші:
Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
1-жүргізуші: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.
2-жүргізуші: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
1-жүргізуші: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
2-жүргізуші: Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
1-жүргізуші: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
«Қазақ биі». Орындайтындар:Анаргүл,Ақтеңге
2-жүргізуші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
1-студент: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
2-студент: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
1- жүргізуші: Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
3-студент: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
1-жүргізуші: Шашбау, шолпы, белбеу, бұрым дегеніміз не? Мен осыны ойлап түп мағынасына жете алар емеспін.Маған көмектесе аласыңдар ма?
4- студент:Қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.
5- студент:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасымен
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен
6-студент:
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен
1-жүргізуші: Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
2-жүргізуші: Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.
1- жүргізуші: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен келесі кезекті бейне роликке берейік.
Бейне ролик «Қазақ қызы қайдасың?»
Қыздарға кеңес. Оқитын: Құлнияз Б
Қай кездеде түзу болсын сәлемің,
Қадір тұтар сонда сені бар елің.
Білімді бол ісмерлікке бейімді,
Өміріңе керек болар кейінгі.
Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,
Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.
Бетті бояп қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан!
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсек пенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата-анаңды сыйлап оту борышың.
Биязылық сеннен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп-ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!
2-жүргізуші: Олай болса, әрі қарай тәрбие сағатымыздың «Ойланайық, пікірлесейік» атты бөліміне берейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
1-жүргізуші: «Ұлым жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол,қызым жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол» дейтін қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған.
2-жүргізуші:Ұл бала
тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының
ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін ұғындыра отырып,
ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен
балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер мен ел басына күн
туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту керек
екендігі мұқият үйретіледі.
7-студент:Халқымыз ұл бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала
тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін
алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір
сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның
құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер
жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен,
жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып
отырған.
8-студент:Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен.
Мұғалім: Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр. Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары болған.
Ал, қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Көрікті дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсінсеңіз, онда ол жасанды бұйым ғана болар еді.Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөзінде «Әдемі қыз- көзіңе жақын ,әдепті қыз –көңіліңе жақын» дегені бар Әлбетте, қазіргі кезде әдепті болып, елдің көркіне айналу- кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат.Десек те, сіздің жаһандану үрдісінен қалмай , ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдынан кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болуларыңыз керек.
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «Жалғасын тап – деп аталады» Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?
Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойыны сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.Осыны естен шығармай жүріңдер.
Адамның басшысы – ақыл
Жетекшісі – талап
Жолаушысы - ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – халық.
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Қазақтың белгілі әншілері Қ.Нұртас пен Т.Төреәлінің «Қазақ қызы» әнін проектр арқылы тыңдату.

